Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 10 сабақ.


1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Тақырыбы: Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика

3-сынып

Оқу мақсаттары

3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын білу, түсіну және жақсартып жалғастыру.

Сабақ мақсаттары

Дене жаттығуларын орындау кезінде эстафеталық қозғалыс элементтерін біледі және ойын кезінде жақсартады.

Бағалау критерийлері

эстафеталық жүгіру техникасын біледі және түсінеді;

шапшаң жүгіру техникасын көрсетеді;

жаттығуларды жоғарғы деңгейде орындайды.

Тақырып көлеміндегі әрекеттер

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Спорттық киімдеріне назар аудару.

Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар.

Бұрылыстарды біркелкі орындау.

Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.

Жүрістегі жаттығулар.

Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу.

Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте-бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. Ойын кезінде жұптарды мақтап, мадақтап отыру.

Эстафеталық элементтері бар дене жаттығулары 

Оқушылар жұптарға бөлінеді. Әрбір жұп жүгіру дағдысын дамытуға арналған бірізді жаттығулар кешенін пысықтайды.

Мысалы:

1. Жүгірудің негізгі кезеңдерін қысқаша шолу (табанды жерге қою, итерілу, жамбасты көтеру, денені еңкейту және жүгіру).

2. 30м тура кесіндіде серпімелі қадаммен жүгіру.

3. Кедергілермен жүгіру техникасын көрсету.

Жұпта ақылдасып, жұмыс жасап болғаннан кейін тең екі топқа бөлініп, құрал-жабдықтармен эстафета ойнату.

Белгеленген жерге дейін шығыршықпен кедергілердің арасымен жүгіріп, өз белгілерін айналып келу. Шығыршықты лақтырмай келесі ойыншыға беру.

Жеңіл резенке допты (волейбол добы) шығыршықтың көмегімен жерге домалатып, белгіні айналып келу.

Үлкен резеңке доптың үстіде секіріп, өз белгілерін айналып келуі қажет.

Әр ойыншы колдарына корзина алып, жерде жаткан әр түрлі түсті кагаздардан бір-бір түрінен жинап, белгіні айналып келесі оқушыға кәрзеңкені береді. Барлық ойыншы осылай жинаулары тиіс.

Эстафеталық ойын дискрипторлары:

ойын кезінде қауіпсіздікті сақтайды;

ережені мұқият тыңдап, тапсырманы дұрыс орындайды;

өз командасы үшін жылдап жүгіріп, көшбасшылық танытады

Эстафеталық ойындардың ережесі

Мұғалім белгі бергеннен кейін жүгіру;

Әр ойыншы өз жолымен жүгіру;

Эстафеталық ойындағы тапсырманы мұқият орындау. Егерде ойын ережесі бұзылған жағдайда, сол жерден қайта орындау;

Құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс жасау;

Командасы үшін жауапкершілікті сезіну;

Бір-бірлеріне қолдау көрсету;

Бір эстафетаны аяқтағанда, топта қорытынды жасау, ой бөлісу;

Әр оқушы топта көшбасшылық таныту;

Жылдамдылық, шамшаңдық дағдыларын көрсету;

Бірін-бірі бағалау. (жекелей, топтық бағалау жүргізу)

Оқушылармен бүгінгі сабаққа кері байланыс жүргізу. Крточкалар таратып беру. Рефлексия

Екі жұлдыз

Бір тілек

рефлексиясын жүргізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу