Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 11 сабақ.
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Тақырыбы: Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
3-сынып
Оқу мақсаттары
3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын білу, түсіну және жақсартып жалғастыру.
Сабақ мақсаттары
Түрлі эстафеталық жүгірістерді түсінеді және ойындарға белсенді қатысады.
Бағалау критерийлері
ойын ережесін сақтайды;
жеңіл атлетиканың түрлерін біледі;
эстафеталық ойында белсенділік танытады.
Тақырып көлеміндегі әрекеттер
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Спорттық киімдеріне назар аудару.
Сәлемдесу.
Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар.
Бұрылыстарды біркелкі орындау.
Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.
Жүрістегі жаттығулар.
Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу.
Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте-бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. Ойын кезінде жұптарды мақтап, мадақтап отыру.
Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
Мұғалім әрекеті: Бүгінгі сабақтың мақсатын тағы қайталай отырып, мақсатқа жетуде оқушылармен қимыл-қозғалс ойынын ұйымдастыру.
Ойын ережесі:
«Айдаһар». Оқушылар бір-бірін белінен(белбеуінен) ұстап шынжыр құрайды- бұл «айдахһардың құйрығы». Шынжырдың алдында жүргізуші тұрады – «айдаһардың басы». Жүргізуші барлығын соңынан ертіп қозғалыс траекториясын шеңбер бойымен, кедергіні айнала, «айдаһардың құйрығын» (саптың соңындағы ойыншыны) ұстау үшін шалт бұрылыстар жасап жүреді. Ойында жүгіру міндетті емес.
Дискриптор:
ойынды ережемен ойнайды,
қозғалыс троекториясын белсенді жасайды;
ойында серіктестерімен бірлесе жүгіреді.
Келесі ойын:
Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші оның ортасына өтіп, «Доп жоғарыға» сөзімен допты жоғары лақтырады. Оқушылар осы сәтте шеңбердің ортасынан барынша алыс жүгіріп кетуге тырысады. Жүргізуші допты қағып алып, «Тоқта!» -деп айғалайды. Барлығы тоқтау керек. Жүргізуші орыннан қозғалмастан допты өзіне бәрінен жақын тұрғанға лақтырады. Кімге доп тисе, сол жүргізуші болады. Егер жүргізуші тигізе алмаса, онда ол жүргізуші болып қала береді де, ойын жалғасады.
Қосымша ойын нұсқасы ретінде: Жүргізуші шеңбердің сыртында тұрып, доппен жаттығу жасайды, оқушылар беске дейін санайды. «Бес» дегенде олар тез жан-жаққа қашады. Жүргізуші «Тоқта!» деп айқайлап, жақын тұрған ойыншыға допты лақтырады. Кімге допты тигізс, сол жүргізуші болады. Егер ол тигізе алмаса, ол допқа жүгіреді, осы кезде ойыншылар барынша одан алысқа қашуға тырысады. «Тоқта!» деген белгіге барлығы тоқтайды. Жүргізуші тағыда жақын тұрған ойыншыға тигізуге тырысады. Ойын осылай жалғасады.
Дискрипторлар:
ойынды ережемен ойнайды,
доппен белсенді жұмыс жасайды;
ойында белсенділік танытады.
Тақырыпты өту кезіндегі сабақтардың формасы:
Ойын түрлері;
Жеңіл атлетикаға қатысты ойындар;
Эстафета элементтері бар жарыс түріндегі ойындар;
Құрылымы:
Кіріспе бөлім- ағзаға әсер ететін жаттығулар: жүріс, жүгіру, секіру, ЖДЖ, сергіту-тренинг, мәселе қою;
Негізгі бөлім– шығармашылықты дамыту: эстафеталық жүгіру мен ойын түрінде жарыстар, ойындық сабақтар;
танысу сабақтар (жаңа материалдарды игеру кезінде);
кешенді жаттығулар (нәтижелілікті анықтау);
Қорытынды бөлім – тыныштандыруға арналған жаттығулар.
Эстафеталық ойындардың ережесі
Мұғалім белгі бергеннен кейін жүгіру;
Әр ойыншы өз жолымен жүгіру;
Эстафеталық ойындағы тапсырманы мұқият орындау. Егерде ойын ережесі бұзылған жағдайда, сол жерден қайта орындау;
Құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс жасау;
Командасы үшін жауапкершілікті сезіну;
Бір-бірлеріне қолдау көрсету;
Бір эстафетаны аяқтағанда, топта қорытынды жасау, ой бөлісу;
Әр оқушы топта көшбасшылық таныту;
Жылдамдылық, шамшаңдық дағдыларын көрсету;
Бірін-бірі бағалау. (жекелей, топтық бағалау жүргізу)
Оқушылармен бүгінгі сабаққа кері байланыс жүргізу. Крточкалар таратып беру. Рефлексия
Екі жұлдыз
Бір тілек
рефлексиясын жүргізу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?