Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 12

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім – Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика

Оқу мақсаттары

3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын білу, түсіну және жақсартып жалғастыру.

3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

  • Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін жақсартады және эстафеталық ойындар арқылы дағдыланады.

 Бағалау критерийлері

  • эстафеталық ойындардағы қимылдарды көрсетеді;
  • жаттығуларды орындау кезінде қозғалыс машықтарын түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін салыстырады және көрсете алады

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • физикалық қасиеттер: жылдамдық, күш, төзімділік, ептілік
  • жүгіру, секіру, лақтыру

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

Дене жаттығуларын орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелері сақталуы тиіс?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

-Шығармашылықты нығайту

-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

-Құрмет

-Ынтымақтастық

-Жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Жеңіл атлетикалық жаттығуларды орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді)

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету, іс-әрекетке бағытталған жаттығуларды көрсету.

Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шаралар кезінде алған жеңіл атлетика арқылы қатысу бойынша тәжірибесі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.

Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті. Сұрақ-жауап; эстафеталық ойындар арқылы жүгіру, секіру, лақтыру кезінде, түрлі қозғалыс әрекеттерін қалай орындау керек екендігінің маңызы туралы мәселелер нақтыланады.

Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға жұмылдырады. Қыздырыну жаттығуларын қызықты қимыл ойындары арқылы ұйымдастырады. Мысалы: «Қуып жет!» Оқушылар белгіленген алаңда бір-бірінен қашып жүгіреді. Сәл уақыттан кейін мұғалім ысқырықпен белгі береді, одан кейін оқушылар екі-екеуден жұптасып жүгіреді. Жұпта ажырамай бірге қашып, бірге қуу керек. Ұсталынған жұптар қосылып, бірге басқа жұптарды қуады. Ойын осылай барлық жұптар ұсталынғанша жалғасады.

Тыныс алу, жалпы дамыту жаттығулары оырндалады.

Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін талқылайды.

Тапсырмаларды орындау кезіндегі ойын ережесін, қауіпсіздік ережесін мұқият орындайды.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.

Ысқырық, секундомер т.б

Сабақтың ортасы

25 мин.

Эстафеталық элементтері бар дене жаттығулары

Мұғалім әрекеті: Бүгінгі сабақтың мақсатын тағы қайталай отырып, мақсатқа жетуде оқушылармен құралмен эстафеталық ойын ұйымдастыру. Оқушыларды тең екі топқа бөледі

Әр топ өзінше бірінің артына бірі қатарға тұрады.

Ойын ережесі:

  • Саптың басындағы ойыншы допты қос аяқты ашып, ортасынан допты артындағы серіктесіне береді, соңғы ойыншы қабылдайды да саптың алдына келеді. Белгіленген жерге дейін (5 метр) осылай жалғасады. Белгіге бірінші жеткен топ жеңімпаз.

немесе

  • Топта ойыншылар екі-екеуден үш допты алып жүгірулері тиіс. Екі ойыншы қолдарындағы доптың ортасына тағы бір допты қойып алып, белгіні айналып, допты түсірмей алып келулері тиіс.
  • Топта бірінші ойыншы екі допты құшақтап алып, өз белгісіне апарып қояды, келесі оқушы екі допты алып келеді, келесі оқушы апарады. Ойын осылай жалғасады.
  • Топта ойыншылар екі қолға екі таяқшаны алып, допты сол тяқшаның көмегімен ұстап, өз белгілерін айналып, түсірмей жүгіріп келулері тиіс.

Дискрипторлар:

  • эстафеталық ойында ҚЕ сақтайды;
  • тапсырманы мұқият тиянақты орындайды;
  • доппен жүгіру кезінде икемділік дағыдыларын қалыптастырады.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді. Әр ойын аяқталғанда кері байланыс орнатып отыру. Оқушыларды мақсату, мадақтау сөздері арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізу.

Құрал-жабдықтар мен қондырғылар: секіруге арналған жіптер немесе гимнастикалық орындықтар. Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық, бор, «Қозғалмалы ойындар және эстафета элементтері бар жеңіл атлетика» сілтемесі:

:http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html

Сабақтың соңы

5 мин

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. «Кері байланыс картасын» толтырады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Кері байланыс картасын» таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Бос кеңістік.

Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, жеңіл атлетикалық секірулерді жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар секіру дағдыларын қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Бақылау;

Ынталандыру мадақтары;

Ауызша сындарлы кері байланыс.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу