Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.
Дидактикалық материал №2
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
3-нұсқа
Секіртпемен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары
1. Б.қ. - екіге бүктелген секіртпенің екі ұшынан ұстап, қолды төмен түсіріп тұрады. 1 - секіртпені керіп, қолды алға созу. 2 - жоғары көтеру. 3 - қолды алға созу. 4 – б. қ-қа келу. (6-8 рет орындау).
2. Б.қ. - аяқ иық деңгейінде, секіртпені желке тұсында ұстап тұру. 1-3 - оңға бұрылу. 4 - б.қ.-қа келу. Осылайша сол жақпен орындау. Әр жаққа 5-6 реттен.
3. Б.қ. - аяқты сәл алшақ қойып тұрып, секіртпенің екі шетінен ұстап, қолды арқа жақта ұстау. 1-2 - алға қарай еңкею, артқа шалқаю, қолды артқа созу, жоғары көтеру; басты тура ұстау. 3–4 - б.қ.-қа келу. (6 рет)
4. Б.қ. - негізгі тұрыс, секіртпенің екі ұшынан керіп ұстап, қолды төмен. 1 - тізені екі жаққа аша сәл отыру, қолды жоғары көтеру; 2 - б.қ.-қа келу. (6 рет).
5. Б.қ. – етпетінен жату, секіртпені екі ұшынан керіп, бастан жоғары ұстау. 1-3 - артқа қарай шалқайып, секіртпені жоғары көтеру;
4 - б.қ.-қа келу. (5-6 рет).
6. Б.қ. – аяқты алға созып отыру, секіртпені желке тұсында ұстау; 1 - алға еңкею, секіртпені аяқтың ұшына тигізу; 2 - б.қ.-қа келу. Еңкейген сәтте демді ішке тартып, аяқты созғанда демді шығару. (6 реттен орындау).
7. Б.қ. - қолды бастан асыра созып, шалқадан жату. 1 - қолды, аяқты жоғары көтеріп, аяқтың ұшын секіртпеге тигізу; 2 - б.қ.-қа келу. (6-8 реттен орындау).
8. Б.қ. - қолды бастан асыра созып, шалқадан жату. 1 - қолды жоғары созу, аяқты жоғары көтеріп, аяқты секіртпенің ар жағына өткізу. 3 - б.қ.-қа келу. (6-8 рет).
9. Б.қ. - негізгі тұрыс; екі бүктеулі секіртпені төмен ұстап тұру; 1-2 - қолды жоғары көтеріп, секіртпені арқаға түсіру. 3-4 - б.қ.-қа келу. (6 рет).
10. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, секіртпені екі бүктеп ұстап тұру. Секіртпені еденге параллель түрде айналдырып, секіртпе арқылы оң (сол) аяқпен кезек-кезек секіру. (5-6 рет орындау).
- Жаттығу кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
Секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Секіруге арналған шұңқыр 20-40 см тереңдікте құм топырақпен толтырулы болуы керек. Секірер алдында секіретін шұңқырдағы құм топырақ қопсытылған болуы керек, күректер, тырмауыштар және басқа бөтен заттарды алып тасталуы керек.
Секіру техникасы оқу бағдарламасына сәйкес және оқушының аяғымен түсуін қамтамасыз ету.
Білімалушылар міндетті:
- Тырмаларды ұштарын төмен қаратып жатқызуы;
- Тегіс емес, борпылдақ және тайғанақ топырақта секіруге болмайды, секіріп жерге түскенде қолмен тірелмеуі;
- Мұғалім рұқсат еткен кезде және шұңқырда ешкім болмағанда секіру керек;
- Біреудің жолын кеспей басқа оқушы секірген мезгілде, кезекпен секіру керек;
- Секіріп болғанан кейін тез арада секіретін шұңқырды босатып өз орнына қайтып келіпкелесі секіру әрекетіне жолдың оң және сол жағымен екпін алуға даындалу керек.
4. Оқушыларға жерге дұрыс секіріп түсудің техникасын түсіндіру.
- Тіреусіз секірулер.(Жай) тіреусіз секірулер төрт сатыға бөлінеді: серпілуге дайындықтар, бір немесе екі аяқпен серпілу, ұшу және жерге түсу.
- Серпілуге дайындық. Бір орынан секірушілер сәл ғана отырып қолдарын артқа қайырады. Аяқтары екі иықтың шамасында, басы тік. Егерде екпін керек болған жағдайда оны біртіндеп үдетумен бастау керек, көлденең жылжуына жылдамдықты сонымен қатар секіруді орындауға серпіліске жағдай жасайды. Екпіннің жылдамдығы әдеттегідей 3-4 м/с аспайды. Екпіннің ұзындығы 3-7 жүгіру адымы аралығында болады. Екпінді аяқтың алдыңғы жағын қаз қатар қойып орындау керек. аяқтың ұшымен жүгіру табанның «рессорлық» қасиеттерін пайдаланып қажетті жылдамдықты жақсы, тез септігін тигізеді.
- Серпілу. Ұзындыққы немесе биіктікке екпінмен серпіліп секіруді орындаған кезде бір аяқпен өкшеден аяқтың ұшына аудара орындалады. Сермеу аяғы мен қолы қуатты түрде жоғары, алға көтеріледі. Бір орынан ұзындыққа және биіктікке серпілу қосаяқпен орындалады. Серпілу кезінде табанды сыртқа қарай басуға болмайды себебі ол серпілістің тиімділігін төмендетеді.
- Ұшу-секірудің тіреусіз сатысы. Секірушінің ұшу кезіндегі іс-әрекетті дененің тепе-теңдік динамикасының жақсаруына, секірудің дұрыс орындалуына бағытталады.
- Жерге түсудің бастау төсенішке немесе еденге аяқтың тиуі мезгілінен және соққының жұмсартуымен аяқталады, сонымен қатар қозғалыстағы дененің жылдамдығы уақытылы азаяды.
- Бір орынан биіктікке секіру. 1. Деңгейге немесе жіпке қарсы тұрып, қос аяқты бүге серпіліп секіру. 2. Жанымен тұрып, аттап секіру. 3. Аяқты алшақтатып бүгіліп. Топтастырып, 180 және 360 айналып сеіру. 4. Әр түрлі кедергілерден секіру: төсеніштер жиынтығы, гимнаститкалық ат, ат, томар және тағы басқа гимнастикалық снарыдтар. Деңгейдің немесе басқа кедергілердің биіктігі білімалушылардың қозғалмалы мүмкіндіктеріне сәйкес болу керек.
- Биіктікке деңгейден немесе жіптен екпінімен секіру (кедергіге алдымен қарсы тұру). 1. Бір аяқты бүгіп серпіліп секіру. 2. Солай қос аяқпен. 3. Бір аяқпен серпіліп, бүгіліп секіру (гимнастикалық секіру). Бұл секіруді орындау үшін көпіршені деңгейден аяқтың алға ұмтылған қашықтығына орналастырады. Деңгей немесе жіпті бірінші әрекет үшін 40-60 см биіктікке орналастырады. Содан кейін біртіндеп биіктікке көтеріледі.
- Ұзындыққа секіру (бір орыннан және екпінмен) алға, артқа бір жанына, бір немесе қос аяқпен орындалады. Солай алысқа немесе тапсырмалы қашықтыққа. Гимнасимкалық төсенішке түсуі шарт. Секірудің ұзындығын біртіндеп көбейту керек.
- Трамплиннен секіру. Жаттығушылардың жәй көпіршеден серпілуді үйренгеннен кейін қолдану керек. Трамплиннен секіргенкезде күштің және снарядтың серпілісін пайдалану қажет, ол биік басылумен ғана жетіледі. Аяқтар түзеуге жақын толық табанмен трамплинге тиеді. Секірулер орындалады: бүгіліп, аяқты бүгіп, аяқты алшақ, еңкейіп, аяқты артқа бүгіп, 180 немесе оданда көп градусқа бұрылып. Секірулер басында орыннан үйретіледі (трамплинде тұрған күшінде) сосын кішкене (2-3 адымнан) басқаннан кейін және сосын екпінмен орындалады. Жерге түсетін орынға міндетті түрде 1-2 гимнастикалық төсеніш болуы тиісті.
- Биіктіктен немесе тереңдікке секіру (гимнастикалық отырғыштан, аспалы көпіршеден, томардан, аттан және т.б.) отырған, жартылай отырған немесе жалпы тұру алға, артқа, бір жанына қарай орындалады. Қос және бір аяқпен серпіле. Қиғаш баспалдақтан ілініп, биіктіктен гимнастикалық қабырғаға айналмай және айналып секіру. Биіктіктен аяқты бүгіп, ақты алшақ, бүгіліп, еңкейіп, аяқты артқа бүгіп және т.б. секіру. Биіктіктен допты қағып алып секіру, көзді жұмыпсекіру және т.б. Оқытуды кішкене биіктіктен (сурет.135) жәй бастапқы қалыптан және секіру фигураларын қиындатпаған дұрыс.
Ұзындыққа секіру техникасы.
Дұрыс орындауы | Негізгі қателіктер |
1. Ойыншылар гимнастикалық орындықтарға қонып отырады. | Ойынды белгі бермес бұрын бастап кетуі «Тауықтар» бірде сырғауылдарға дұрыс отырмауы. Ойын кезінде бірде жерге дұрыс түспеуі. Қатты жүгіріп кетпеуі Ойыншылар скамейкада отырғанда бірін-бірі итермеуі Гимнастикалық скамейкадан қайтақайта түсе беруі Сырғауыларға бірнешеуі отыруы Жан жағына қарамауы |
2. «Түлкі» қорада отырған «тауықтарды» ұстап әкетуі | «Түлкіден» қашуды жылдам бастап кетуге болмайдыОқыс қозғалуыГимнастикалық орындықтарда дұрыс отырмауы Гимнастикалық орындықтан түсіп қашпауы Ойыншылар бір аяғын жерге дұрыс тигізбеуі «Түлкі» «тауықты» дұрыс ұстамауы Ойыншылар ұстағанда тартып алып кетпеуі Күрделі қимыл жасамауы Тепе-теңдікті сақтамауы |
3. Жеңіске жетуі «түлкінің» көп «тауықтарды» апанына жинауы | Апанның алыс болмауы Сырғауылдардың дұрыс қойылмауы Апанның іші кеі болмауы Көп «тауықты» жинағанын қадағаламауы «Тұлкі» ойыншысын дұрыс сайламағаны «Тауықтарды» дұрыс іріктемеуі Ойыншыларды тең бөлмеуі Тез қимылдайтын ойыншылардың бір жаққа көбейіп кетуі Жәй қимылдайтын оқушыларды қадағаламауы |
- Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
- Дене қыздыру жаттығулары
- Жүру түрлері
- Аяқтың өкшесімен
- Сыртқы қырымен
- Аяқтың ұшымен
- Жартылай, толық отырып жүру
- Жүгіру
- Арнаулы жүгіру жаттығулары.
- Тынықтыру жаттығулары
- Орнында жасалатын жаттығулар.
- Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
- Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
- Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
- Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
- Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
— Сабақты қорытындылау
— Үйге тапсырам беру
— Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»
http://ktonazdorovogo.ru/kartoteka-podvizhnyx-igr-s-pryzhkami-dlya-detej.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?