Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар. Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсінікте
Оқу мақсаттары:
3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету
3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну
Сабақтың мақсаты:
Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді
Жаттығулардың сауықтыру пайдасын, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін көрсетеді және түсінеді
Бағалау критерийлері:
- денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;
- жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.
- дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін көрсетеді;
- жаттығулардың сауықтыру пайдасы, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін түсінеді.
- Сабақтың басы.
Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .
1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.
4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде
5. Жылдамдыққа жүгіру
6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.
Әдістемелік нұсқаулық
Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.Жеңіл атлетика1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.10. Жауын - шашында күндері лақтыратын құрал - жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
2. Сабақтың ортасы.
Әдістемелік нұсқаулық.
1. Ойын ережесін түсіндіру.
2. Оқушыларды екі топқа тең бөлу.
3. Санамақ арқылы жүргізушіні сайлап алу.
4. Ойыншылар шеңбер жасап тұрады.
5. Ойын жүргізушінің шеңберді айнала жүруінен басталады.
6. Ол жүгіріп келе жатып орамалды бір ойыншының иығына іле кетеді.
7. Иығына орамал ілінген ойыншы орамалды ала салып, ойын жүргізушіге қарама-қарсы бағытта шеңберді айнала жүгіреді.
8. Осы кезде шеңберде тұрған ойыншылар оның босаған орнына жылжып тұра қояды.
9. Ал қарама-қарсы жүгіріп келе жатқан екі ойыншының қайысы әлгі жабылып қалған орынды дәл тауып тұра қойса, сол жеңіске жетеді.
10. Ойынды әрі қарай ұмтылған бала жалғастырады.
3.Сабақтың соңы.
Сабақты қорытындылау.
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары № 3Дене шынықтыру
Сынып: ____3_____ Күні: ___________
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
1.Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсінікте
2.Оқу мақсаттары:
3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету
3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну
Сабақтың мақсаты:
Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді
Жаттығулардың сауықтыру пайдасын, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін көрсетеді және түсінеді
Бағалау критерийлері:
- денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;
- жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.
- дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін көрсетеді;
- жаттығулардың сауықтыру пайдасы, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін түсінеді.
Ойлау деңгейінің дағдысы: түсінеді, қолданады
№ 1 Тапсырма: Жүргізушіні сайлап алу, шеңбердің сыртынан жүгіріп бос орынду табу.
№ 2 Тапсырма: Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады, ал жүргізуші иғындағы ормалды бір ойыншының иғына илу керек, босаған орын қалдырмау.
№ п/п | Аты-жөні оқушының |
| |||||
Қауіпсздік ережесінің техникасын сақтайды | Шеңбер жасауды біледі Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады. | Техникалы дұрыс орындайды | Өз-өзінің іс-әрекетін бағалайды, жіберген қателерін анықтайды, ілгерідегі әрекетін түзетеді | ||||
1 | |||||||
2 | |||||||
- Қорытындыны белгілеу үшін мына белгідерді пайдалануға болады:
- V - (өте жақсы)
- Z – (жақсы)
- S - (әліде жұмыстану керек)
Қозғалмалы ойындар ғаламторына сілтеме:
http://bilimdiler.kz/balabaksha/5085-kimyldy-oyyndar.html
Біз де – ойыны.Бұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға болады. Ойынға қатысатын балалар қаз қатар отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады. Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса, үндемеулері керек. «Біз де» сөзін айтып қалса, онда айып тартатын болады. Ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп береді.Ойын бастаушы: мен көлге барамын.Балалар: біз де.Ойын бастаушы: онан үйрек ұстап аламын.Балалар: біз де.Ойын бастаушы: үйректің жарымын күшігіме беремін.Балалар: біз де.Ойын бастаушы: күшігім жейді.Осы кезде біреу; «біз де», деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?