Таза ауадағы дене тәрбиесі. (Іс-әрекеті). Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар

8-бөлім – Денсаулық және дене белсенділігі.

Ортақ тақырып:

Саяхат

Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Таза ауадағы дене тәрбиесі (іс-әрекеті).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1 Қарапайым дене жаттығуларында негізгі қозғалыс дағдыларын орындау және жалпылау.

2.3.4.1 Дене жаттығуларының сауықтыруға пайдасын талқылау және сипаттай алу.

Сабақ мақсаттары

Балалардың физикалық әрекеттерін дамытуға арналған көңілді ойындар ойнату.

Бағалау критерийлері

  • қарапайым дене жаттығуларын орындайды;
  • дене дамуына ықпал ететін пайдасын талқылау және сипаттау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Физикалық жүктемелердің кең ауқымы негізінде оқушылардың денсаулықты жақсарту туралы түсінігін талқылау, көрсету.

  • Пән лексикасы және терминология
  • жүгіру, асықпай баяу жүгіру, жүру, жай жүріс
  • секіргіш арқылы секіру, тырпылдау, қолмен дриблинг, галоп
  • жүрек соғысы, жүрек соғысының жиілігі, дем алу кезіндегі жүрек соғысының жиілігі, жүректің жұмыс кезіндегі соғысы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіз өзіңізді осы жаттығулардан кейін қалай сезінесіз ... қалжыраған ... екпінді ... бақытты?
  • Физикалық белсенділік бізге едәуір бақытты болып сезінуге көмектесе ала ма?
  • Біз қандай физикалық мүмкіншіліктерді дамытарымызды білесіз бе?
  • Жүгіруді қамтитын осындай жаттығуды орындау барысында баланың жүрек соғысының жиілігі қалай артады?

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салты маңызынан хабардарлық (дене,ой, қатынас);

Жеке, жұпта және топпен жұмыс істеу қабілеті және достарына деген құрмет.

Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру

Оқушылардың Рухани - адамгершілік құндылықтарын және патриоттық сезімін ұялатуға, бір-бірін құрметтеуге, топтық жұмыс дағдыларын жауапкершілікке және өзара түсіністікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы

 Алдын ала білу керек

Оқушыларға осы бөлім бойы салауатты өмір салтының маңыздылығын машықтандыру, тану және көрсету ұсынылады. Оқушылар жүрек пен өкпеге пайдалы физикалық іс-әрекетке қатысады, сабақта кедергілер мен доптар қолданылады. Оқушылар өз жұмыстарын, ағзаларындағы өзгерістерді зерттеген кезде жүрек жұмысының ғылыми аспектілеріне жеке, топтық, командалық физикалық жүктеме арқылы кіріспе жасалады. Оқушыларға осы бөлім бойы шығармашылық таныту, салауатты өмір салтына бағытталған өздерінің, басқа оқушылардың идеяларына қатысу ұсынылады.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Дайындық бөлім:

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Оқушылармен «Айна» ойынын ойнау арқылы ЖДЖ орындау кезінде бір біріне түсіндіре сөйлеу арқылы, қалай орындалуы жайында жеткізу.

Мұғалімге ысқырық, секундомер, тексеру журналы.

Сабақтың ортасы

Ашық ауадағы физикалық әрекет.

(Д, К, Ф) Ойынға ұзындығы 3-4 м болатын жіп қажет, оның ұшында бұршақ немесе құм толтырылған қапшық бар. Ойынға қарапайым секіргішті пайдалануға болады. Бұл балықшы (жүргізуші) басқа балықшыны (басқа ойыншыларды).ұстайтын қармақ. Барлық ойыншылар шеңбер бойы тұрады, ал жүргізуші шеңбердің ортасында қолына жіпті ұстап тұрады.

Жүргізуші қапшығы бар жіпті еден бойы жылжуы үшін ойыншылардың аяқ астында шеңбер жасап, айналдырады. Олар қапшықтың қозғалысына ерекше назар аударады, оларды басып кетпес үшін секіреді. Қапшықты немесе жіпті басып кеткен оқушы ортаға тұрып, жіпті айналдыра бастайды, ал бұрынғы жүргізуші оның орнына шеңберге барады.

Соңғы қалған екі, үш ойыншы жеңеді.

Егер жіп тізеден төмен аяқтың бөлігіне тиіп кетсе, ойыншы ұсталған болып саналады.

(Д, К, Ф) Қазақтың ұлттық ойыны - Тиынды көтер (Куме алу)Салт аттылар сигнал бойынша старттың шартты сызығынан шауып барып, шамалары жеткенше орамалда оралған, алаң бойы ойын мақсатында лақтырылған көбірек тиынды жинап үлгеруі керек. "Куме алу" ойынының балаға арналған нұсқасы келесідей қорытындыланады: алаңда финиш және старт сызығы сызылады. Ойын алаңы бойында тиындар жайылады. Балалар старт сызығы бойына тұрады және "старт" бұйрығы бойынша аттағы шабандоздарды бейнелеп (гимнастикалық таяқты ат ретінде аяқтарының арасына ұстайды) алаң бойына финиш сызығына жүгіріп барады, "шауып бара жатып" тиындарды жинайды. Тоқтамастан "шауып бара жатып" көп тиынды жинап, финишқа жететін оқушы жарыстың жеңімпазы саналады. Оқушылар финиш сызығына жеткенше ат үстінде шауып бара жатқандай болуы және тиынды көтергенде тоқтамауы керек.

Оқушылардың ережені қаншалықты жақсы түсінгендерін сұраңыз? Олардың сіздің ойыныңызды түсінуін, ойынға қатысуын бағалаңыз: жұлдыз (ойында жақсы орындап шыққан бір әрекет) бен тілек (жақсырақ орындап шыға алатын бір әрекет)

Ысқырық, секунд өлшеуіш, секіргіш, үлкен кең ойын алаңы.

Бағаналар, доптар.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушыларға сұрақтар: Біздің ойындарымызда неліктен ережелер бар? Сіздерге ойын қызықты болды ма және несімен ? Ойында не үйрендіңіздер және қалай?

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: қол, дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

.

Қозғалмалы ойындарындағы тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, орындалу сапасы, бірлескен ойындарда тапсырмалардың мағынасын ашу. Орындалуын анықтау.

Қабілеті жоғары оқушылар қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Дағдыларын дамытуға ынталану. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі іс-қимылдардың орындалуына байланысты қойылған.

Оқу мақсаты оқушыларға түсінікті, белсенді түрде ынталанып қол жеткізді.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт толығымен жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалардың орындалу сапасын бақылау, саралау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жекелей, топтық тапсырмалардың орындалу сапасы.

2: Жаттығулардың орындалу ретінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап тапсырмалар беру.

2: Тапсырмалардың орындалуына ықпал ететін факторлар. Тапсырманың мағынасын ашу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың ішкі жағдайына, оқушылардың үнін есту, жекелеген оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Тапсырманың орындалуына байланысты сұрақтар қою. Тапсырманы бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу