Ойындар – аттракциондар. Көрнекті ойындар. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Бастаушы және күрделі қозғалмалы ойындар.

Ортақ тақырып: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Б.С.

Сынып: 2

Қатысқандар cаны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойындар – аттракциондар. Көрнекті ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.1. Қозғалыс қызметіндегі міндеттерді, рөлдерді ажырату және түсіну.

2.1.2.1 Дене дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығулар жинағын орындау және тусіну.

 Сабақ мақсаттары

Қозғалыс қызметіндегі жаттығулар жинағын орындау, ойындарда рөлдерді ажырату, дене дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығуларды үнемі орындау.

 Жетістік критерийлері

Ойындар барысында рөлдер мен міндеттерді ажыратады, дене дпмуына ықпал ететін жаттығуларды ойын барысында пайдасын талқылайды және сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушыларды зерттеу диалогымен қамтамасыз ету (мысалы, жүгіру, тез жүру, жай жүру, жай серуендеп жүру,

теңселу, еңкею, созылу).

 Құндылықтарды дарыту

 

  • Ойын барысында өзгелер көзқарасына құрмет және өзгелерге міндеті тарапынан жауапкершілік сезімі.

 Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану, жас өспірімдер физиологиясы.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ дене тәрбиесіндегі теориялық және практикалық сабақтарында қолдану (бейне, презентация, график, кесте, қосу динамикасы);

Алдын ала білу керек

Іс-қимыл белсенділігі кезінде денені бақылаудың іс-қимыл дағдыларының диапазоны бөлімнің барлық бөлігінде қолданылады: айналу, лақтыру, дриблинг, соққылар. Оқушыларға әртүрлі іс-шараларда шығармашылық тәсілдемені өздерінің іс-қимыл дағдыларын байланыстыру және топтық, жеке жұмыс барысында ережені, динамикалық өзгерістерді зерттеу арқылы таныту ұсынылады.

Жоспарлардағы әрекеттер.

Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс.

Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері.

Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау:

Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары.

Екі қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш.

Сабақтың ортасы

«Ұсталмайтын бау»

(К, Г) Жерге ұзындығы 2 м бауды қояды, баудың екі жағынан оның ұштарына қарай бір-бірден жарысқа қатысушылар тұрады (бау ойыншылардың тізелерінің арасында болады).

Ойынның мазмұны. Ойыншылар жетекшінің нұсқаулығы бойынша әрекеттерді орындайды (қолдары алға, екі жаққа, жоғары, белге және т.б). Ойыншының сигналы бойынша ойыншылар жылдам иіледі және бауды аяқ астарынан суырып алуға тырысады.

Мұны бірінші орындайтын адам жеңеді.

Ойынды топпен жүргізуге болады.

(И, Г, П) Еденде диаметрі 40—60 см шеңбер сызылады. Шеңберде көздері байланған ойыншылар тұрады.

Жетекшінің сигналы бойынша ойыншы шеңберден шығып, 8 қадам алға басуы керек және қайтадан шеңберге келіп, 8 қадам артқа жасауы керек.

Шеңберге қайып келе алған ойыншы жеңеді.

Еркін ойын алаңы.

6-8 метр бау.

10-20 дана текше пішінді заттар, қалашықтар немесе конустар.

Спорткешені Авангард

http://avangardsport.at.ua/

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім қозғалмалы ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге, жетістіктерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын дамытуға нұсқаулар беру, бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, қозғалмалы ойындарды жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу