Жабдықтар пайдалану арқылы ойындар. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Бастаушы және күрделі қозғалмалы ойындар.

Ортақ тақырып: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Б.С.

Сынып: 2

Қатысқандар cаны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жабдықтар пайдалану арқылы ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.3.1 Әділ ойында тактика мен стратегия элементтерін түсіну.

2.2.2.1 Бірлескен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді түсіну және ажырату.

 Сабақ мақсаттары

Ойындар барысында тактика мен стратегия, топтық жұмыстарда көшбасшылық қасиеттерді пайдалану.

 Жетістік критерийлері

Спорттық жабдықтарды ойындарда дұрыс пайдаланады, белсенді қимылдайды, белсенді әрекеттерде көшбасшылық қасиеттерді пайдаланады.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілге қатысты оқу дағдыларын оқыту (мысалы: жүгіру, жүру,

төменнен лақтыру, соққы, айналу сөздік дағдылары).

 Құндылықтарды дарыту

 

Ойын барысында өзгелер көзқарасына құрмет және жеке, жұпта, командада жұмыс істеу қабілеті.

 Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану, жас өспірімдер физиологиясы.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Алдын ала білу керек

Бұл бөлім оқушыларға қимыл-сын дағдыларын дамытуға бағытталған бірқатар ойын әрекеттері арқылы координацияны дамытуға көмектеседі. Бұл дағдылар олардың болашақтағы белсенді әрекеті үшін негіз болады (қанша және қаншалықты жақсы қатысады).

Жоспарлардағы әрекеттер.

Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс.

Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері.

Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау:

Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық.

Сабақтың ортасы

(Г, К, Ф) «Допқа түс». Ойыншылар 2 топқа бөлінеді және бір-бірінен 18-20 м аралықтағы қарсы жақта сапта тұрады. Ойыншылардың аяқтарының алдында сызықтар жүргізіледі, ал алаңның ортасында волейбол добы болады. Бір топтың ойыншылары (жеребе бойынша) кішігірім доп алады. Жетекшінің сигналы бойынша ойыншылар допты волейбол добына лақтырады, оны қарсы топқа домалатуға тырысады. Басқа топтың ойыншылары тасталған доптарды жинайды және сигнал бойынша оларды да волейбол добына лақтырады, оны кері домалатуға тырысады. Осылай, кезекпен топтар доптарды қажетті лақтыру саны бойынша лақтырады. Ойын ұзақтығы 8—10 мин. Допты қарсы тұрған топтың сызығынан дөңгелетіп апара білген топ жеңеді.

(Г, П, Ф) «Күзетшілер мен барлаушылар». Ойыншылар «барлаушылар» мен «күзетшілер» деген екі топқа бөлінеді және бір-бірінен 18-20 м аралықтағы екі қарсы жақта сапта тұрады. Сап алдында үш қадамда сызық жүргізіледі, ал ортасында сызылған шеңберде волейбол добы салынады. Топтағы ойыншылар нөмір реті бойынша саналады. «Барлаушылар» тобының міндеті — допты өз сызығына алып кету, басқа топтағы ойыншылардың міндеті — бұған қарсы тұру. Мұғалім нөмірді дауыптап атайды, қарсы тұрған ойыншылар (осы нөмірді ұстап тұрғандар) допқа жүгіріп келеді. Егер «күзетші» үлгермесе, «барлаушы» допты ұстап алады және онымен бірге өз үйіне жүгіріп келеді, ал «күзетші» тұтқын болады, «барлаушының» артына тұрады. Егер екі ойыншылар да бір мезетте ортаға жүгіріп шықса, «барлаушының» міндеті бірқатар жаттығуларды (қолмен қимылдау, бір орында секіру және айналу, алға қарай қозғалу және т.б) орындап болған соң, «күзетшінің» назарын аудару (ол осы қозғалыстарды «барлаушының» артынан қайталайды) және допты алып кету болады. Егер «барлаушы» допты ұстап алса, бірақ «күзетші» оған жетіп, қолмен ұстаса, «барлаушы» тұтқынға түседі, болмаса, ол жарыста жеңеді. Ойын барлық нөмірлер ойынға қатыспайынша жалғаса береді. Тұтқынға түскендер есептеледі және өз топтарына жіберіледі. Ойын қайталанады, ойыншылар рөлдерімен ауысады.

Ойынға бір волейбол добы және оқушылар санының жартысына тең болатын теннис добы керек.

Жеткілікті түрде кең ойын алаңы, волейбол добы, бор керек және қажет болса, ойынды секунд өлшеуіш уақытында өткізу керек.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім командалық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге, жетістіктерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын дамытуға нұсқаулар беру, бақылау. Осы ойындарға байланысты басқа да баламалы нұсқаларды ұсынуға ұсыныстар жасау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының үйлесімділігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша белсенді орындау, қозғалмалы ойындарды жалпылау. Командалық ойындардағы тапсмырмалардың күрделі тұстарына мән беру. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қайталап, орындалуын өз бетінше, нұсқаларын көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Күрделі тапсырмаларды орындауға бейім болу. Талаптарға сай орындалуына көңіл бөлу.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Жабдықтардың талапқа сай болуын қамтамасыз ету.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу