Көрнекті ойындар. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар

6-бөлім –Бастаушы және күрделі қозғалмалы ойындар.

Ортақ тақырып:

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті.

Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Көрнекті ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.1. Қозғалыс қызметіндегі міндеттерді, рөлдерді ажырату және түсіну.

2.1.2.1 Дене дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығулар жинағын орындау және түсіну.

Сабақ мақсаттары

«Ұсталмайтын бау» ойында қозғалыс қызметіндегі міндеттерді, рөлдерді түсіндіру.

Бағалау критерийлері

  • қарапайым дене жаттығуларын орындайды;
  • қозғалыс қызметіндегі рөлдерді ажырата, міндеттерді сипаттайды, орындайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

соққылар, аяқпен соғу, лақтыру, айналу және дриблинг сияқты кейбір іс-қимыл дағдыларын түсінуді сипаттау және көрсету

Пән лексикасы және терминология

  • дененің бөліктері: қолдар, аяқтар, тізелер, бас, саусақтар, саусақ ұштары
  • жүгіру, жүру
  • ереже, қатер, қауіпсіздік

Құндылықтарды дарыту

Қимылдар, (дене,ой, қатынас) таңдаулар мен шешімдерде тәуелсіздік;

Жеке, жұпта және командада жұмыс орындау қабілеті;

Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру

Оқушылар өмір бойы білім алуға, адами қасиеті жоғары,бір-бірін құрметтеуге, командалық жұмыс дағдыларын жауапкершілікке және өзара түсіністікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, математика, жас өспірімдер физиологиясы.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғалам торды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Спорт кешені Авангард

http://avangardsport.at.ua/

Бастапқы білім

Іс-қимыл белсенділігі кезінде денені бақылаудың іс-қимыл дағдыларының диапазоны бөлімнің барлық бөлігінде қолданылады: айналу, лақтыру, дриблинг, соққылар. Оқушыларға әртүрлі іс-шараларда шығармашылық тәсілде мені өздерінің іс-қимыл дағдыларын байланыстыру және топтық, жеке жұмыс барысында ережені, динамикалық өзгерістерді зерттеу арқылы таныту ұсынылады. Арнаулы іс-тәжірибеге, анықтыққа, биіктікке және қашықтыққа ерекше көңіл аударылады.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Комплекстік жаттығу №16-18.

Мұғалімге ысқырық, секундомер,

тексеру журналы.

Сабақтың ортасы

Ойындар аттракциондар

«Ұсталмайтын бау»

(К, Г) Жерге ұзындығы 2 м бауды қояды, баудың екі жағынан оның ұштарына қарай бір-бірден жарысқа қатысушылар тұрады (бау ойыншылардың тізелерінің арасында болады).

Ойынның мазмұны. Ойыншылар жетекшінің нұсқаулығы бойынша әрекеттерді орындайды (қолдары алға, екі жаққа, жоғары, белге және т.б). Ойыншының сигналы бойынша ойыншылар жылдам иіледі және бауды аяқ астарынан суырып алуға тырысады.

Мұны бірінші орындайтын адам жеңеді.

Оқушыларға сұрақ: Ойын кезінде қандай дайындықта боласын дар ? ойын кезінде қай дене мүшелерің жұмыс жасайды (атқарады)?

Ойынды топпен жүргізуге болады.

(К, Г) Әр ойыншының алдында бес қалашық болады. Ойыншылардың көздерін байлайды. Жетекші ойыншыларға соқыр тәуекелмен жатқан қалашықтардан қандай да бір фигураны жасауға ұсыныс жасайды, мысалы, «құдық» немесе «зеңбірек». Мұны бірінші орындайтын ойыншы жеңімпаз болады.

(И, Г, П) Еденде диаметрі 40—60 см шеңбер сызылады. Шеңберде көздері байланған ойыншылар тұрады.Жетекшінің сигналы бойынша ойыншы шеңберден шығып, 8 қадам алға басуы керек және қайтадан шеңберге келіп, 8 қадам артқа жасауы керек.Шеңберге қайып келе алған ойыншы жеңеді.

Мұғалімге нұсқаулық: Ойында доппен жасалатын әртүрлі қозғалыстарды қолдануды үйрету. Өз әрекеттерін серіктестің әрекеттерімен үйлестіру қабілетін дамыту, қарсыласу сезімін дамыту. Ойын жетекшінің сигналы бойынша басталады. Аяқты көлбеу кезінде иілуге болмайды.Ойын ережелері: Ойын жетекшінің сигналы бойынша басталады. Белгіленген уақыт ішінде қатаң түрде ойнайды. 40 с ішінде 10 қалашықтан екі фигура жасау тапсырмасын да беруге болады.Ойынды топпен жүргізуге болады.Ойын ережелері: Ойын жетекшінің сигналы бойынша басталады. 8 қадамды міндетті түрде жасау керек. Шеңберге сызықты баспастан тұрған ойыншы жеңімпаз болады.Ойынды топпен жүргізуге болады.

Еркін ойын алаңы.

6-8 метр бау, мұғалімге арналған ысқырық

10-20 дана текше пішінді заттар, қалашықтар немесе конустар

Спорт кешені Авангард

http://avangardsport.at.ua/

Сабақтың соңы 5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушыларға «Арқаға сурет салу»

Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.

Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.

Үйге тапсырма: қол, дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

.

Қозғалмалы ойындарындағы тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, орындалу сапасы, бірлескен ойындарда тапсырмалардың мағынасын ашу. Орындалуын анықтау.

Қабілеті жоғары оқушылар қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Дағдыларын дамытуға ынталану. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі іс-қимылдардың орындалуына байланысты қойылған.

Оқу мақсаты оқушыларға түсінікті, белсенді түрде ынталанып қол жеткізді.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт толығымен жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалардың орындалу сапасын бақылау, саралау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жекелей, топтық тапсырмалардың орындалу сапасы.

2: Жаттығулардың орындалу ретінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап тапсырмалар беру.

2: Тапсырмалардың орындалуына ықпал ететін факторлар. Тапсырманың мағынасын ашу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың ішкі жағдайына, оқушылардың үнін есту, жекелеген оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Тапсырманың орындалуына байланысты сұрақтар қою. Тапсырманы бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу