Қызықты жаттығулар, нысанды басқару және кедергілер сызығы. Дене шынықтыру, 1 сынып, сабақ жоспары.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене
шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ № 64
IV –тоқсан. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: Тәннің саулығы. | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: 18.05.2016.ж. | Мұғалімнің аты-жөні : Ахметов Б. С | ||||||
Сынып: 1А | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Қызықты жаттығулар, нысанды басқару және кедергілер сызығы. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Денсаулық пен дене формасын қолдау көзқарасын танытып, дене әрекеттерін орындау кезінде өзін-өзі сезінуін сипаттай және талдау білу (4e). | ||||||
Сабақ мақсаттары | Денсаулық туралы түсінік пен байланыстырып дене жаттығуларын орындау кезінде өзін-өзі сезінуін есте сақтау және сипаттау. | ||||||
Жетістік критерилері | Білу және түсіну. Дене жаттығулары барысында байқалған кем дегенде екі сезімді сипаттайды; Қолдану. Осы сезімдердің кем дегенде біреуін тиісті денсаулық ұғымымен байланыстырады. | ||||||
Тілді толық ортаға енгізу | Тақырыбы: 8-бөлім: «Дені саудың – жаны сау». | ||||||
Тілдік мақсаттар
| тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мәселен, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау); | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Күш, төзімділік, иілгіштіктің арнайы денсаулық контекстіндедағдылар мен хабардарлықты дамыту үшін оқушыларды түрлі физикалық жаттығуларға қатыстыру мүмкіндігі бар. Оқушылардың дағдыларын, білімін, денсаулық түсінігін дамыту үшін арнайы контекстілерді ұсынады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі. Дүние тану. | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар үй мен балабақша қабырғаларында да алдыңғы бөлімдерде де денсаулық түсініктері мен негізгі білімді дамытқан деп күтіледі. | ||||||
Сабақ барысы Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,Тәж -оқушы тәжірибесі, К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау. | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. | Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық. | |||||
Сабақ ортасы
| Негізгі бөлім: 18-20 мин. (Б, Т, Жж) Оқушылар қөптеген қызықты жаттығуларды орындайды: Тірек-қозғалыс дағдыларының көп түрлері (секіру, өткізу, шоқырақтау, секіру, алдау); қол ұстасып жұппен жүгіру; піл/тышкан/ат сияқты жүгіру; ысқырық естіген кезде бағытты өзгерту; тез ырғақпен жүру, асықпай жүгіру конуспен белгіленген жолдан секіру. (Т, Ж, ф) Пайымдау: Топта қызықты жаттығуларды кім жақсы жасайды? Қызықты жаттығулар дағдыларын жақсарту үшін не істеуім керек? Бұл қызықты жаттығуларда біз қандай денсаулық дағдыларын дамытамыз? (төзімділік, күш, координация, жылдамдық, реакция уақыты?). қызықты жаттығулардан кеін қандай дене өзгерістерің байқайсын? (температура- маңдайынды ұста, қатты ыстық па? Жүрек соғуының жиілігі- кеуденің сол жағына қолынды қой, өте тез бе?). | Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Керекті жабдықтар: мысалы, доптар,қап-орындықтар, конустар, маттар. | |||||
Сабақтың соңы | Қортынды бөлім: 5-7 мин. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Оқушалардан бұл жаттығуда қандай тәуекел бар екенін және оны қалай азайтуға болатынын сұрау. Оқушылар таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау. | ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | |||||
Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша дұрыс, біркелкі орындау, дағдыларын қайталау. Бір-бірімен жоғарғы деңгейдегі қарым-қатынас. | Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу, еркін ойларын жеткізу. | Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Дене қуатын үнемдеу шарттары. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?