Күш, төзімділік және икемділік. Дене шынықтыру, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Дене шынықтыру 8-бөлім: Тәннің саулығы

Тақырыбы: «Күш, төзімділік және икемділік »

Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалім аты-жөні:Биятов Р.Г.

СЫНЫП: 1

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Оқу мақсаттары

Бірқатар денешынықтыру жаттығуларын жасау кезде талап етілетін қарқындылықты анықтау

Бірқатар денешынықтыру жаттығуларын жасау кезде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

Қарапайым жалпы-дамыту жаттықтыруларын орындай алады.

Ойынның шартын орындай отырып командада жұмыс жасай алады.

Оқушылардің көпшілігі келесіге қабілетті:

Қарапайым жалпы-дамыту жаттықтыруларын орындай алады және оның жасаудың қажеттілігін түсінеді.

Ойынның шартын орындай отырып командада жұмыс жасай алады.

Кейбір оқушылар келесіге қабілетті:

Қарапайым жалпы-дамыту жаттықтыруларын орындай алады және оның жасаудың қажеттілігін түсінеді.

Физикалық жаттығуды жасау кезінде өз сезінуін суреттей алады.

Ойынның шартын орындай отырып командада жұмыс жасай алады.

 Тілдік мақсат

Оқушылар тірек-қозғалыс дағдыларының не екенін түсінгендіктерін сипаттай және көрсете алады.

Кілт сөздер мен тіркестер:

тірек-қозғалыс дағдысы, тепе-теңдік, пішін, бас, қол, аяқ, толық дене, иық, екі аяқпен секіру, қоян секіруі, жанмен шоқырақтау, сырғу, секіру, қауіпсіз.

тірек-қозғалыс дағдысы, тепе-теңдік, пішін, бас, қол, аяқ, толық дене, иық, екі аяқпен секіру, қоян секіруі, жанмен шоқырақтау, сырғу, секіру, қауіпсіз.

тірек-қозғалыс дағдысы, саппен жүру, асықпай жүгіру, секіру, жүгіру, өткізу, қашықтыққа секіру, керілу, қауыпсіз, тәуекел.

Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып тілі:

Талқы мәселелері:

Тағы нені істеп көруге болады? Ең ұнамдысы қайсы?

Негеекенін айта аласың ба?

Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы дене шынықтыру сабақтарында өткен бөлімдерден және үй ішінде мен балабақшада негізгі қозғалыс қабілеттілігі мен сенімділігін және фундаменталды қозғалыс дағыдларын дамытты деп күтіледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Кіріспе бөлім

Жүгіру 1 минут

(Б, Ж, Тәж, ф) Сынып екі топқа бөлінеді ұлдар бөлек қыздар бөлек оқушылар шеңберге тұрып өз күштерімен жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды. Тамсырманы екі тірде орындауға болады. Шеңбердің ішінде оқушылар өздері келісіп бір дарынды баланы таңдайды жалпы дамытатын жаттығуларды араларында өткізуге немесе әр оқушы кезекпен бір жалпы дамытатын жаттығудан өткізеді қалған оқушылар соннан қайталап жасайды

Кең, ашық кеңістік.

Негізгі бөлім

№1 Тапсырма

(К) Дене шынықтыру жаттығулары кезінде жаттығулардың дененің бұлшық еттеріне әсер етуіне сабақ барысында назар аударыңыз. Оқушылардың күшке түсетін және икемділікке арналған жаттығуларды жасау кезінде не сезетіндерін, оларға қайссының жеңіл, қайссының күрделі болып көрінетінін, жасаған жаттығулары ұнай ма, неліктен ұнайтынын жүйелі түрде ойлануын сұраңыз. Оқушылар жаттығу кезінде барлық тәуекелдерді қарастырады. Кездесуі мүмкін қиындықтар мен тәуекелдерге келу сәттеріне назар аудару.

Талдау:

1 )Жаттығу жасағанда неліктен біздің жүрегіміз бен өкпеміз күштірек жұмыс жасағанын айта аласыңдар ма?

  • Олар не істейді?

3) Сендер жаңа идеялар ойластырғанда қиыншылықтар туындады ма?

2 Тапсырма «Аңшылар мен үйректер» Ойыны

«Аңшылар мен үйректер» ойынына мейлінше кең және тегіс алаң мен орташа доп қажет. Бұл ойынды үш бала да ойнай алады бірақта үлкен топпен ойнаған қызықтырақ. Сонда доптан қашып құтылу қиынырақ. Соғушы «Аңшылар» (екі бала өздері шығады немесе санамақпен таңдалады) алаңның екі жағында тұрады. Екеуінің ара қашықтығы алаңның кеңдігіне және ойыншылардың санына байланысты. Соғылушы «үйректер» ортада тұрады. Соғушылар бір біріне допты лақтыру барысында ортадағы соғылушыларға тигізуге тырысады. Ал ортадағылар допты өздеріне тигізбеуге тырысады.

(Г, И, ф) Талдау: Бұл ойында барлығы өз ролін дұрыс түсіне ме? (қандай амал, тәсілдермен олар бөлісе алады?).

Кең, ашық кеңістік.

Визуалды көмек: ламинатталған суреттері (міндетті емес).

Қорытынды бөлім

  • Ойлану: Тірек- қозғалыс дағдысының не екенін бәріміз білеміз бе?
  • Барлықтарын еденге жатып көздерінді жұмындар. Тау басынан ұшып бара жатқан құсты елестетіңдер (мыс, бүркіт) де өздерінді сол құс деп санандар.Үш рет терең тыныс алығыз да қанаттарынды ауда жазғанда жолдағы бұлттарды үрлеп жіберіңдер, бірақ тыныс алғанда шу шығармандар. Кеудемен емес ішпен тыныс алып көріңдер, сөйтіп шынымен терең дауыссыз тыныс аласыз. Осылайша жұмсақ жолмен мұрынмен тыныс ала алсасындар ма? Ақырындап тізелерінді ішке алып келіп, қырмен жатыңдар да көздерінді ашындар. Содан кейін ақырын отырып бөлмеден шығуға дайын болындар. Жақсы қалыпта отырған оқушылар тізбектің бірінші бастайды. Жақсы отырған оқушалардың иығынан ұстаңыз және оларға аяқ ұшымен барып есіктің алдында тізілсін және сыныпқа қайтсын деп айтыңыз.

Кең, ашық кеңістік.

Қосымша ақпарат

ТүрлендіруКөбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздікті тексеру

АКТ сілтемелері

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап ереді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.

Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру » Ойын кезінде

  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Б алалармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма ?

Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?

.

  • Ғылыммен байланыс – денсаулық және дене, қауіпсіздік , биология.
  • Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Орындалған істестік тапсырма НЗМ құныдылықтарын қолдайды.

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу