Тірек-қозғалыс дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 1 сынып, сабақ жоспары.


Денешынықтыру

5-бөлім – Тірек-қозғалыс, денені басқару мен нысанды басқару дағдыларын дамыту

Тақырыбы Тірек-қозғалыс дағдыларын дамыту

Мектеп: физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалім аты-жөні:

СЫНЫП: 1

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Қарапайым физикалық жаттығуларда негізгі фундаменталды қозғалыс дағдыларын білу және көрсете алу.

Түрлі кеңістікте қарапайым жаттығуларды көрсету білу.

Тактикалар мен стратегияларды мақсаттарға жету үшін қолдану және атау.

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

Кең ашық кеңістікте мұғалім көмегімен немесе сыныптас арқылы1-2 жаттығу орындау

Қауіпсіздік ережелерін қолдану білу

Оқушылардың көпшілігі келесіге қабілетті:

Кең ашық кеңістікте мұғалім көмегімен немесе сыныптас арқылы1-2 жаттығу орындау

Қауіпсіздік ережелерін қолдану білу

Топтажұмысүстеубілужәнеқозғалысойындардыңережелерінсақтау

Кейбір оқушылар келесіге қабілетті:

Кең ашық кеңістікте мұғалім көмегісіз немесе сыныптас көмектерісіз 4-5 жаттығужақсы орындау білу

Қауіпсіздік ережелерін жақсы білу және қолдану

 Тілдік мақсат

Оқушылар тірек-қозғалыс дағдыларының не екенін түсінгендіктерін сипаттай және көрсете алады.

Кілтсөздерментіркестер:

тірек-қозғалыс дағдысы, тепе-теңдік, пішін, бас, қол, аяқ, толық дене, иық, екі аяқпен секіру, қоян секіруі, жанмен шоқырақтау, сырғу, секіру, қауіпсіз.

тірек-қозғалыс дағдысы, тепе-теңдік, пішін, бас, қол, аяқ, толық дене, иық, екі аяқпен секіру, қоян секіруі, жанмен шоқырақтау, сырғу, секіру, қауіпсіз.

тірек-қозғалыс дағдысы, саппен жүру, асықпай жүгіру, секіру, жүгіру, өткізу, қашықтыққа секіру, керілу, қауыпсіз, тәуекел.

Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып тілі:

Талқымәселелері:

Тағы нені істеп көруге болады? Ең ұнамдысы қайсы?

Негеекенін айта аласың ба?

Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы дене шынықтыру сабақтарында өткен бөлімдерден және үй ішінде мен балабақшада негізгі қозғалыс қабілеттілігі мен сенімділігін және фундаменталды қозғалыс дағыдларын дамытты деп күтіледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер (төмендегі жазбаны жоспарлаған іс-әрекетіңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Жүгіру 1 минут

(Б, Ж, Тәж, ф)Сынып екі топқа бөлінеді ұлдар бөлек қыздар бөлек оқушылар шеңберге тұрып өз күштерімен жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды. Тамсырманы екі тірде орындауға болады. Шеңбердің ішінде оқушылар өздері келісіп бір дарынды баланы таңдайды жалпы дамытатын жаттығуларды араларында өткізуге немесе әр оқушы кезекпен бір жалпы дамытатын жаттығудан өткізеді қалған оқушылар соннан қайталап жасайды

Кең, ашық кеңістік.

Ортасы

1 Тапсырма

(Б, Ж, Тәж, ф)Оқушылар берілген белгі бойынша алаңның күллі аумағында өз қалаулары бойынша: екі аяғымен, екі қолымен, алға, артқа, жанына қарай түрлі сипатта қозғалады. Оқушыларға жылжу үшін өзге де дене мүшелерін пайдалануға болатынын ұсынуға болады (мысалы арқасымен, ішімен) содан кейін тағы да алға, артқа, жанына жылжуға әрекет жасау керек.

2 Тапсырма

(Б, Ж, Тәж, ф)Оқушылар түрлі бағыттарда қозғалады (қиғаш, тік бұрыш, шеңбер ж.т.б.) содан кейін мұғалім дене мүшелерін білдіретін санды атайды, сол санға сәйкес қозғалу қажет.

Ойластыру:

Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді:

  • Сендер өз тірек-қозғалыс тәсілдеріңді орындадыңдар ма, әлде сыныптастарыңның жасағанын қайталадыңдар ма?
  • Сендер қимыл қозғалыстарды өздерің ойлап таптыңдар ма, әлде біреудің жасағанын қайталадыңдар ма?
  • Дене мүшелеріңнің қайсысымен жылжи аласыңдар?
  • Қай дене мүшесімен жылжу оңай немесе қиын? Неліктен?

№7 Қосымша «Жылан» ойыны

(Б, Ж, Тәж, ф)Жургізуші «жылан» болады. Қалғандары одан сақтануы тиіс. Ойынға бірнеше кішкене орындықтар қажет немесе үстіне секіріп мінуге ыңғайлы аса биік емес бір ұзынша орындық. Ойын басталсымен «жылан»ойыншыларды «шағып» алуға тырысады, «жылан » шағып алмау үшін ойыншылар орындыққа секіріп мінеді. Тек ойынның шарты бойынша әрдайым орындықта тұруға болмайды, арасында жерге түсіп жүгіріп жүру қажет. «жылан» «шаққан» бала өзі «жылан» болады. Бір де бір рет «жылан» шақпаған бала ойынның жеңімпазы болып саналады.

(Б, Ж, Тәж, ф) Екі немесе үш оқушы төрешілер болады бір бірімен ақылдасып топтарға ұпай береді (Мұғалім бәрін сыртан байқап жүреді )

Кең, ашық кеңістік.

Визуалды көмек: ламинатталған суреттері (міндетті емес).

Дене тәрбиесі Әдістемелік құрал 1сынып

Соңы

  • Ойлану: Тірек-қозғалыс дағдысының не екенін бәріміз білеміз бе?
  • Барлықтарын еденге жатып көздерінді жұмындар. Тау басынан ұшып бара жатқан құсты елестетіңдер (мыс, бүркіт) де өздерінді сол құс деп санандар.Үш рет терең тыныс алығыз да қанаттарынды ауда жазғанда жолдағы бұлттарды үрлеп жіберіңдер, бірақ тыныс алғанда шу шығармандар. Кеудемен емес ішпен тыныс алып көріңдер, сөйтіп шынымен терең дауыссыз тыныс аласыз. Осылайша жұмсақ жолмен мұрынмен тыныс ала алсасындар ма? Ақырындап тізелерінді ішке алып келіп, қырмен жатыңдар да көздерінді ашындар. Содан кейін ақырын отырып бөлмеден шығуға дайын болындар. Жақсы қалыпта отырған оқушылар тізбектің бірінші бастайды. Жақсы отырған оқушалардың иығынан ұстаңыз және оларға аяқ ұшымен барып есіктің алдында тізілсін және сыныпқа қайтсын деп айтылады.

Кең, ашық кеңістік.

Қосымша ақпарат

Түрлендіру – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздікті тексеру

АКТ сілтемелері

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап ереді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалысойынжәне эстафета ойынойнағанкездемықтыдарындыоқушыларөзкреативтікойларынжәне қимыл қозғалыстарын көрсетеалады. «» Ойын кезінде
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Б алалармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма ?

Оқушыларойынойнағанкездеерекшеқимылқозғалыстарынкөрсете ала ма?

  • Ғылыммен байланыс – денсаулық және дене, қауіпсіздік , Биология.
  • Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.
  • Орындалған істестік тапсырма НЗМ құныдылқтарын қолдайды.
  • Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты солжақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу