Қауіпсіздік ережесі. Арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 49 сабақ.


5-бөлім Шаңғы/кросс/коньки дайындығы

Оқу мақсаты:

6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту.

Сабақтың мақсаттары:

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру.

Бағалау критерийлері :

Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезіндегі денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне біледі.

Тілдік мақсаттар

Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс кезіндегі тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысы

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сіздердің көңіл-күйлеріңізге және өздеріңізді жақсы сезінуге физикалық жаттығулар қалай әсер етеді?

Жоғарғы, орташа және төменгі қарқында орындалған жатығулардың айырмашылығын сіз қалай түсінесіз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар.

1-ші тапсырма.

(С, ҚБ) Білім алушылар шаңғы/кросс/коньки айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

ШАҢҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫ сабақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

1. Киім ойдағыдай жылы болу керек. Міндетті жылы іш киім, тоқыма қолғап пен бөрік болуы керек. Желді күні кеудеше киген дұрыс.

2. Шарықтар кең болғаны жөн, жылы болу үшін шұлық киіп, ұлтарақ салғанда, аяқты қыспауы үшін аяқ киімінің кең болғаны керек.

3. Аязды күндері оқушылардың денесін үсік шалғандай белгі байқалса, ол жердің айналасын қармен қызарғанша ысқылап, көмек көрсету қажет.

4. Шаңғының бекіткіші мен шарықтың дұрыс киілуіне әрдайым назар аударып отыру қажет.

5. Қалың қармен, мұздақты жерлермен, бұталар арасынан сақтықпен өту қажет.

6. Таудан төмен сырғанау тек қана мұғалімнің рұқсатымен, кезекпен белгілі арақашықтықты сақтай отырып жасалады. Тауға көтерілу арнайы белгіленген жерлерде ғана мүмкін, сондай – ақ таудан түсіп келе жатқандардың жолын кесіп өтуге тыйым салынады

2-ші тапсырма

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған келесі дене қыздыру жаттығуларын воллейбол добының көмегімен орындайды:

I жаттығу.

Б. қ. - н. т.

1 - доп кеуденің алдында;

2 - допты алдыға созу;

3 - аяқтың ұшына тұрып, допты жоғары көтеру;

4 - Б. қ.

II жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтың арасын ашу,

допты басқа қою.

1 - денені солға бұру;

2 - Б. қ.;

3-4 - денені оңға бұру.

III жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтың арасын кең етіп ашу,

1 - сол аяққа отырып, допты алдыға қарай созу;

2 - Б. қ.;

3 - оң аяққа отырып, допты алдыға созу;

4 - Б. қ.

IV жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтың арасын кең етіп ашу, допты жоғару көтеру

1 - бүгіліп барып еңкею, қолды жан-жаққа созу

2 - Б. қ.;

3-4 - допты бастың айналасынан беру

V жаттығу

Б. қ. - екі аяқты алшақ қойып,

1 - допты еденге ұру;

2 - допты ұстап алу;

3 - допты жоғары лақтырып, қолды шапалақтап жіберу;

4 - Б. қ.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Шаңғы/кросс/коньки сабақтарындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh

 

Шаңғы, коньки тебу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

http://86.mchs.gov.ru/pressroom/news/item/2438588

 

Оқушылардың санына тең воллейбол доптарының саны.

ЖДДЖ кешендері берілген сайтқа сілтеме:

https://koncpekt.ru/nachalnye-klassy/raznoe/691-kompleksy-fizicheskih-uprazhneniy-s-1-9-klass.html

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу