Жасанды және синтетикалық полимерлер. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4. Жасанды және синтетикалық полимерлер | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жасанды және синтетикалық полимерлер | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.2.60 - Кейбір полимерлер мен пластмассалардың қолдану аясын және қасиеттерін атау; 11.4.2.61 - Тәжірибе жүзінде пластмассалар мен талшықтарды анықтау. | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Дағдылар: Білу және түсіну, қолдану Бағалау критерийлері: Оқушы мақсатына жетті, егер олар: - полимерлер мен пластмассалардың қолданылу аясын қасиеттері бойынша дұрыс ажырата білсе; - пластымассаларды тәжірибе жүзінде анықтай алса; - талшықтарды эксперимент арқылы ажырата алса; | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер | Оқушылар: қоршаған ортадағы пластикалық қалдықтарды қалай азайту керектігін ұсыныңыз (егер ... болса ... қолданыңыз) Пәндік лексика мен терминология: (қосымша) полимер, мономер, қосу, конденсация, кроссинг, сополимер, термосет, термопластика, қайта өңдеу, жағу, полигон, химиялық инер Диалог / жазу үшін пайдалы фразалар сериясы: Қосымша жалпы полимерлерге ... жатады Егер көбірек биологиялық ыдырайтын пластик қолданылса, онда ... Қоспалы полимерлердің ең пайдалы қасиеттері - бұл ... ... істейтін ... өйткені ... Полимерлер химиялық тұрғыдан инертті, сондықтан олардың артықшылығы бар ... сонымен қатар кемшілігі - бұл ... | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Адамгершілік, Нақтылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық | ||||||||||||
Пән аралық байланыстар | Физика, Биология, медицина, экология және т.б. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power point, химия программалары | ||||||||||||
Бастапқы білім | Көміргеті қосылыстары Атомдардағы электрондардың қозғалысы Көміртегі және оның қосылыстары Қосылыстар құрылымы Органикалық химияға кіріспе Көмірсутектері | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 1 - 5 мин 6 - 8 мин 9 - 17 мин Сабақтың ортасы 17-27 мин 27-37 мин | Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу; Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Ыстық орындық» әдісін қолдана отырып, полимерлеу әдістерін қайталау.
Оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарын таныстыру.
Оқушыларға пластымассалар мен талшықтардың қасиеттері бойынша таратпа материалдар тарату. Таратпа материал көмегімен оқушылар арасында жұптық жұмыс ұйымдастыру. Сол арқылы пластмассалар мен талшықтардың қолданылу аясы мен қасиеттері бойынша пікірлесу.
Зертханалық жұмыс № Пластмассаның қасиеттерін зерттеу Жұмыстың орындалуы. Пластмассаның физикалық қасиеттерін зерттеңдер: а) түсі; ә) қаттылығы; б) беріктігі; в) электрөткізгіштігі; г) тығыздығы (судан ауыр немесе жеңіл); ғ) органикалық еріткіштердің әсері. Пластмассаның химиялық қасиеттерін тексеріңдер: а) сілті, қышқыл және органикалық еріткіштер әсеріне тұрақтылығы; ә) спиртшамның жалынына ұстап жанғыштығын, жалынның түрін, жанған кезде газ бөліне ме (ыдырай ма?), иісі қандай, бақылаңдар (тартпа шкаф астында жағу керек). Полистирол немесе полиметилметакрилаттың деполимеризациялануы. Сынауыққа пластмасса кесегін салыңдар да, аузын тығыны бар түтікшемен тығындаңдар. Бром суы және калий перманганатының ерітіндісімен пластмассаның диполимерленген өнімін тексеріңдер. Не байқадыңдар? Зертханалық жұмыс № Синтетикалық талшықтардың қасиеттерін талдау Жұмыстың орындалуы: Синтездік талшықтардың физикалық қасиеттерін тексеріңдер: а) түсі; ә) балқуы; б) органикалық еріткіште еруі; в) созылуы. Талшықтың созылуын суретте көрсетілгендей тексеріңдер: жіптің бір ұшын сақинаға байлаңдар да, жайлап бұрыңдар. Жіп үзілгенше қанша бұрадыңдар, соны санаңдар. Осылай жасанды талшықтарға да тексеру жүргізіңдер. Синтездік талшықтардың химиялық қасиеттерін тексеріңдер: а) күкірт қышқылының әсері; ә) сірке қышқылының әсері; б) сілтінің әсері.
| Слайд № Слайд № Қосымша №1 Қосымша №2 | |||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Зерттелетін материалды бекіту. Пластмассадан және әртүрлі типтегі талшықтармен шағын зерттеулер жүргізу. Өнімнің затбелгісі бойынша пластмассаның түрін анықтау Сабақты қорытындылау. Тақырыптың негізгі ойларын қайталау. Ұй жұмысы: Осы PowerPoint көрсетілімін оқыңыз. Тақырып бойынша презентация дайындаңыз: Пластмассаларды алу әдістері және олардың қоршаған ортаға әсері. | ||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалд ымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Барлық оқушылар біледі: Тотығу –тотықсыздану бір-бірімен байланысты екенін; Бір уақытта жүретінін; Электрон таңбасын; Ионды-электрондық жартылай реакцияларды жаза алады; | Ой талқылар кезінде жауап беруіне; Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы. | партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?