ДНҚ және РНҚ құрылымы. № 6 демонстрация тәжірибе «ДНҚ және РНҚ моделін жасау». Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4А | Мектеп: ФМН НИШ Орал | ||||
Күні: 59-60 сабақ | Мұғалімнің аты-жөні: Жаннатова А.К | ||||
Сынып: 11 cынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | ДНҚ және РНҚ құрылымы. № 6 демонстрация тәжірибе «ДНҚ және РНҚ моделін жасау» | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| ||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Дезоксирибонуклеин қышқылы, рибонуклеин қышқылы нуклеотид, азотты негіздер,аденин, цитозин , гуанин, тимин ,рибоза, фосфор қышқылы. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: ДНҚ құрамы ... ... ... тұрады. РНҚ құрамы ... ... ... тұрады. ДНҚ мен РНҚ ның айырмашылығы : ................................................................................ Нуклеотид дегеніміз .......................................... ДНҚ –ң биологиялық ролі:...................................... РНҚ –ң биологиялық ролі:......................................... | ||||
Құндылықтарды дарыту | Академиялық әділдік, қарым- қатынас, жауапкершілік, бір – біріне құрмет. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Биология | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Керекті маңызды деректерді ғаламтордан табу | ||||
Бастапқы білім | 11.1C Химиялық байланыстардың түзілуі 11.2А Органикалық химияға кіріспе 11.1D Органикалық қосылыстардың номенклатурасы және изомерия | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы
10 минут 11-25 минут 26-40 минут 41-56 минут
- 57-67 минут 67-75 минут | Амандасу, оқушыларды түгелдеу. Үй тапсырмасын қайталау. Шеңбер құру арқылы оқушыларға ақуыздар туралы химиялық терминдерді қайталату. Мақсаты: Оқушылар бір біріне сұрақ қойып, бір –бірінің жауабын тыңдау арқылы тыңдалым, айтылым дағдыларын дамыту. Бағалау: критерийлер бойынша мұғалім бағалайды. Жаңа тақырып. Мұғалім іс – әрекеті: Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын презентациядан көрсетіледі. Тақтаға сурет ілінеді. Биологиядан алған білімдерін пайдалана отырып, ДНҚ мен РНҚ компоненттерін атауды сұрайды Тапсырма №1 Сыныпта топтық жұмыс. Бағалау: бір –бірін бағалау. Оқушы іс – әрекеті:. Оқушылар бірге талқылайды: ДНҚ құрамына кандай қант кіреді? ДНҚ құрамына кіретін азотты негіздердің қандай түрлерін білесіз? РНҚ құрамына кандай қант кіреді? РНҚ құрамына кіретін азотты негіздердің қандай түрлерін білесіз? Аденин мен гуаниннің құрылысы тимин мен цитозиннің құрылысынан қалай ерекшеленеді? Комплементарлық негіз дегеніміз не? Негіздердің комплементарлық жұбы қандай байланыстардың есебінен пайда болады? Оқушылар топта ДНК мен РНҚ айырмашылығын талқылайды. Тапсырма №2 Жұптық жұмыс. № 6 демонстрация тәжірибе «ДНҚ және РНҚ моделін жасау» Оқушы іс – әрекеті: «ДНҚ моделін дайындаудың 25 идеясы» https://www.pinterest.com/explore/dna-project/ қарайды. Берілген қиықшалар арқылы оқушылар ДНҚ моделін құрастырады. Бағалау: Бірін-бірі бағалау. Негіздердің реттілігінен құрылған тізбекті тақтаға іліп қойылады (бұл үлгі болуы мүмкін немесе тек таңбасын жазуға болады), оқушылар комплементарлық принципке сүйене отырып,жаңа тізбекті құрастырады/толықтырады ДНҚ моделін құрып болған соң,оқушыларға бейне фильм bilimland.kz/ көрсетіледі. ДНҚ тұрақтылығын қандай байланыстар қамтамасыз ететініндігін жұпта талқылайды. Мұғалім іс – әрекеті: Оқушылардан Репликация дегеніміз не? комплементарлылық принципін қалай түсінетінін сұрайды. (М) Түзілетін екі спиральдың бірдей екенін түсіндіреді. Тапсырма №3 Топтық жұмыс Оқушылар топқа бөлініп, белгілі ақпараттық ресурстар арқылы нуклеин қышқылдарының биологиялық ролін,ғылымдағы жетістіктерін зерттеп, постер қорғайды. ДНҚ нәруыз өндірісіндегі генетикалық ақпаратты тасымалдайды. ДНҚ тізбегінің нақты бөліктері (гендер) негіздердің реттілігі түрінде түзілетін белгілі бір полипептидтік тізбектерді құру туралы ақпаратты сақтайды. Тапсырма №4 Жеке жұмыс Қалыптастырушы бағалау жұмысы таратылады .Бағалау критерийлері бойынша бағаланады. Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын алдың-ала келісіліп алынған критерийлер бойынша бағалайды |
. file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/Rar$DIa0.123/origamidna-foldinginstructions pdf Презентация ҚБЖ |
75-78 минут 78-80 минут
| Рефлексия «Өз жұмысыңды бағала!» Үйге тапсырма Оқушыларға үй тапсырмасы беріледі. |
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Барлық оқушылар: Көптеген оқушылар: Кейбір оқушылар: | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?