Аминқышқылдары. Көрсетілім № 4: "Аминқышқылдарында функционалдық топтардың барын дәлелдеу. Химия, 11 сынып, қосымша материал 4.
Химиялық қасиеттері
Аминқышқылдары құрамында негіздік амин және қышқылды карбоксил топтары болғандықтан, олар амфотерлік қасиет көрсетеді. Сондықтан аминқышқылдары қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттеседі:
Әр түрлі ортадағы аминқышқылдарының қышқыл-негіздік айналулары келесі схемамен сипаттауға болады:
Аминқышқылдары спирттермен газ тәрізді хлорсутек қатысында күрделі эфир (эфирдің хлорсутек тұзы) түзе әрекеттесе алады:
Аминқышқылдарының күрделі эфирлері ұшқыш қосылыстар болып табылады.
Фенилаланин – ақ түсті, қатты кристалды зат, оның тәтті дәмі болады. Бұл қосылыстың балқу температурасының жоғарылығы сонша – оны 270°С температураға дейін қыздырғанда да балқымайды, тек бөлшектенеді (ериді).
Химиялық қасиеттері
Амин қышқылдарының құрамында негіздік амин және қышқылды карбоксил топтары болғандықтан, олар амфотерлік қасиет көрсетеді.
- Тұздар түзу реакциялары. Амин қышқылдары қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесіп, тұздар түзеді.
2. Амин қышқылдары қышқылдар сияқты күрделі эфирлер, хлорангидридтер түзеді:
1. Амин қышқылдары декарбоксилденіп, амидтер түзеді:
4. Амин қышқылына азотты қышқылмен әсер етсе, оксиқышқыл және азот түзіледі:
NH2СН2СООН + НNО2 → НОСН2СООН + N2 + Н2О
5. Амин қышқылдары дезаминдеу реакциясына түседі, нәтижесінде амин тобы жойылады. Бұл реакция организмдерде ферменттердің әсерінен жүреді:
ферменттер
6. Амин қышқылдарының құрамында негіздік қасиет беретін амин тобы және қышқылдық қасиет беретін карбоксил тобы болғандықтан олардың молекулалары өзара әрекеттесіп, полимерлер түзіледі:
7. Амин қышқылдарына ғана тән қасиеттері:
а) Амин қышқылдарына қыздырудың әсері: Альфа- амин қышқылдары дикетопиперазин түзеді (молекулааралық циклді диамид)
Бета- амин қышқылдарын қыздырғанда аммиак бөлінеді және қанықпаған қышқылдар түзіледі:
акрил қышқылы
Гамма- амин қышқылдары молекула ішіндегі дегидратацияға ұшырап, циклді аминдер – лактамдар түзіледі:
ә) амин қышқылдарына мыс(ІІ) иондарымен комплекс қосылыстар түзу реакциясы тән:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?