Аминдер. Анилин. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Пән: Химия | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Дата: | Класс: | Оқушы саны: | |||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | 11.4 А Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Гетероциклді қосылыстар. Нуклеин қышқылдары | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Аминдер. Анилин | ||||||||||
Бастапқы білім | Атом құрылысы Химиялық байланыс Органикалық химияға кіріспе Азот пен күкірт Ароматты қосылыстар | ||||||||||
Оқыту мақсаттары | 11.4.2.56 аминдер мен аниалиннің физикалық қасиеттерін түсіндіру; 11.4.2.57 анилин мен аминдерді алу реакция теңдеулерін құрастыру; | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | - аминдер мен аниалиннің физикалық қасиеттерін түсіндіру; - анилин мен аминдерді алу реакция теңдеулерін құрастыру; | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Аминдердің физикалық қасиеттерін сипаттайды. Анилинді және аминдерді алу реакция теңдеулерін құрастырады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Оқушылар аминдер мен спирттердегі қайнау температураларының айырмашылығын сутектік байланыс арқылы түсіндіре алады:
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қауіпсіздік ережесі арқылы оқушы денсаулығын нығайту Топтық тапсырмалар арқылы оқушының логикалық ойлау дәрежесін, қарым- қатынасын, жауапкершілігін арттыру. Топпен, ұжыммен жұмыс жасау арқылы адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу дағдыларын дамыту | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
|
| |||||||||
Дифференциация | Барлық оқушылар: Тапсырмаларын орындайды. Кейбір оқушылар: Аминдердің алыну реакция теңдеулерін қолданып есеп шығару Тізбекті реакция теңдеулерін жазады | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | Халат кию Қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-2минут | Оқушылармен амандасу Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы: Аминдер. Анилин Сабақтың мақсаты: 11.4.2.56 аминдер мен аниалиннің физикалық қасиеттерін түсіндіру; 11.4.2.57 анилин мен аминдерді алу реакция теңдеулерін құрастыру; | ||||||||||
Сабақтың ортасы 2-12 минут 12-16 минут 16-38 минут | Активити1 Оқушыларды екі қатарға бөліп, элементтің массалық үлесі жазылған карточкалар беру. Оқушылар белгісіз заттың формуласын анықтайды:
С = 77,42%, Н = 07,53%, N = 15,05%;
С = 38,71%, Н = 16,13%, N = 45,16%. Жауабы: а) С6Н7N; б) СН5N) Презентация бойынша түсіндірме: (С) Оқушыларға: қосылыстың физикалық қасиеті молекулааралық күшке тәуелді екенін еске салыңыз. Оқушылар амин молекулаларының арасындағы байланысты анықтауы қажет. (Т)(Жж) Оқушылардан аминдердің молекулалық массасы артқан сайын: - ерігіштігі; - қайнау температурасы қалай өзгеретінін қарастыруды сұраңыз. Оқушылар алкандардың, спирттердің және аминдердің молекулалық массаларының олардың қайнау температурасына тәуелділік графигін құру қажет. Оқушылар молекулалық массалары ұқсас алкандар, спирттер және аминдердің қайнау температураларының әртүрлілігін талқылай отырып түсіндіруі қажет. Аминдердің алынуы: Алу жолдары: 1. Аминдерді нитроқосылыстарды катализатор (Pt, Pd, Ni) қатысында тотықсыздандырып алады: R – NO2 + 3H2 → R – NH2 + 2H2O 2. Өндірісте анилинді алу нитробензолды катализатор (Pd, Pt, Ni) қатысында тотықсыздандыруға негізделген: C6H5NO2 + 3H2 → C6H5NH2 + 2Н2O Н.Н. Зинин (1842 жылы) нитробензолды күкіртсутекпен тотықсыздандырып, анилин алған: І топ: ІІ топ: С2Н4→ С2Н5ОН→ СН3СООН→ СН2СІСООН→NH2CH3COOH С2Н6→ С2Н5СІ→С2Н5ОН →СН3СОН→ СН3СООН →СН2СІСООН→NH2CH3COOH Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары. Қосымша тапсырма:
СН4→ С2Н2→С6Н6 →С6Н5NO2→C6H5NH2 | Видео «Аминдер. Жіктелуі және номенклатурасы» 0,00-4,25мин https://www.youtube.com/watch?v=pI-wcKf4v50 Видео «Аминдер. Құрылысы» https://www.youtube.com/watch?v=SMIab4zd8-A «Аминдердің химиялық қасиеті» материалдарыhttp://cnit.ssau.ru/organics/chem5/n232.htm Видео «Анилин.Құрылысы, алынуы» | |||||||||
Сабақтың соңы 38-40минут | Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды: - нені үйренді; - не нәрсе түсініксіз болып қалды; - немен қайта жұмыс жасау керек. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?