Сахароза,крахмал және целлюлозаның гидролизі. Крахмал мен целлюланың құрылысы мен қасиетін салыстыру. Химия, 11 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Сахароза,крахмал және целлюло заның гидролизі.
Крахмал мен целлюланың құры лысы мен қасиетін салыстыру.
Сабақтың мақсаты:
11.5.1.10 сахароза,крахмал және целлюлоза гидролизі өнімдерін атау;
11.5.1.11 крахмал мен целлюланың құрылысы мен қасиетін салыстыру
Сахароаның гидролизі
Дисахаридтердің оларды моносахаридтерден ерекшелендіретін негізгі қасиеті - қышқыл ортада гидролиздену қабілеті (немесе организмдегі ферменттердің әсерінен):+
С 12 Н 22 О 11 + Н2О> С 6 Н 12 О 6 + С 6 Н 12 О6
Сахароза+ су = глюкоза+ фруктозасы
Крахмалдың гидролизі
Крахмал минерал қышқылдың (H2SО4) немесе ферменттердің әсерінен гидролизденіп, глюкоза түзеді:
(С6Н10О5)n + nH2O → C6H12O6
Реакция жағдайына байланысты әр түрлі аралық өнімдер түзіліп, гидролиз сатылап жүруі мүмкін:
(С6Н10О5)n → (C6Н10О5)m → xС12Н22O11 → nС6Н12O6
Макромолекуланың ыдырауы біртіндеп іске асады, әуелі ірі молекулалы қосылыс декстрин, содан кейін дисахарид мальтоза және гидролиздің соңғы өнімі глюкоза түзіледі.
Крахмал мен целлюлозаның айырмашылығы
Полисахаридтерге крахмал мен целлюлоза жатады. Олардың молекулалық формулалары — (С6Н10О5)n. Бұл полисахаридтердің бір-бірінен айырмашылығы:
а) крахмал молекуласы α-глюкоза, ал целлюлоза молекуласы β-глюкоза қалдығынан тұрады;
ә) құрамындағы буындар саны да (n) әр түрлі, крахмалда бірнеше мыңнан, целлюлозада бірнеше миллионға дейін жетеді;
б) крахмал молекуласы құрылымы — түзу сызықты және тармақты, ал целлюлоза молекуласы — тек түзу сызықты. Сондықтан олардың қасиеттері өзгеше.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?