Көмірсулар. Олардың жіктелуі. Глюкозаның құрамындағы функционалды топтарды анықтау. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.3В Оттекті органикалық қосылыстар | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Көмірсулар. Олардың жіктелуі. Глюкозаның құрамындағы функционалды топтарды анықтау | ||||||
Оқыту мақсаты | 11.5.1.6 глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлоза молекулалары формулаларының айырмашылығын білу; 11.5.1.7 глюкозада функционалдық топтардың болуын тәжірибе жүзінде анықтау; | ||||||
Сабақ мақсаттары | - глюкозаның, фруктоза мен рибозаның, дезоксирибозаның молекулалық және құрылымдық формулаларын білу; - глюкоза мен фруктоза молекулаларының қалдықтарынан сахароза, крахмал және целлюлозаның құрылымдық формулаларын құрастыру; - глюкозаның, фруктозаның, рибозаның, дезоксирибозаның, сахарозаның, крахмалдың және целлюлозаның циклдік формулаларын білу; - глюкозада функционалды топтардың болуын экспериментальды түрде анықтау | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - глюкозаның, фруктоза мен рибозаның, дезоксирибозаның молекулалық және құрылымдық формулаларын ажырата біледі; - глюкоза мен фруктоза молекулаларының қалдықтарынан сахароза, крахмал және целлюлозаның құрылымдық формулаларын дұрыс құрастыра алады; - глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлозаның циклдік формулаларын дұрыс ажырата біледі; - глюкозада функционалды топтардың болуын экспериментальды түрде анықтай алады | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: - эфирлер, майлар мен көмірсулардың құрылысы, қасиеттері және сапалық анықталуы бойынша ауызша/жазбаша жауап бере алады. Пәннің лексикасы мен терминологиясы: көмірсулар, энергетикалық құндылығы, целлюлоза, крахмал, эфир, сабындану, гидролиз, майларды гидрлеу, майлар, сабын, жуғыш құралдар | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Зайырлы қоғам және жоғары руханият Жалпыға ортақ еңбек қоғамы | ||||||
Пәнаралық байланыстар | биология | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, мультимедиалық тақта | ||||||
Бастапқы білім | Органикалық химияға кіріспе Көмірсутектер | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Оқушылармен сәлемдеу. Сабақтың мақсаттарын айқындау. | ||||||
Сабақтың ортасы | Оқыту мақсаттары көрсетіледі. Мұғалім сұрақтар қояды: - Құрамы негізінен көмірсулардан тұратын қандай қоректік заттарды білесіздер? - Неге біз, құрамында көмірсулар бар тағамдар жейміз? - Көмірсулар қандай молекулалардан тұрады деп ойлайсыздар? Енді бейнебаян көрейік.
Оқушылармен бірге видеоның мазмұнын талқылау Оқытушы оқушыларды глюкоза, фруктоза және рибоза, дезоксирибоздың молекулалық және құрылымдық формулаларымен таныстырады. Жұптық жұмыс: Сахарозаның циклдік формуласы глюкоза мен фруктоза молекулаларының қалдықтарынан тұрады. Сіздер, сол сахарозаның циклдік формуласын құрастырып көріңіздер. Кейін презентацияға сүйеніп, сазарозаның формуласын талқылау. Лабораториялық жұмыс «Глюкозаның құрамындағы функционалды топтарды анықтау» Студенттер глюкозаның құрамындағы функционалды топтарды анықтау үшін, жасайын деп жатқан зертханалық жұмысты өз бетінше жоспарлаулары қажет. Алдымен олар глюкоза құрылымындағы барлық функционалды топтарды анықтап, содан кейін жоспарды және қажетті реактивтердің тізімін жасауы керек. Зертханалық жұмыс жасау барысында оқытушы студенттерді бақылайды. Барлық студенттер зертханалық жұмысты аяқтағаннан кейін, мұғалім оқушылармен бірге нәтижелерді талдайды. | Презентация Презентация ВИДЕО Презентация Презентация Жұмыс парағы | |||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Маған түсінікті болған үш нәрсе: Мен атсалысқан екі нәрсе: Маған түсініксіз қалған үш нәрсе: | ||||||
Үй жұмысы | Жұмыс парағын аяқтап, көмірсулардың барлық формулаларын жаттап келу. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?