Майлардың гидролизі. Химия, 11 сынып, қосымша материал 1.
«Майлардың сабындануы» тәжірибесі.
Тәжірибенің мақсаты: майлардың сабындану реакциясын жүргізу және сабынды алу.
Қажетті реактивтер: балқытылған май, натрий гидроксидінің 20%-дық судағы немесе 15%-дық спирттегі ерітіндісі, ас тұзы, су, мыс (II) сульфатының ерітіндісі.
Құрал-жабдықтар: кәрден шәшкесі, шыны таяқша, стақан, спирт шам, сақинасы бар тұрғы, сүзуге арналған құрал.
Тәжірибені жүргізу әдістемесі:
1. Кәрден шәшкесіне 3 г майды орналастырыңдар, оған 7-8 мл натрий гидроксидінің 20%-дық судағы ерітіндісін қосыңдар. Реакцияны жылдамдату үшін 1-2 мл этанол қосыңдар.
2. Қоспаны 15 минут қайнатыңдар, шыны таяқшамен араластырыңдар және бастапқы деңгейге дейін су қосыідар.
3. Сабындану толықтығын тексеру: ыстық суы бар стақанға 2-3 тамшы қоспаны қосыңдар. Егер судың бетіне майдың тамшылары қалқып шықпаса сабындану үрдісі аяқталды.
4. Сабынның тұздануы: сабындану реакциясы аяқталғаннан кейін алынған массаға 0,5 г натрий хлоридін қосып, 1-2 минут тағы да қайнатады немесе қоспа салқындағаннан кейін ас тұзының қаныққан ерітіндісін қосады.
5. Сабынды кептіру: ақ үлпек түрінде бетіне шыққан сабынды жинаңдар және сүзгіде кептіріңдер.
6. Алынған сабынның жуғыштығын тексеру: сабынның азғантай бөлігін жылы суы бар стақанға салып, қатты араластырыңдар.
7. Сабынданудың екінші өнімі ретінде глицеринді анықтау: натрий гидроксидінің ерітіндісіне мыс купоросын (мыс (ІІ) сульфатын) қосыңдар және түзілген көк тұнбаға 1 мл сүзіндіні қосыңдар.
Тәжірибенің әдістемесін мұқият оқыңдар және кестені толтырыңдар.
Тәжірибенің кезеңдері | Не істелді | Бақылаулар |
Қорытындылар:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?