Майлардың гидролизі. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

11.3 Оттекті органикалық қосылыстар

Мектеп: ФМБ НЗМ Көкшетау қ,

Сынып: 11 (ГҚБ)

Мұғалімнің аты-жөні: Абильмажинова Т.Т.

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

  • Майлардың гидролизі

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.5.1.4 – майлардың сапалық реакцияларын жүргізу;11.5.1.5 – майлардың гидролиз және сабындану реакцияларының өнімдерін атау

Сабақ мақсаттары

Сабақтың соңында барлық оқушылар орындай алады:

  • майлардың гидролиздену реакцияларын жүргізу
  • майлардың гидролиз және сабындану реакцияларының өнімдерін атау
  • гидролиз өнімдерін салыстырады және қорытындылар жасайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар орындай алады:

  • нақты майлардың алыну реакцияларын жазып көрсетеді
  • майлардың гидролиздену реакцияларын түсіндіреді
  • қышқылдық және сілтілік гидролиздің реакция теңдеулерін жазып көрсетеді
  • қышқылдық және сілтілік гидролиздің реакция өнімдерін атайды
  • гидролиздену реакция өнімдерінің әртүрлі болу себебін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат: пәнге қатысты арнайы лексиканың көмегімен гидролиздену және сабындану реакцияларын ауызша сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

этерификация реакциясы, тристеарин, трипальмитин, майлардың гидролизі, қышқылдық гидролиз, сілтілік гидролиз, сабындану реакциясы, сабындар.

Диалог пен жазуға арналған сөздердің пайдалы жинағы:

Майлар – ........ және ......... күрделі эфирлері.

Майларға .......... реакциясы тән, себебі .............

Майлар ...... кезде ....... және ........... түзіледі.

Майлардың ....... реакциясы қайтымды ...... болып табылады.

Сілтілік гидролиз ........ реакциясы деп аталады, өйткені ...... түзіледі.

....... реакциясы қайтымсыз, себебі .........

Егер реакцияда ........ қатысатын болса, онда реакция нәтижесінде қатты сабын түзіледі, ал егер ........ – сұйық сабын алынады.

Құндылықтарды дарыту

Когнитивті компонент: түрлі деңгейдегі сұрақтарды талқылайды, сыни талдау жасайды;

Әлеуметтік-эмоциональдық: өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді; жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;

Танымдық: сынып ережесіне бағынады; өз іс-әрекетіне жауап береді.

Пәнаралық байланыстар

Физика: Заттың агрегаттық күйлері.

Биология: Майлардың функциясы.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Жоғары карбон қышқылдары.

Күрделі эфирлер.

Сабақбарысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылардың білімдерін өзектендіру.

Майлар – бұл кең таралған қосылыстар, олармен әрбіреулерің күнделікті өмірде кездестіңдер.

  • Майларға анықтама беріңдер. (Майлар – бұл үшатомды спирт глицерин және жоғары карбон қышқылдарының күрделі эфирлері.)
  • Күрделі эфирлердің алыну реакциялары қалай аталады? (Спирт + Карбон қышқылы→ Күрделі эфир + Су Этерификация реакциясы)
  • Майлардың жалпы формуласын көрсетіңдер.

Жұптарда өзарабағалау.

  • Адамның ағзасына күнделікті 50-70 грамм май қажет.  Майлардың ағзадағы биологиялық функциялары қандай? (энергетикалық, қорлық, құрылыстық, қорғаушы, термореттеу).

Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсаттары анықталады.

Презентация

Слайд №1

Слайд №2

Сабақтың ортасы

3 минут

Майлардың гидролизі.

Майларға гидролиз реакциясы тән. Жағдайларға сәйкес айырады:

  • қышқылдық (қышқылдардың қатысуымен),
  • сілтілік (сілтілердің әсерінен – сабындану),
  • ферменттік (тірі ағзаларда ферменттердің әсерінен).

Майлардың сабындану реакциясы.

Оқушыларға «Майлардың сабындануы» атты тәжірибені жүргізу ұсынылады.

Қоспа қайнап жатқанда оқушылар гидролиздену реакцияПока смес теңдеулерін жазып көрсетеді.

слайд №3

7 минут

Жұптық жұмыс. Оқушыларға нақты бір май үшін алыну реакция теңдеуін жазу ұсынылады. Сыныпта барлығы 5 нұсқа қарастырылады. Тапсырманы ұсынған кезде дифференциациялану жүргізіледі.

Мысалы, тристеарин, триолеин, диолеостеарин, олеостеаропальмитин, трипальметин, трилинолеин.

Өзарабағалау ұйымдастырылады, мұнда оқушылар бірін бірі оқытуға мүмкіндіктер алады.

Майлардың алыну реакциялары

слайд №4

7 минут

Майлардың қышқылдық гидролизін глицерин және жоғары карбон қышқылдарын алу үшін қолданады.

Тапсырманы ұсынған кезде дифференциациялану жүргізіледі. Оқушылар майлардың қышқылдық гидролиздену реакция теңдеулерін өздерінің майы үшін жазып көрсетеді және гидролиз өнімдерін атайды. Өзарабағалау ұйымдастырылады.

Мысалы,

Назар аударыңдар: бұл реакция – қайтымды реакция.

Майларды ұзақ уақыт үйде сақтаған кезде ащы иістің шығу мәселесін қозғаңдар.

Сұрақ: Майлар неге сақтау кезінде бүлінеді?

Күтілетін жауап: Себебі майлар гидролизденген кезде жағымсыз иісі бар жоғары карбон қышқылдары түзіледі.

Майлардың қышқылдық гидролизі

слайд №5

10 минут

Майлардың сабындану реакциясы.

Тапсырманы ұсынған кезде дифференциациялану жүргізіледі. Оқушылар майлардың сілтілік гидролиздену реакция теңдеулерін өздерінің майы үшін жазып көрсетеді және гидролиз өнімдерін атайды. Өзарабағалау ұйымдастырылады.

Мысалы,

Ескерту, бұл реакция қайтымсыз және сабындану реакциясы деп аталады, себебі сілтілік металдар мен жоғары карбон қышқылдарының тұздары –сабындар пайда болады. Егер реакцияда натрий гидроксиді қатысатын болса, онда реакция нәтижесінде қатты сабын түзіледі, ал егер калий гидроксиді қатысса – сұйық сабын.

Сабындану толықтығы мен алынған сабынның сабындануы тексеріледі. Осыдан кейін сабындану реакциясының екінші өнімі ретінде глицерин анықталады.

Оқушылар майлардың гидролиздену өнімдерін салыстырады және жалпы қорытындылар жасайды.

Майлардың сілтілік гидролизі

слайд №6

слайд №7

6 минут

Оқушыларға тақырып бойынша тест тапсырмалары ұсынылады. Әрбір оқушы жеке орындайды, содан кейін дұрыс жауаптары бойынша өзін-өзі бағалайды.

слайд №8

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақтың соңында оқушылар «Жетістік баспалдағы» атты рефлексияны жүргізеді.

Мұнда оқушылар өздерінің сабақ барысындағы іс-әрекеттеріне баға береді.

слайд №9

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырма бойынша дифференциациялау:

Қабілеті жоғары оқушылар майлардың гидролиздену және сабындану реакцияларын жазып көрсетеді.

Кинестетиктер тәжірибе арқылы ақпаратты көрнекі қабылдайды.

Гидролиздену реакцияларының өнімдерін салыстыру барысында қабілеті жоғары оқушылар дұрыс қорытындылар жасайды.

Өзара бағалау.

Гидролиз өнімдерін салыстыру барысында бағалау.

Тақырып бойынша тест.

Өзін-өзі бағалау.

Денсаулықты сақтайтын технологиялар.

Қышқылдар мен сілтілердің ерітінділерімен жұмыс жасаған кезде сақтық ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы ненібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?