Этанолды этилен гидратациясы және глюкозаның ашуы арқылы алу. Химия, 11 сынып, презентация.
10.4А Спирттер мен органикалық қышқылдар
Сабақтың тақырыбы:
Этанолды этилен гидратациясы және глюкозаның ашуы арқылы алу
Оқу мақсаттары
10.4.3.27 Этанолдың ферментация және этиленді су буы арқылы гидратациялау реакциясы арқылы алынуын білу
Бағалау критерийлері
Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді
қантты ашытқымен ферменттеу және
этиленді гидратациялау арқылы этанолды алу әдістерінің,
хлорбензолдың сілтілік гидролизі арқылы фенолды алу әдістерінің теңдеулерін жаза алса
Спирттерді өнеркәсіпте алу жолдары
1.Су газынан метил спиртін синтездеп алады:
CO + 2H2 t,p → CH3OH
2. Глюкозаның спирттік ашуы нәтижесінде этил спирті түзіледі
C6H12O6 ашытқы ферменті→ 2C2H5OH + 2CO2
Спирттік ашу
Қантты заттарды ашыту (ферментативтік әдіс)
Этанол алудың ертеден белгілі әдісі, бастапқы өнімдер есебінде крахмалға бай өсімдіктер шикізаттары: картоп түйнегі, бидай және күріш дәндері, ағаш сүрегі т.б. қолданылады.
Крахмал арпа уытының әсері арқылы (құрамында ақуыздар мен ферменттерге бай және негізгі әсер етуші фермент-амилаза бар арпа дәнінің жас өскіні) глюкозаға айналады, содан кейін ашытқы қатысында ашып, этанол мен көмірқышқыл газын түзеді:
Зертханалық жұмыс
Сабақтың тақырыбы:Ферментация әдісімен этанол алу
Сабақтың мақсаты: Этанолды ферментация әдісімен алу жолымен таныстыру
Қажетті заттар: 500 мл колба, 20г қант, 10г ашытқы, резеңке қолғап, жылы су.
Жұмыс барысы:
500 мл химиялық колбаға 20г қант салыңдар
Үстіне қант толық ерігенше 300 г жылы су құйып, араластыру қажет
Қанттың судағы ерітінідісі бар колбаға 10г дрожжи (ашытқы) салып араластырыңдар
Колбаның аузына резенке қолғапты байлап жабыңдар
Колбаны 1 апта уақытқа қозғамай тыныш жерге қойып, байқалған құбылысты жазып алып,
1 апта өткен соң нәтижесін бақылаңдар
Спирттерді зертханада алу әдістері
1.Алкендерді гидратациялау арқылы спирт алу
СH3-CH=CH2 + HOH t,kat-H2SO4→ CH3-CH-CH3
Пропен-1 │
OH
пропанол -2
Көмірсутектерге су қосу реакциясы гидратация реакциясы деп аталады.Алкендерге судың қосылу реакциясы Марковников ережесіне сәйкес жүреді.
Видео арқылы білімді бекіту
Спирттерді зертханада алу әдістері
2.Моногалогеналкандарды сілті ерітіндісі қатысында гидролиздеп аламыз:
CH3Cl + NaOH t, сулы ерітінді→ CH3OH + NaCl
3.Карбонилді қосылыстарды тотықсыздандыру арқылы, альдегидтен біріншілік, кетоннан екіншілік спирттер түзіледі: [Н]
CH3 – C = O → CH3 – CН2 – OН
׀ Этил спирті
H
Сірке альдегиді
[Н]
CH3 - C – CH3 → CH3 - CН – CH3
׀׀ ׀
О ОН
ацетон (пропанон) пропанол-2
Фенолды алу
1. Өндірісте фенолды тас көмір шайырынан алады.
2. Фенолды алудың тағы бір жолы хлорбензолды сілтілік гидролиздеу.
C6H5Cl+2NaOH → C6H5OН+ NaCl+H20
Қалыптастырушы тапсырма:
Сәйкес қосылыстардың формулаларын қолдана отырып, келесі сызбаларды толықтыр:
1.
2.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?