Зертханалық тәжірибе № 4 «Этанолды этилен гидратациясы және глюкозаның ашуы арқылы алу». Химия, 11 сынып, қосымша материал.
Спирттерді алу жолдары
А) Спирттерді алкендерден алу
Этеннен этанол алу (Этеннің гидратациясы)
Этанол этеннің су буымен әрекеттесуі нәтижесінде алынады. Фосфор қышқылы катализатор болып табылады. Реакция қайтымды.
Этеннің тек 5% - ы реактор арқылы әрбір өту кезінде этанолға айналады. Тепе-теңдіктегі қоспадан этанолды бөліп алып және реакцияға түспеген этенді реакторға қайта жіберу арқылы 95% жалпы конверсияға (этеннің этанолға айналған бөлігі) қол жеткізуге болады.
Процесстің схемасы төменде көрсетілген.(Процесстің шарттарына назар аудар, есте сақтап ал)
Басқа спирттердің алкендерден алынуы
Кейбір спирттер – бірақ барлығы емес – алкендерді гидратациялау арқылы алынуы мүмкін. Осы реакцияда қолданылатын шарттар мен катализатор алынатын спирттің түріне байланысты таңдалады.
Төменде пропеннен спирт алудың мысалы көрсетілген. Марковников ережесін еске түсіріңіз.
Этанолды ферментация әдісімен алу
Бұл әдіспен тек қана этанолды алуға болады, басқа спиртті алуға болмайды.
Негізгі шикізат ретінде құрамында крахмалдың мөлшері жоғары өсімдіктер алынады, мысалы жүгері (АҚШ), бидай, арпа немесе картоп, кейде қант қызылшасы.
Бірінші қадам:
Күрделі көмірсутектерден қарапайым көмірсутектер алу.
Күрделі өңдеу процестері арқылы ең алдымен крахмалдан мальтоза немесе сахароза аланыда.
Әрі қарай қоспаға ашытқы қосып, жылы жерде ұстайды (мысалы, 35 ° C). Ашытқы құрамындағы ферменттер сахароза мен мальтозаны әрі қарай жай көмірсуларға, глюкоза мен фруктозаға, ыдыратыды. Олар әрі қарай этанол мен көмірқышқыл газына айналады.
C12H22O11 + H2O → 2C6H12O6
C6H12O6 → 2CH3CH2OH + 2CO2
Этанолдың концентрациясы 15 пайызға жеткен кезде, ашытқы өледі. Сол себепті этанолдың концентрациясын осыдан жоғары болмайды.
Әрі қарай таза этанолды алу үшін оны фракциялық айдауға ұшыратады. Нәтижесіде 96% этанол алынады.
Ферментация процесін этенді гидратациялаумен салыстыру.
| Ферментация | Этеннің гидратациясы |
Процестің түрі | Үздіксіз емес процесс. Барлық шикізатты контейнеррге салып араластырады, ферментация жүргенін күтеді. Әрі қарай алынған өнімді фракциялық айдау арқылы тазартады. | Үздіксіз процесс . реагенттерді үздіксіз катализатор беті арқылы өткізе береді. |
Реакция жылдамдығы | Өте баяу | Тез |
Реакция шарттары | Төмен температура (36-40) және атмосфералық қысым | Жоғары қысым мен температура (энергия керек) |
Қолданылатын шикізат | Өсімдіктерден алынатын сарқылмайтын ресурс | Мұнайдан алынады |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?