Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.3А Оттекті органикалық қосылыстар Күні: Сынып: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 11 А, В, С Қатысқандар саны: А (...), В (…), С (…) Қатыспағандар саны: А (...), В (…), С (…) | ||
Сабақтың тақырыбы | Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы | ||
Оқу мақсаттары | 11.4.2.40 Спирттер альдегидтер мен кетондар, карбон қышқылдары, эфирлердің құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау; | ||
Бағалау Критерийлері | -органикалық қосылыстардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды; -спирттер альдегидтер мен кетондар, карбон қышқылдары, эфирлерді ИЮПАК номенклатурасы бойынша атайды; -спирттер альдегидтер мен кетондар, карбон қышқылдары, эфирлердің құрылымдық формулаларын құрастырады; -органикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстарды жүзеге асырады; | ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындауы тиіс : Жазбаша немесе ауызша түрде спирттердің, фенолдардың, альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының алынуы және қолданылуы туралы жазбаша немесе ауызша түрде баяндама дайындай алады Пәндік лексика және терминология Гидроксил тобы, карбонил тобы, карбоксил тобы, фенолдар, күшті тотықтырғыш, тотықсыздану өнімдері, сутектік байланыс, электртерістілік, бензол сақинасы, карбол қышқылы, физиологиялық әсері Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер Функционалдық топ …….анықтайды Қосылыстар…….болып табылады. .... себебі неде? / қалай түсіндірер едіңіз …? .... кең қолданылуы ... негізделеді. Тотығу - бұл… ,ал тотықсыздану - бұл... Алкоголь ішімдіктерін шамадан тыс / қалыпты түтынылуы денсаулыққа байланысты проблемаларды тудырады / тудырмайды | ||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында білім құндылықтары: – Сыйластық (бір-бірінің ойын айту кезінде) – Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында) – Ашықтық (сұрақтарды ұялматсан қою және оларға жауап беру) - Өмір бойы білім алу | ||
Пәнаралық байланыстар | |||
Бастапқы білім | 10.1C Химиялық байланыс және заттың құрылысы 11.1A Органикалық химияға кіріспе 11.1B Көмірсутектер және олардың табиғи көздері | ||
Сабақтың барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 0-2 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. | Презентация | |
3-5 мин | Бейнебаян қарауды ұсыныңыз: ***Функционалдық топтар ***Функционалдық топтардың басымдығы *** Функционалдық топтың түріне қарай жіктеу | Bilimland.kz Қосымша | |
6-12 мин | Жеке жұмыс: Оқушыларға спирттер альдегидтер мен кетондар, карбон қышқылдары, эфирлердің функционалдық топтарын ұсынылған формулаларды ұсыныңыз. Олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтап, сипаттауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушыларға сұрақтар қойыңыз: ***Көрсетілген заттардың арасында ортақ не бар? ***Бұл заттардың химиялық қасиеттері ұқсас болады ма? ***Атомдардың қай топтары заттардың ұқсастығын дәлелдейді? | Қосымша 1 | |
13-15 мин | Бейнебаян қарауды ұсыныңыз: ***Органикалық қосылыстардың атаулары ***Функционалдық топтардан тұратын қосылыстарды атау | Bilimland.kz | |
Сабақтың ортасы 16-30 мин | Алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын ұсыныңыз. | Қосымша 2 | |
31-38 мин | Жұптық жұмыс: Оқушыларға жұптарда жұмыс істеуді ұсыныңыз: біріншісі қосылысты құрылымдық формуласы бойынша атайды, екіншісі атау бойынша құрылымдық формуланы бейнелейді. | ||
Сабақтың соңы 39-40 мин | Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне оралу. Оқушыларға кері байланыс беру. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді. «5-5-1» 5-5-1 әдісін сабақты қорытындылау үшін жиі қолдануға болады, себебі оқушылар бұл рефлексия арқылы өз ойын толық айтады және негізгі сөздерді таңдай отырып, сабақта қарастырған ақпараттың негізгі тұстарын көрсете алады.
| ||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?