Қазақстандағы көмірсутекті отын көздері. Химия, 11 сынып, қосымша материал 1.


Табиғи көмірсутектердің ішіндегі ең маңыздысы – мұнай. Мұнай – теңіз хайуандары мен өсімдіктерінің баяу ыдырауының нәтижесінді түзілген. Мұнай көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық, қызыл –қоңыр, кейде қара түске жақын немесе әлсіз жасыл –сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі. Суда ерімейді бірақ органикалық еріткіштерде ериді. Өзіндік иісі бар.Судан жеңіл мұнай= (0.73-0.98)г/см3. Жерде тұнбалық қабатында орналасады. Пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Қазақстан дүниежүзілік мұнай қорының 3%-на ие. Әлемдегі мұнайға бай 15 елдің қатарына кіреді. Кен орындары Қазақстанның 6 облысында орналасқан: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау. 172 мұнай кен орындары бар.Атырау облысында 75 мұнай кен орны, 39 мұнай кен орнына зерттеу жүргізілуде. Ең ірі кен орындары:Тенгиз (781млн. тонна), Королевское (55,1млн. тонна), Кенбай (30,9млн. тонна). Маңғыстау облысында 70 мұнай кен орны, 27 мұнай кен орнына зерттеу жүргізілуде. Ең ірі кен орындары: Узень, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас

Мұнай қорларының 90%-дан астамы– Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозащы, Әлибек мола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское ірі кен орындарына шоғырланған.

Тас көмір- Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі. Республикамыздың орталық бөлігінің 3000 км2 ауданын алып жатқан Қарағанды көмір алабының жалпы геологиялық қоры 60 млрд тоннаға жуық. Негізгі кең орындары- Абай,Сарань, Шерубайнұра, Шахтинск, Михайловка. Маңызы жөнінен Қарағандыдан кейін екінші орында –Екібастұз. Ол 200 км2 -қа жуық шағын ауданды алып жатса да, жалпы қоры – 17 млрд тоннадай. Екібастұз алабының артықшылығы – көмір қабаттары жер бетіне жақын (100м-ге дейін) жатқандықтан, өндіру ашық әдіспен жүргізіледі де, өзіндік құны арзанға түседі. Екібастұз көмірі, негізінен, отын ретінде электр және жылу станцияларында қолданылады. Негізгі кен орындары – «Алып» («Богатырь»), «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштері.

Табиғи газ өндірісі – Қазақстанның ең жас өнеркәсіп саласы. Табиғи газ негізінен, Маңғыстау түбегінде, Ембі бассейнінде, Орал, Атырау кеңіштерінде өндіріледі 2001ж.Қазақстан аумағындағы барлық газ қоры -9,5трлн.м³ болып есептеледі, оның

68%-і Орал облысында орналасқан.

 Қазақстанда мұнай және газ өндірісінің өсуіне байланысты оларды өңдейтін кәсінорындар да даму үстінде. Мысалы, Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай зауыттары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды