Әр түрлі отын түрлерінің (көмір, мұнай, табиғи газ) жану тиімділіктерін салыстыру. Қазақстандағы көмірсутекті отындардың көздері. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.2А Көмірсутектер және олардың көздері | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Әр түрлі отын түрлерінің (көмір, мұнай, табиғи газ) жану тиімділіктерін салыстыру. Қазақстандағы көмірсутекті отындардың көздері | ||||||
Оқыту мақсаты | 11.4.2.33 көміртек қосылыстарын отын ретінде қолдануға болатынын білу; 11.4.2.34 көмір, мұнай, табиғи газдардың Қазақстандағы кен орындарын карта бойынша анықтау; | ||||||
Сабақ мақсаттары | - көмірсутектердің табиғи көздерінің және олардың өнімдерінің энергия және химиялық шикізат көзі ретіндегі құндылығын білу. - Қазақстандағы көмір, мұнай және табиғи газ кен орындарын білу; | ||||||
Бағалау критерийлері | Топтық жұмысқа белсенді қатысады: • қосымша ақпарат көздерімен, зерттеу дағдыларымен жұмыс істей біледі; • сыныптастарының алдында сөйлей алады, яғни коммуникациялық қабілеті | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: мұнайды қайта өңдеудің өнімдері және олардың қолданылуы жайлы презентация/бейнематериалдан негізгі мәліметтерді белгілеп отырады Қайта қалпына келмейтін көмірсутекті отындарды жаққанда улы және парникті газдар түзілу проблемасын талқылайды. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | студенттердің табиғи көмірсутек көздерін пайдалануға байланысты экологиялық және әлеуметтік проблемаларды бағалаудағы дұрыс өмірлік ұстанымы. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | биология, экология, тарих, география, физика | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, мультимедиалық тақта | ||||||
Бастапқы білім | Органикалық химияға кіріспе Көмірсутектер | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Оқушылармен сәлемдеу. Сабақтың мақсаттарын айқындау. | ||||||
Сабақтың ортасы | Оқушылармен «Әр түрлі отын түрлерінің тиімділіктерін салыстыру» деген зерттеулік жұмысын жасау үшін, алдымен олармен жұмыстың жоспары жайлы талқылау Зерттеудің гипотезасын құрастыру. Демонстрациялық жұмыс – «Суды жылыту арқылы әр түрлі отын түрлерінің тиімділігін салыстыру». Оқушылар әртүрлі отын түрлерін, мысалы, гексан, этанол, бутанол, парафинді салыстыру үшін демонстрациялық жұмысты өздері жоспарлауы керек. Олар жоспарды жан-жақты ойластыру керек, яғни эксперименттің дәлдігі, жылу шығынын мейлінше азайту үшін, тиімді жолдар және т.б. 1. Жұмыстың мақсаты 2. Гипотеза 3. Реагенттер: гексан, этанол, бутанол, парафин, су 4. Құрал-жабдықтар: штатив, пробиркалар, ұстағыш, спиртшам, термометр, электронды таразы, су төгуге арналған стакан. Оқушылар топпен демонстрация кезінде алынған нәтижелер бойынша есептеулер жүргізеді және қай отынның тиімді екенін анықтайды.
Мұғалім: Біз көмірсутектер класын оқып бітірдік. Олар қарапайым органикалық қосылыстар, тек екі элементтен тұрады - көміртегі мен сутегі, бірақ олардың маңызы өте зор. - Көмірсутектердің қандай табиғи көздері бар? Жауап: Көмірсутек шикізатының маңызды көздері табиғи және ілеспе мұнай газдары, мұнай, көмір болып табылады. ВИДЕО Көмірсутектердің табиғи көздерімен танысу (КЕСТЕ)
Сыныппен талқылаңыз, Қазақстанда көп көлемде көмір, мұнай және табиғи газдардың қоры бар екендігін. Студенттерден Қазақстандағы көмір, мұнай және табиғи газ кен орындары туралы ақпарат табуды сұраңыз (телефон, планшет, ноутбукті пайдалануға болады). Топтық жұмыс: Оқушылар 3 топқа бөлініп, әр топқа Қазақстанның контурлы картасы ұсынылады, бірінші топ көмір кен орындарын, екінші топ – мұнай кен орындарын, ал үшінші топ табиғи газ кен орындарын көрсетулері керек. Әр топ өз тапқан кен орындары жайлы есеп тапсырып жатқанда, басқа топтар өздерінің карталарына белгілейді. Оқытушы студенттермен бірге жұмысты бағалау критерийлерін құрастырады. Топтар арасында бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау жүргізіледі. | Презентация Жұмыс парағы Видео Презентация Қазақстан-ның картасы | |||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Маған түсінікті болған үш нәрсе: Мен атсалысқан екі нәрсе: Маған түсініксіз қалған үш нәрсе: | ||||||
Үй жұмысы | Отын жағу кезіндегі энергия мөлшерін есептеу (Билимленд сайтынан алынған ПДФ файлдар) | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?