Көмірсутектер мен олардың туындыларының генетикалық байланысы. Химия, 11 сынып, қосымша материал.
Тапсырма №1
Кім жылдам? (миға шабуыл)
Сұрақтарға тез-тез жауап беріледі, әр оқушының жауабын бақылаушы бақылау тақташасына белгілеп отырады.
1. Батпақты жерлерде, тас көмір шахталарында кездесетін газ? (метан).
2. Молекуласында екі қос байланысы бар көмірсутектер (диен көмірсутектері).
3. Бензолдың құрылымдық формуласын ұсынған ғалым (А.Кекуле, 1865ж).
4. Молекулалық құрамы бірдей, бірақ химиялық қасиеттері әр түрлі болатын заттар (изомерлер).
5. Аминқышқылдары бір-бірімен әрекеттескенде түзілетін байланыс (пептидтік байланыс).
6. Сахарозаның гидролиздену өнімдері (глюкоза мен фруктоза).
7. Нуклеин қышқылдарының құрамындағы пентозалар (рибоза, дезоксирибоза).
8. Табиғи полимерлер қатарына жататын көмірсулар (крахмал мен целлюлоза).
9. Денесінде қышқыл бар жәндік (құмырсқа).
10. Улы көпатомды спирт (этиленгликоль).
11. Хирургиялық аспаптарды дезинфекациялауда қолданылатын зат (фенол).
12. Формальдегидтің 40%-тік ерітіндісі (формалин).
13. Сірке қышқылынан жасалатын дәрі (аспирин).
14. Глицериннен алынатын қопарылғыш зат (нитроглицерин).
15. Сүтті шырынынан ең алғаш рет каучуг алынған ағаштың аты (гевея ағашы, отаны – Бразилия).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?