Көмірсутектер мен олардың туындыларының генетикалық байланысы. Химия, 11 сынып, презентация.
Тапсырма №1 Кім жылдам? (миға шабуыл)
Сұрақтарға тез-тез жауап беріледі, әр оқушының жауабын бақылаушы бақылау тақташасына белгілеп отырады.
1. Батпақты жерлерде, тас көмір шахталарында кездесетін газ? (метан).
2. Молекуласында екі қос байланысы бар көмірсутектер (диен көмірсутектері).
3. Бензолдың құрылымдық формуласын ұсынған ғалым (А.Кекуле, 1865ж).
4. Молекулалық құрамы бірдей, бірақ химиялық қасиеттері әр түрлі болатын заттар (изомерлер).
5. Аминқышқылдары бір-бірімен әрекеттескенде түзілетін байланыс (пептидтік байланыс).
6. Сахарозаның гидролиздену өнімдері (глюкоза мен фруктоза).
7. Нуклеин қышқылдарының құрамындағы пентозалар (рибоза, дезоксирибоза).
8. Табиғи полимерлер қатарына жататын көмірсулар (крахмал мен целлюлоза).
9. Денесінде қышқыл бар жәндік (құмырсқа).
10. Улы көпатомды спирт (этиленгликоль).
11. Хирургиялық аспаптарды дезинфекациялауда қолданылатын зат (фенол).
12. Формальдегидтің 40%-тік ерітіндісі (формалин).
13. Сірке қышқылынан жасалатын дәрі (аспирин).
14. Глицериннен алынатын қопарылғыш зат (нитроглицерин).
15. Сүтті шырынынан ең алғаш рет каучуг алынған ағаштың аты (гевея ағашы, отаны – Бразилия).
Көмірсутектер мен олардың туындыларының генетикалық байланысы
Оқу мақсаты:
11.4.2.47 органикалық заттардың генетикалық байланысы негізінде өзгерістер тізбегін құрастыру;
Көптеген өндірістік процестер көп сатылы процесті қамтиды, оның барысында бір функционалды топтар басқа функционалды топтарға айналады.
Бір заттан екінші затты алуды жоспарлау кезінде химиктер ескеруі керек ...
бір функционалды топты басқасына ауыстыру үшін реагенттер қажет
басқа функционалды топтардың болуы - егер олар реакция әрекеттессе
қажетті жағдайлар - температура, қысым, катализатор
реакция жылдамдығы
шығым- әсіресе тепе-теңдік реакциялар үшін маңызды
атом экономикасы
қауіпсіздік - реактивтер мен өнімдердің улылығы мен жанғыштығы
қаржылық экономика - химиялық заттардың құны, өнімге сұраныс
тазарту мәселелері
оптикалық белсенді өнімдердің мүмкіндігі
Функционалды топтар бойынша жіктелуі
Функционалды топтар бойынша жіктелуі
Қаныққан көмірсутектерден қанықпаған көмірсутектер алуға болады және қанықпаған көмірсутектерден қаныққан көмірсутектер мен спирттер алуға болады.
Спирттерден карбон қышқылдарынКарбон қышқылдарының қасиеттері, одан күрделі эфирлер алуға болады. Спирттер мен карбон қышкылдарын көмірсутектердің біртіндеп тотығу өнімдері деп қарастыруға болады.
Көмірсутектерден басқа органикалық қосылыстардың бәрі көмірсутектердің туындылары.
Құрамында көміртек атомының саны бірдей қосылыстардың (көмірсутек, спирт, карбон қышқылы) құрамдарын салыстыратын болсақ, осы қатарда көміртектің массалық үлесі азайып, ал оттектіңОттек массалық үлесі көбейе беретіні байқалады.
Тапсырма №2:
Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыздар
Дескрипторлар:
Айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрады
Гидрлену, дегидрлену реакцияларын ажырата алады
Жалпы формулаларын қолдана отырып, өкілдеріне мысал келтіреді
Тапсырма №3:
Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыздар
Дескрипторлар:
Айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрады
X, Y, Z заттарын дұрыс анықтайды
Басқа қосылыстарды дайындауға қатысады, мысалы ...
Тапсырма №4: Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыздар
Дескрипторлар:
Айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрады
Реакция типтерін анықтайды
Түзілген өнімдерді дұрыс атайды
Talk Partners «сұхбаттасатын жұп»
Жұбыңызбен:
• 3 үйренген нәрсе;
• Не оңай болды?
• Не қиын болды?
• Тағы да не нәрсе туралы білгіңіз келетіні жайлы әңгімелесіңіз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?