Көмірсутектер мен олардың туындыларының генетикалық байланысы. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары,


11.2 A

Көмірсутектердің және олардың туындыларының генетикалық байланысы

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Көмірсутектер мен олардың туындыларының генетикалық байланысы

Оқу мақсаты:

11.4.2.31 органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысының сызбанұсқасын құру;

Сабақтың мақсаты

- Оқушылар алкан, алкен, ароматты көмірсутектер мен спирт, галогеналкандардың химиялық қасиеттерін қайта қарастыру;

- химиялық қасиеттеріне негізделе отырып осы функционалдық топ қосылыстарының арасында генетикалық байланыс құру.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Генетикалық байланыс негізінде органикалық заттарды бір-бірінен алу реакция теңдеулерін құрастырады

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Көміртегі қосылыстары, алкан, алкен, алкин, галогеналкандар, аромат көмірсутектер, аминдер, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, функционалдық топтар, генетикалық байланыс

Бағалау критерийі

-Әр функционалдық топтың химиялық қасиеттерін сипаттай алады;

-Бір класстан екінші класқа ауыстыру үшін қажет реагенттер мен өнімдерді анықтай алады;

- Белгілі бір органикалық қосылыстың бірнеше сатылы түзілуін ұсына алады.

Алғашқы білім:

Көмірсутектердің химиялық қасиеттері

Құндылықтармен байланыс

Адамдар арасындағы қатынасты дұрыс қадірлей алу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Ресурстар

Басы

1-7 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім «миға шабуыл» әдісін қолданады. Оқушы қолындағы шарды бір біріне лақтыра отырып, мұғалімнің сұрағына жылдам жауап беріп, шарды жылжыту керек.

  • Қос байланысты құрылымға ие органикалық қосылыс класын ата?
  • Алкендерге тән сапалық реакция?
  • Алкандар қосылу реакциясына қатысама?
  • Спирттердің алдыңғы 5 гомологтық қатарын ата?
  • Алкандардың галогендену реакциясының 2 сатысын ата?
  • Альдегидтердің гидрлену өнімін ата?
  • Гидратация реакциясына анықтама бер?
  • Пропанондағы сигма мен пи байланысының санын ата?
  • Генетикалық қатар дегеніміз не?
  • Генетикалық байланыс дегеніміз не?

Слайд

№ 1-2

Ортасы

8 -14 мин

15-26 мин

27– 36 мин

Оқушыларға қазақта ЖЕТІ саны киелі сан болып саналады. Жеті санмен байланысып келетін сөз тіркестерін ұсынуды талап етіңіз.

Жеті ата, жеті қазына, жеті жарғы, жеті жұт.......

«Жеті атасын білу тектіліктің белгісі» деген мател де бар, жеті атаны атай алар ма екекен оқушылар, оны да байқап көріңіз.

Жеті ата: тек ата, түп ата, баба, арғы ата, ата, әке, бала арасындағы гендік қатынас пен байланыстың барлығын түсіну оңай.

Химияда қосылыстарды әр кластарға топтасады, әр топтағы қосылыс сол топтың қасиетін көрсетеді. Қосылыстар бір топтан екінші топ қосылыстарын түзе отырып химиялық реакцияға түседі.

Органикалық қосылыстардың генетикалық байланысын білу практикалық маңыздылығы зор. Өндірістік процестер көп сатылы процесті қамтиды, оның барысында бір функционалды топтар басқа функционалды топтарға айналады.

Топтық жұмыс:

Оқушыларды 3 топқа бөліп,әр топқа әртүрлі органикалық заттардың формулалары жазылған карточкалар ұсынылады. Берілген заттардың функционалдық топқа жіктей отырып генетикалық қатар құрастырып осы өзгерістерді жүзеге асыратын химиялық реакция теңдеулерін жазады.

CH4 , CH3Cl, CH3-C//O – CH3 , CH3-C//O – H ,

C2H5OH, CH2=CH2, CH2Br-CH2Br, CO2

Әр топ реакция теңдеулерін өзара алмастыра отырып өзара бірін-бірі бағалау алып барады.

Дискриптор:

  • Қосылыстарды топқа дұрыс жіктей алады.
  • Айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрады.
  • Түзілген өнімдердің номенклатурасын дұрыс атай алады.

Жұптық жұмыс:

Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыздар.

Дескрипторлар:

  • Айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрады
  • Реакция типтерін анықтайды
  • Түзілген өнімдерді дұрыс атайды
  • Белгісіз зат X1 , X2 , X3 анықтайды.

Слайд №3-6

Слайд7-8

Слайд №9

Соңы

37-40 мин

Кері байланыс:

Рефлексия. Мақсаттарға оралу. 

Бағдаршам бойынша сабаққа кері байланыс беру. 

.

Слайд 10

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен

байланыс

Барлық оқушылар:

Өзгенің пікіріне деген құрмет. Өз ісіне жауапкершілік құндылықтары.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

W = сыныппен жұмыс P = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау  = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?