Реакция өнімі шығымына есептер шығару. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақтың жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Алматы қ. ФМБ НЗМ

Көмірсутектердің генетикалық байланысы және олардың туындылары Мұғалімнің аты-жөні: Самакова Л.К.

Сынып: 11 Күні: қатысқандар саны:………..

қатыспағандар:……….

Сабақтың тақырыбы

Реакция өнімі шығымына есептер шығару.

Оқу мақсаттары

- Өнімнің шығымын, реакция өнімінің мөлшерін (көлемін, массасын) реагенттің мөлшері (көлемі, массасы) бойынша есептеу

Сабақтың мақсаты

Бағалау критерийлері

Оқушы:

- Есептің шартын қалай тұжырымдауды біледі

- Реакция теңдеуін дұрыс жаза алады және коэффициенттерді орналастыра алады

- Заттың мөлшерін есептеуге арналған формулаларды біледі

- Теориялық және практикалық массалардың айырмашылығын біледі

- Реакция өнімінің шығымын есептей алады

- Үш есепті (толық шартымен, шешімімен, өлшем бірлігімен) дұрыс шешеді

Тілдік мақсаттары

Оқушылар жасай алады:

– өнім және реагенттің зат мөлшеріне қатысты сұрақтар қойып, оған жауап беруде арнайы лексикалық сөздерді қолданады.

 Пән үшін арнайы лексика және сөздік:

Теориялық және практикалық масса, өнімнің шығымы

Диалог жүргізу үшін пайдалы сөйлемдер:

Реакция өнімінің теориялық мүмкін шығымы; теориялық массадан практикалық масса кіші;

Құндылықтар

Өмір бойы білім алу - оқушылар химиялық реакцияларды басқару және білімді күнделікті өмірде қолдану мүмкіндігі туралы идеяларды дамытады.

Пәнаралық байланыстар

Математика - график салу / оқу дағдыларын қолдану

Бастапқы білім

Формуланы қолданып зат мөлшерін, көлемін, массасын есептеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру.

Сабақтың басында оқушылардың назарын концентрацияға аудару. Зат мөлшерін, молярлық масса және көлем есептеуге формуласын қайталау, есептің шартын жазу. Слайд 2

Презентация

Слайдтар

Сабақтың ортасы

5 мин

7 мин

3 мин

5 мин

10 мин

3 мин

2 мин

Қайталап болған соң сабақтың проблемалық сұрақпен бастаңыз, шығаруға есеп беріңіз. Слайд 4

6,72 л хлор мен темірді әрекеттестіріп темір (ІІІ) хлоридін алды. Бұл жағдайда өнімнің массасы қандай болады? Нақты тәжірибеде 27 г алынды.

Есептің берілгенін талқылаңыз. Оқушылар тапсырмада массасы көрсетілген болса да өнімнің массасын табу керектігіне назар аудару керек. Қандай массаны табу керек?

Теориялық және практикалық масса түсінігін талқылаңыз. Мүмкін балалар өздері айтады.

Теориялық массаны есептеп табады, ал практикалық масса іс-жүзінде анықталады.

Оқушылардан тақырыпты ұсынуын, оқу мақсатын және бағалау критерийлерін құрастыруын сұраңыз. Тақырыпты жазып, бағалау критерийлерін және мақсатты айқындап болған соң сабақты жалғастырамыз. Слайд 1, 3

Есептеулерге қарағанда нақты химиялық реакцияда өнімнің массасы үнемі аз болады.

Практикалық масса – бұл іс-жүзінде алынған, ал теориялық масса іс-жүзінде алынуы керек масса.

Есептеулерге қарағанда нақты химиялық реакцияда өнімнің массасы үнемі аз болады.

Неге? Оқушыларға жауап беруіне мүмкіндік беріңіз. Слайд 5

  • Көптеген химиялық реакциялар қайтымды және соңына дейін жүрмейді.
  • Органикалық заттар өзара әрекеттескенде жиі жанама өнімдер түзіледі.
  • Гетерогенді реакцияларда заттар нашар араласады және заттардың бір бөлігі жай ғана реакцияға түспейді.
  • Газ тәрізді заттардың бір бөлігі ұшып кетуі мүмкін.
  • Тұнба пайда болғанда заттардың бір бөлігі ерітіндіде қалуы мүмкін. Слайд 6-7

Қорытынды:

  • Теориялық масса үнемі практиклаық массадан үлкен;
  • Теориялық көлем практикалық көлемнен үнемі үлкен.

Теориялық шығым 100% құрайды, практикалық шығым үнемі 100% аз болады.

Реакция теңдеуі бойынша өнімнің мөлшері – теориялық шығымы 100% сәйкес келеді.

Реакция шығымы – практикалық массаның теориялық массаға қатынасы 100% асуы мүмкін емес))

Формуланы және есепті шщығарудың алгоритмін жазып алады. (алгоритмді шығарып, таратып беруге болады) (Слайдтар 8-13)

Бір тапсырманы бірге шешуге болады. Оқушыны тақтаға шығару.

Тапсырма. Зат мөлшері 0,5 моль бензол бромның артық мөлшерімен (катализатордың қатысында) әрекеттесті. Массасы 70 г. бромбензол түзілді. Бромбензолдың шығымын анықтаңыз.

Сосын өздік жұмысқа нұсқалары көрсетілген тапсырмалар тарату.

Қочсымша 1 және 2.

Кейбір оқушылармен жеке жұмыс (қолдау).

Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзара бағалау.

Қосымша 3

Кері байланыс. Қосымша 4

Оқушылар кері байланыс жазып жатқанда қорытынды бағаны іліп қою керек.

Презентация

Слайдтар

Видео

Сабақтың соңы 2 мин

БК жеткенін/жетпегенін сабақтың соңында іліп қою.

Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді.

Үй тапсырмасы: Видео. Дифференциалды тапсырмалар ұсыну.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формаларында және тапсырмаларды таңдауда көрінеді.

Оқушылардың білімін бағалау білімді жаңарту және зертханалық жұмыстардан қорытынды шығару кезеңдерінде жеке жүзеге асырылады; білімді жалпылау кезеңінде фронтальды бағалау болады.

Қауіпсіздік ережелері

компьютерде жұмыс істеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?