Бензол және оның гомологтарының қасиеттері. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

11.2А Көмірсутектер және олардың табиғи көздері

Мектеп: ФМБ НЗМ Көкшетау қ,

Сынып: 11 (ГҚБ)

Мұғалімнің аты-жөні: Абильмажинова Т.Т.

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

  • Бензол және оның гомологтарының қасиеттері

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.29 - бензол және оның гомологтарына тән қасиеттерін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Сабақтың соңында барлық оқушылар орындай алады:

  • бензол гомологтарының жүйелік және тривиалдық атауларын бере алады
  • бензол және оның гомологтарының физикалық қасиеттерін түсіндіреді
  • бензол және оның гомологтарына тән химиялық қасиеттерін сипаттайды

Бағалау критерийлері

Оқушылар орындай алады:

  • бензол гомологтарының жүйелік және тривиалдық номенклатура бойынша атауларын бере алады
  • бензол және оның гомологтарына тән физикалық қасиеттерін атай алады
  • бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттерін алкандармен салыстырады
  • бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттерін алкендермен салыстырады
  • бензол және оның гомологтарына тән қасиеттерін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат: пәнге қатысты арнайы лексиканың көмегімен бензол және оның гомологтарына тән қасиеттерін ауызша сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

бензол гомологтары, арендер, толуол, стирол, кумол, ксилол, бром суы, орынбасу реакциялары, қосып алу реакциялары, делокализация

Диалог пен жазуға арналған сөздердің пайдалы жинағы:

Бензол және оның гомологтары .... ериді

Бром суымен ...... араластырғанда ......... байқалады.

Калий перманганатының …… түсі ....... араласқан кезде .....

Бензол және оның гомологтары үшін тән реакциялар …….., себебі …..

Алкандармен салыстырғанда бензол және оның гомологтары …….. реакциясына .... қатысады.

Алкендермен салыстырғанда бензол және оның гомологтары …….. реакциясына .... қатысады.

Құндылықтарды дарыту

Когнитивті компонент: түрлі деңгейдегі сұрақтарды құрастырып, талқылайды (ұлттық, жаһандық) сыни талдау жасайды;

Әлеуметтік-эмоциональдық: өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді; жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;

Танымдық: сынып ережесіне бағынады; өз іс-әрекетіне жауап береді.

Пәнаралық байланыстар

Математика: арендердің жалпы формуласы, изомерлерді анықтау.

Физика: бензолдың физикалық қасиеттері.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, видео-тәжірибелер

Бастапқы білім

Алкандардың химиялық қасиеттері

Алкендердің химиялық қасиеттері

Бензолдың құрылысы

Сабақбарысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

2 минут

5 минут

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Бензол гомологтарының номенклатурасы.

Оқушыларға бензол гомологтарының құрылымдық формулалары мен олардың жүйелік атаулары бар тапсырма ұсынылады. Олар формулалар мен атаулардың арасында сәйкестіктерді орнатады.

Бұл тапсырманы оқушылар алдымен жұпта орындайды, ал одан кейін өзара бағалау жұмысы ұйымдастырылады.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тексереді, жалпы қорытындылар жасалады.

Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсаттары анықталады.

Оқушылармен бірге анықтама беріледі: Бензол гомологтары (арендер) – бұл бензол молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары (R) басқан кезде түзілетін қосылыстар.

Мұғалім оқушыларды арендердің жалпы формуласымен таныстырады: СnН2n–6

Оқушыларға арендердің тривиалдық атаулары ұсынылады.

Бензол гомологтарының номенклатурасы

Презентация

слайд №1

слайд №2

слайд №3

Сабақтың ортасы

3 минут

7 минут

Бензол және оның гомологтарының физикалық қасиеттерін зерттеу.

Мұғалім: Бензол және оның жақын гомологтары – арнайы иістері бар түссіз сұйықтықтар.

  • Бензол улы зат, сондықтан мектеп жағдайында барлық тәжірибелерді жүргізуге тыйым салынады.

Оқушыларға «Бензолдың физикалық қасиеттерін зерттеу» видео-тәжірибесін көру және кестені толтыру ұсынылады.

Бензолдың физикалық қасиеттерін зерттеу

Бақылаулар

Қорытынды

1

Бензол сумен

2

Бензол этанолмен

3

Бензол эфирмен

4

Бензол және костор майы

5

Бензол мұзды суда

Осыдан кейін оқушылар жалпы қорытындылар жасайды және бензолдың физикалық қасиеттерін атайды (оқушылардан күтілетін жауаптар):

  • бензол суда ерімейді
  • бензол спиртте және эфирде ериді
  • бензол жақсы еріткіш
  • Тқ = +5,50С, мұзды суда қатады.

Мұғалім оқушыларға бензолдың қайнау температурасын көрсетеді: 80ºС.

Видео:

https://www.youtube.com/watch?v=k2P5gzGc2YQ&feature=youtu.be

Бензолдың

физикалық қасиеттері

Слайд №4

3 минут

5 минут

Оқушыларға қанықпаған көмірсутектердің сапалық реакциясы болатын бром суымен және калий перманганаты ерітіндісімен бензолдың әрекеттесу нәтижелерін болжау ұсынылады.

Мәселеләк сұрақ:

  • Бензол бром суымен әрекеттесе ме? Жауапты түсіндіріңдер.
  • Бензол калий перманганаты ерітіндісімен әрекеттесе ме? Жауапты түсіндіріңдер.

Оқушылар «Бензолдың бром суына және калий перманганатының ерітіндісіне әсерін зерттеу» видео-тәжірибесін көріп, кестені толтырады.

Әсерін зерттеу

Бақылаулар

Қорытынды

1

Бензолдың калий перманганаты ерітіндісіне

2

Бензолдың бром суына

Оқушылар бақылау нәтижелерін талқылайды және жалпы қорытындылар жасайды (оқушылардан күтілетін жауаптар):

  • бензол бром суын түссіздендірмейді, ендеше қос байланыс бойынша қосып алу реакциясы жүрмейді
  • бензол калий перманганаты ерітіндісін өзгеріссіз қалдырады, ендеше тотығу жүрмейді.

Слайд №5

Видео:

https://www.youtube.com/watch?v=pJ1hJBCaxhg&feature=youtu.be

Бензолдың бром суына және калий перманганаты ерітіндісіне әсерін зерттеу

3 минут

Мұғалім: Бензол және оның гомологтары молекулары құрылысының ерекшеліктерін ескеріп, оларға қандай химиялық реакциялар тән болатынын болжаңдар. Өздеріңнің жауаптарыңды тақтаға жазыңдар.

Оқушылар жауаптарын ұсынады:

Орынбасу реакциялары ( алкандармен салыстырыңдар)

Қосып алу реакциялары (алкендермен салыстырыңдар)

Қорытынды: Бензол және оның гомологтары қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің арасынан аралық орынды алады. Сондықтан олар орынбасу және қосып алу реакцияларына қатысады. Алайда қосып алу реакциялары орынбасу реакцияларына қарағанда қиын жүреді.

Слайд №6

7 минут

Оқушылар тест түріндегі тапсырмаларды шешеді. Осы кезде әрбір оқушы жеке жауап береді. Кейіннен дұрыс жауаптар көрсетіледі, оқушы өзін-өзі бағалайды.

Слайд №7

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- не білдім, нені үйрендім;

-нені түсінген жоқпын;

-не туралы білгім келеді.

Слайд №8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырма бойынша дифференциациялау:

Сабақтың басында қабілеті жоғары оқушылар бензол гомологтарының номенклатурасын түсіндіреді.

Видео-тәжірибелерді қолдану арқылы визуалдар мен аудиалдар ақпаратты көрнекі түрде қабылдай алады.

Бақылау нәтижелерін талқылау барысында қабілеті жоғары оқушылар дұрыс қорытындылар жасайды.

Өзара бағалау.

Видео-тәжірибелердің бақылауларын талқылау.

Тест түріндегі тапсырмалар.

Өзін-өзі бағалау.

Денсаулықты сақтайтын технологиялар.

Видео-тәжірибелердің ұзақтығы 3 минуттан аспайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?