Алкиндер қасиеттері. Химия, 11 сынып, қосымша материал.


 «Алкиндердің қасиеттері» сабағына әдістемелік ұсыныстар

11.2А-бөлім Көмірсутектер және олардың табиғи көздері

Бұл тақырыпта оқушылар алкиндерді алу тәсілдерін, физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеп, осы көмірсутектердің алкендерге ұқсастығын анықтауы керек, осы ұқсастық негізінде алкиндердің химиялық және физикалық қасиеттерін болжауы керек

 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

 

 11.4.2.26 алкиндердің гомологиялық қатарын, құрылысын, физикалық және химиялық қасиеттерін, оларды алу тәсілдерін қарастыру

 Осы мақсаттарға жету үшін келесі әдістерді пайдалануға болады:

Ми шабуылы.

Алкиндердің алкендер сияқты ұқсас физикалық қасиеттері бар екенін ескере отырып, студенттерге алкиндердің физикалық қасиеттерін өз бетінше болжауды ұсыныңыз. Оқушылар өз болжамдарын диаграмма түрінде жасайды. Диаграмманы жасағаннан кейін сипаттарды талқылап, қорытынды жасаңыз.

Fill the gaps активити.

Бұл активити алдыңғы білімді өзектендіруге ықпал етеді, студенттерге химиялық реакцияларға атаулар беріп, реактивтер мен өнімдер қосылыстарының формулаларын құру қажет.

Matching активити.

Оқушылар реакция атауларын осы атауларға сәйкес келетін теңдеулермен салыстыруы керек. Бұл активити оқушыларға алкиндерге тән химиялық реакцияларды жақсы есте сақтауға мүмкіндік береді. Тапсырманы орындағаннан кейін студенттермен осы реакцияларды талқылаңыз, олардың алкендер реакцияларымен ұқсастығы туралы қорытынды жасаңыз.

Пирамида (1-2-4) активити.

Оқушылар басында мәселені өз бетінше шешуге тырысады, содан кейін жұпта мәселені шешу барысын талқылайды (жеңіл), содан кейін оқушылар көрші жұппен бірігеді және енді топтарда мәселені (күрделі) шешеді, содан кейін оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес өзара бағалау жүргізуі қажет. Бұл активити оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

«Кім екенін табыңыз....» активити.

Оқушылар жұмыс парағындағы сұрақтарға сәйкес бір-бірімен сауалнама жүргізеді, егер оның сыныптасы жауапты дұрыс тұжырымдай алса, оқушы оның атын жұмыс парағына жазады, содан кейін мұғалім мен оқушылар сұрақтарды талқылай алады, мұғалім сұраққа жауап бере алатын және тексерушінің объективтілік дәрежесін және оның білім деңгейін тексере алатын оқушының атын сұрайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?