Практикалық жұмыс №1 «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу». Химия, 11 сынып, қосымша материал 2.


 Әдістемелік нұсқаулық

 

 Бұл сабақта «Көмірсутектер және олардың табиғи көздері» бөлімі бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныпқа арналған «Химия» курсы бағдарламасында қарастырылған №1 практикалық жұмыс «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу» қаралады.

 Жұмысқа кіріспес бұрын оқушылар химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін қайталап, жұмыс нұсқаулығымен және қауіпсіздік техникасымен танысып алу керек.

 Тәжірибелер барысында реакциялар нәтижесінде пайда болатын барлық өзгерістерді (ерітіндінің немесе реакциялық қоспаның түсінің өзгеруі, газдың түзілуі және т.б.) мұқият бақылау қажет. Барлық бақылаулар мұқият жазылуы керек.

 Практикалық жұмыс үшін жеке дәптер бастаған дұрыс, онда мына мәліметтер көрсетілуі керек:

 1. Жұмыстың мақсаты.

 2. Жабдықтар мен реактивтер.

 3. Тәжірибе атауы.

 4. Тәжірибе бойынша бақылаулар.

 5. Тәжірибе бойынша қажетті реакция теңдеулерін жазу.

 6. Тәжірибеге қорытынды жасау.

 Жұмыс 40 мин сабаққа арналған. Осы жұмыстарды орындау барысында оқушылар алған білімдерін жүйелеп, жалпылау керек. Жұмыс оқушылардан бұрын алған теориялық білімдерін шығармашылықпен қолдануды талап етеді.

 Ескертпе:

 Бұл жұмыс келесі практикалық жұмыспен (Практикалық жұмыс №2 «Этеннің сапалық реакцияларын зерттеу») бір сабақта немесе кезек-кезек жұптасқан сабақта орындалғаны талап етіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу