Практикалық жұмыс №1 «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу». Химия, 11 сынып, қосымша материал.


Қауіпсіздік ережелері

Зертханалық жұмыс кезінде

• Зертханада тамақ ішуге және су ішуге тыйым салынады.

• Контактілі линзаларды химия зертханасы сабағында кию ұсынылмайды.

• Зертханаларда қауіпсіздік көзілдірігі ұсынылады. Ашық аяқ киім зертханада ешқашан киюге болмайды.

• Зертханада жұмыс жасағанда ұзын шашты жинаңыз.

• Ерітіндіні алғанда тамшуыр толтырғышты пайдаланыңыз.

• Жазатайым оқиғалар мен қауіпті оқиғалар туралы дереу хабарлаңыз (барлық химиялық заттың төгілуі, шыны ыдыстардың сынуы және күйіп қалу).

Қалдықтарды жою

• Барлық сынған немесе шытырлаған шыны ыдыстар зертханадағы белгіленген контейнерлерге тасталуы керек. Ешқашан сынған шыныны қоқыс жәшігіне тастамаңыз. (Қызыл түсті қоқыс жәшігін қолданыңыз)

• Қол жуғыштың ішіне қатты қалдықтарды салмаңыз. Оларды тиісті қоқыстарға салыңыз.

• Қышқылдар мен негіздерді бөлек берілген контейнерлерге жинап алып тастамас бұрын залалсыздандырыңыз.

• Мүмкіндігінше қайта пайдалану үшін дистилляция көмегімен органикалық еріткіштерді жинаңыз және қайта өңдеңіз.

• Ешқашан химиялық заттарды мектеп қалдықтарын жинайтын алаңға тастамаңыз.

Шығар алдында тазалау

Әр тәжірибенің соңында және зертханадан шықпас бұрын қауіпсіздік тексерісін өткізіңіз.

Көз жеткізіңіз:

- Газ, су, электр және жылу құрылғылары өшіп тұрғанына.

- Пайдаланылмаған материалдар, жабдықтар мен құрылғыларды тиісті сақтау орнына қойғаныңызға.

- Барлық қалдық материалдарды нұсқаулық бойынша дұрыс тастағаныңызға.

Жұмыс соңында жұмыс аймағын тазалаңыз.

Зертханадан шықпас бұрын қолыңызды жақсылап жуыңыз.

• Зертханадан шыққан кезде қорғаныс киімін (зертханалық алжапқыш, қолғап т.б.) қалдырыңыз.

Ықтимал зертханалық қауіптер

Химиялық заттар ағзаға келесі жолмен кіре алады;

• Газдармен, бу мен бөлшектермен дем алғанда (мысалы: тұман, шаң, түтін, бу).

• Сұйықтықтардың, қатты заттардың, газдар мен булардың тері арқылы сіңуі.

• Химиялық заттардың тікелей немесе жанама түрде ластанған тағамдар мен сусындар арқылы және ауыз бен ластанған қолдар (мысалы: тістеу, темекі шегу) арқылы түсуі.

• Химиялық заттардың инелермен және басқа да ластанған зертханалық өткір заттармен енгізу.

Коррозиялық материалдарды өңдеудің сақтық шаралары

• Тері мен көздің тиісті қорғанысын киіңіз;

• Мүмкін болатын ең әлсіз концентрацияны қолданыңыз;

• Тартпа шкафты қолданыңыз;

• Коррозиялық заттарды тасымалдау және сақтау кезінде екінші контейнерлерді қолданыңыз;

• Әрқашан суға қышқыл қосып сұйылтыңыз;

• Баяу араластырыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?