Практикалық жұмыс №1 «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу». Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты-жөні ____________________________ Сыныбы:______ Күні:________
Оқу мақсаты:
11.4.2.21 этанолдан этиленді алу, оның физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу.
Практикалық жұмыс №1 «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу»
Этилен газын алуға және оның қасиеттерін зерттеуге арналған тәжірибе:
Мақсаты:
Дегидратациялаушы агент және катализатор ретінде алюминий оксиді (немесе концентрлі күкірт қышқылы) көмегімен этанолды дегидратациялау арқылы этен газының сынамаларын алу, содан кейін алынған газға оның қасиеттерін зерттеу үшін түрлі сынақтар жүргізу.
Құрал-жабдықтар:
Реактивтер:
- Этанол
- Алюминий оксиді
- Концентрленген күкірт қышқылы
- Таза құм немесе кеуекті керамика кесектері
- Шыны мақта
- Су
Қосымша құралдар:
- Қыздыруға төзімді сынауық
- Тесігі бар резеңке тығын
- Жеткізу түтігі
- Құбыр
- Сынауықтар тұрғысы
- 6 сынауық
- Сынауықтарға арналған 6 резеңке тығын
- Лабораториялық тұрғы
- Қасық
- Бунзен қыздырғышы (спиртшам)
- Шыны таяқша
- Сіріңке
Қауіпсіздік техникасының ережесі:
Этанол – тез тұтанатын сұйықтық!
Концентрленген күкірт қышқылы – күйдіргіш зат!
Жұмысты қорғаныш көзілдірік пен қолғап киіп орындау қажет!
Сызбанұсқа:
- Этен газын алу:
(1) Катализатор – алюминий оксиді
Сурет 1а
Жұмыс барысы:
(1) Катализатор алюминий оксидін қолдану арқылы этен алу:
1. Қыздыруға төзімді сынауыққа 2-3 см тереңдікке аздаған этанолды құйыңыз.
2. Этанолды сіңіру үшін сынауыққа аздаған шыны мақтаны шыны таяқшамен итеріп салыңыз.
3. Қыздыруға төзімді сынауықты лабораториялық тұрғы көмегімен көлденең орналастырыңыз.
4. Алюминий оксидінің аз мөлшерін қыздыруға төзімді сынауықтың орта тұсына салыңыз.
5.Қондырғыны жоғарыда көрсетілген суреттегідей аяқтаңыз.
6. Бунзен қыздырғышын (спиртшамды) жағыңыз, оны көк отқа реттеп қойыңыз және алюминий оксидін қыздырыңыз.
(Шығарылған газды жинай бастағанда, қабылдағыш сынауыққа су құйылғанына көз жеткізіңіз)
7.Алюминий оксиді қызған кезде жылу түтіктің соңында этанолға жетеді. Содан кейін этанол буға айналады, ыстық алюминий оксидінен өткенде, этен газы құрғатылады.
8. Түзіліп жатқан алғашқы көпіршіктерді шығарыңыз (бұл көбінесе ауаның көпіршіктері).
9. Газдың 2 сынауыққа жинап, оны толтырған кезде әр түтікке тығын кигізіңіз (келесі практикалық жұмысқа № 2).
Сынақ түтіктері толғаннан кейін, лабораториялық тұрғыны босатып, жеткізу түтігі суға түсіп кетпейтіндей құрылғыны көтеріңіз. Бұл суды сорып алуға жол бермейді, өйткені түтік салқындай бастайды, ол қыздырылған түтіктің жарылуына әкелуі мүмкін. Бунзен қыздырғышын (спиртшамды) өшіріңіз.
(2) Катализатор күкірт қышқылын (конц) қолдану арқылы этен алу:
1. Тәжірибе үшін біз суретке сәйкес газ шығаратын құрылғыны жинаймыз.
(a) Катализатор – концентрленген күкірт қышқылы.
Сурет 1b
2. Этилен этанол мен күкірт қышқылының қоспасын қыздыру арқылы алынады.
3. Ол үшін колбаға 1 мл этанол мен 3 мл концентрленген күкірт қышқылын құйыңыз.
4. Қоспаны біркелкі қайнату үшін колбаға 1-2 қасық таза құм немесе кеуекті керамика кесектерін салыңыз.
5. Колбаны газ түтігі бар тығынмен жабыңыз.
6. Колбаны лабораториялық тұрғыға көлбеу бекітіңіз. Мұқият қыздырыңыз.
7.Бөлініп жатқан этиленді газ түтігінің ұшында аузын жоғары қаратып қойып жағыңыз. Жалынның түсін байқаныз. Қыздыруды тоқтатып, құралды суытыңыз.
Этен алу реакциясының теңдеуін жазыңыз:
_____________________________________________________________________________
(a) Реакцияның шарттары қандай:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(b) Реакцияның жүру белгісі:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(c) Этеннің жану теңдеуін жазыңыз:
_____________________________________________________________________________
(d) Реакцияның жүру белгісі:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Өз бақылауларыңызды түсіндіріңіз:
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тәжірибенің қорытындысы:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?