Практикалық жұмыс №1 «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу». Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты-жөні:____________________ Сыныбы:____________ Күні:__________
Практикалық жұмыс №1 «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу»
Оқу мақсаты: 11.4.2.22 алкендерге (қанықпаған) сапалық реакцияларды білу.
Бұл тәжірибе этилен газын алуға және оны сапалы анықтауға арналған.
Мақсаты:
Зертханада этиленді алу, этиленнің қанықпағандығын дәлелдейтін сапалық реакциялар жүргізу.
Реактивтер мен жабықтар: сынауық, ұстағышы бар металл тұрғы, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындалатын сынауық, кішірек екі сынауық, кәрлен ыдыстың ұсақ сынықтары, этил спирті, концентрлі күкірт қышқылы, бром (йод) суы (50 мл суға 2-3 тамшы су) және калий перманганатының күкірт қышқылымен қышқылданған ерітіндісі, сіріңке.
Қауіпсіздік техникасының ережесі:
Этилен: тез тұтанады, сондықтан тұтану көзінен аулақ ұстау қажет.
Бром: Буы дем алғанда өте улы. Сұйығы көзге және теріге қатты
күйік әкеледі. Сулы ерітіндісі өкпеге, көзге және мұрынға әсер етеді.
Қышқылданған калий перманганаты ерітіндісі: Тотықтырғыш - ерітіндісі тері мен көзді тітіркендіреді. Теріге тисе, көп мөлшердегі сумен шайыңыз.
Жұмысты қорғаныш көзілдірік пен қолғап киіп орындау қажет!
Жұмыстың барысы:
Этанолдан күкірт қышқылы қатысында этилен газын алу.
- Газ алуға қажетті құралдарды түгендеп алып, герметикалығын тексеріңіз.
- Реакция жүргізетін құрғақ сынауыққа 1,0-1,5 мл этил спирті мен 2-3 мл концентрлі күкірт қышқылын (немесе екеуінің дайын қоспасынан) 3-4 мл! абайлап құйып алыңыз.
- Қоспаны қыздырғанда біркелкі қайнауы үшін, қоспа құйылған сынауыққа аздап кәрленнің ұсақ сынықтарын салыңыз.
- Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, көлбеу етіп (төмендегі суретте көрсетілгендей) тұрғыға бекітіңіз.
- Қоспаны қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қыздырыңыз.
- Этиленнің бромды сумен әрекеттесуі.
Газ жүретін түтіктің ұшын 1,5-2 мл-дей бром суы құйылған сынауыққа салыңыз.
- Этиленнің калий перманганатымен әрекеттесуі.
- Қоспа құйылған сынауықты қыздыруды тоқтатпаңыз.
- Газ жүретін түтіктің ұшын калий перманганатының қышқылданған ерітіндісі құйылған сынауыққа батырыңыз.
Нәтижелері:
Сапалық реакциялар | Не байқалды? |
a) Этиленнің бромды сумен әрекеттесуі | |
b) Этиленнің калий перманганатымен әрекеттесуі |
1. Сәйкес реакциялардың теңдеулерін жазыңыз: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Байқаған өзгерістерді түсіндіріңіз:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________2. Этил спирті мен күкірт қышқылының қоспасын қыздырғанда этилен түзілгендігін басқа әдіспен қалай дәлелдеуге болады?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Тәжірибе нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыз:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?