Алкандар. Жану өнімдері бойынша формулаларды анықтау. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.
1-қосымша
Оқушыларды топқа бөлу. «Мағыналық карточкалар»
Оттегінің көлемі (қ.ж.) 11,2л | Зат мөлшері = 0,5 моль | n= V/Vm | Vm = 22,4 л/моль |
Метанның массасы 24г | Зат мөлшері = 1,5 моль | n=m/M | 16 г/моль |
Судың массасы 45 г | Зат мөлшері = 2,5 моль | M =m/n | 18 г/моль |
Көмірқышқыл газының көлемі (бөлме температурасы) 6л | Зат мөлшері = 0,25 моль | V=Vm∙ n | Vm = 24 л/моль |
2-қосымша
Жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау алгоритмі
- Массасы немесе көлемі бойынша көмірқышқыл газының зат мөлшерін есептеу;
- Органикалық қосылыстың құрамындағы көміртектің массасын есептеу
n(C) = n(CO2) m(C) = n(C)∙M(C)
- Массасы немесе көлемі бойынша судың зат мөлшерін есептеу, ρ(Н2О) = 1г/см3;
- Органикалық қосылыстың құрамындағы сутектің массасын есептеу
n(Н) = 2∙ n(Н2О) => m(Н) = n(Н)∙M(Н)
- Көміртек пен сутектің массаларының қосындысын есептің шартында берілген органикалық қосылыстың массасымен салыстыру.
а) егер m(C) + m(Н) = m(орг. қосылыс), онда органикалық қосылыс молекуласының құрамы тек көміртек пен сутек атомдарынан тұрады, яғни СхНу;
b) егер m(C) + m(Н) < m(орг. қосылыс), онда органикалық қосылыс молекуласының құрамына көміртек пен сутек атомдарымен бірге оттек атомдары да кіреді, яғни СхНуОz;
с) Органикалық қосылыстың құрамындағы оттектің зат мөлшерін есептеу,
n(О) = =
- Органикалық қосылыстың құрамына кіретін атомдардың зат мөлшерлерінің қатынасының ең кіші бүтін сан қатынасына келтіру;
- Эмпирикалық формуланы жазу;
- Формуласы анықталуы керек заттың молярлық массасын табу және оны эмпирикалық формуланың молярлық массасымен салыстыру;
- Молекулалық формуланы жазу;
1. | Зейін қойып оқып, есептің мазмұнын дұрыс түсініп алу | Есеп: Белгісіз органикалық қосылыстың 11г жаққанда (қ.ж.) 11,2 л көмірқышқыл газы және 9 г су түзілді. Қосылыстың Мr = 88. Қосылыстың молекулалық формуласын анықтаңыз. |
2. | Есептің шартын қысқаша жазу. | Берілгені: m(орг.зат) = 11г V(CO2)= 11,2 m(Н2О) = 13 г _____________ Табу керек: орг.заттың формуласы – ? |
3. | Көмірқышқыл газының зат мөлшерін есептеу. | n(CO2) = V/V m = 11,2л / 22,4л∙моль-1 = 0,5 моль |
4. | Көміртектің массасын есептеу. | n(C) = n(CO2) = 0,5 моль m(C) = n(C)∙M(C) = 0,5моль ∙ 12 г∙моль-1 = 6г |
5. | Судың зат мөлшерін есептеу. | n(Н2О) = m/М =9 г/ 18 г∙моль-1= 0,5 моль |
6. | Көміртектің массасын есептеу. | n(Н) = 2∙ n(Н2О) = 2 ∙ 0,5моль = 1 моль m(Н) = n(Н)∙M(Н) = 1моль ∙ 1 г∙моль-1 = 1г |
7. | Зат формуласында оттегінің болуын анықтау | m(C) + m(Н) = 6г + 1г = 7г m(орг. қосылыс) = 11г m(C) + m(Н) < m(орг. қосылыс) 7г < 11г |
8. | Оттектің зат мөлшерін есептеу n(О) = = | m(О) = 11г – 7г = 4 г n(О) = 4г / 16г∙моль-1= 0,25 моль |
9. | Органикалық қосылыстың құрамына кіретін атомдардың зат мөлшерлерінің қатынасының ең кіші бүтін сан қатынасына келтіру; | СхНуОz х : у : z n(C) : n(Н) : n(О) = 0,5 : 1 : 0,25 х : у : z = 2 : 4 : 1 |
10. | Эмпирикалық формуланы жазу | С2Н4О Mr(С2Н4О) = 12∙2 + 4∙1 + 1∙16 = 44 |
11. | Mr(орг.зат) : Mr(эмп.формула) | 88 : 44 = 2 |
12. | Молекулалық формуланы жазу | С4Н8О2 |
3-қосымша
- Органикалық заттың 10,5 г жанған кезде 16,8 л көмірқышқыл газы (қ.ж.) және 13,5 г су түзілді. Бұл заттың (қ.ж.) тығыздығы 1,875 г / л-ге тең. Заттың молекулалық формуласын анықтаңыз.
Жауабы: С3Н6
- Молярлық массасы 46 г/моль органикалық заттың 9,2 г жаққанда 17,6 г көмірқышқыл газы және 10,8 г су түзілді. Осы заттың молекулалық формуласын анықтаңыз.
Жауабы: С2Н6О
- Азот бойынша органикалық қосылыс буының салыстырмалы тығыздығы 2-ге тең. Осы қосылыстың 9,8 г жаққанда 15,68 л көмірқышқыл газы (қ.ж.) және 12,6 г су түзілді. Заттың молекулалық формуласын анықтаңыз.
Жауабы: С4Н8
4-қосымша
Оқушының аты-жөні: Сынып: Күні: | |
Бөлім: | 11.1В Көмірсутектер және олардың көздері |
Оқу мақсаты: | 11.4.2.15 берілген жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формулаларын анықтау. |
Бағалау критерийі | - жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын анықтауда химиялық есептерді шешу дағдысын қолданады. - эмпирикалық және молекулалық формулаларды ажыратады; |
Ойлау дағдысының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Тапсырма. Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 36-ға тең, көмірсутектің 3,6 г жаққанда 11 г көмірқышқыл газы және 5,4 г су түзілді. Көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыз.
Жауабы:__________________ | |
Дескрипторлар | |
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?