Алкандар. Жану өнімдері бойынша формулаларды анықтау. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 11.1В Көмірсутектер және олардың көздері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алкандар. Жану өнімдері бойынша формулаларды анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.15 берілген жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формулаларын анықтау.

 Сабақ мақсаттары

- берілген жану өнімдерінің массасы, көлемі бойынша заттардың молекулалық формулаларын анықтау.

 Бағалау критерийлері

- Жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын анықтауда химиялық есептерді шешу дағдысын қолданады.

- Эмпирикалық және молекулалық формулаларды ажыратады;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Оқушылар химиялық терминдермен академиялық тілді қолдана отырып, есептерді шешу жолдарын және оны шешудің алгоритмін ұсына алады.

Лексика және терминология:

Масса, көлем, зат мөлшері, салыстырмалы тығыздық, эмпирикалық формула, молекулалық формула, құрылымдық формула.

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер:

Заттардың молекулалық формуласын табу үшін …......................

Сутегінің зат мөлшері судың ................ зат мөлшеріне тең

Көміртегінің зат мөлшері көмірқышқыл газының ...................тең

 Құндылықтарды дарыту

 

Өмір бойы оқу, ортақ істің нәтижесі үшін жауапкершілік, ынтымақтастық құндылықтарды дарыту жеке жұмыс және есептің шешу жолын топта талқылау арқылы жүргізіледі.

 Пәнаралық байланыстар

Математика – формуланы түрлендіру, қатынасты анықтау

 АКТ қолдану дағдылары

Интернеттен қажетті ақпаратты табу

 Бастапқы білім

Оқушылар:

- реагенттің зат мөлшерін реакция өнімінің массасы/ көлемі бойынша есептеу;

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, жоқ оқушыларды анықтау, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

і. Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстыру, күтілетін нәтижелерді анықтау.

іі. Сыныпты «Мағыналық карточкалар» арқылы топқа бөлу. (1-қосымша)

Мақсаты: барлық оқушыларды белсенді қарым-қатынас процесіне тарту.

Презентация

1-қосымша

Сабақтың ортасы

І. Оқушылардың сабаққа назарын аудару үшін оларға «Жану өнімдері бойынша жанған затты анықтауға болады ма?» деген сұрақ қою. Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін жану өнімдерінің массасы мен көлемі бойынша органикалық заттың формуласын табуға арналған есептерді шешу алгоритмі түсіндіріледі. (2-қосымша)

  • Мұғалімнің түсіндіруі немесе жану өнімдері бойынша заттың формуласын анықтау бойынша видеоресурсты көру;
  • есепті шығару алгоритмін талқылау.
  • Заттың тығыздығы және оның буының салыстырмалы тығыздығы бойынша оның молярлық массасын анықтауда қолданылатын формулаларды еске түсіру.
  • Mr(газ) = 32∙D(O2)
  • Mr(газ) = 2∙D(Н2)
  • Mr(газ) = 29∙D(ауа)
  • M(газ) = ρ(газ) ∙ Vm

ІІ. Молекулалық формуланы табуға арналған есептерді шешу дағдыларын бекіту үшін топтық жұмысты ұйымдастыру.

Оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру және ынтасына ықпал ету мақсатында ұсынылатын есептердің мазмұны, ойлау дағдысы мен күрделілік деңгейліктері бойынша әртүрлі. (3-қосымша)

Оқушылар жауаптарын жауап картасымен салыстыру арқылы есептердің дұрыс шығарылғандығын тексереді.

ІІІ. Жекелеме жұмыс.

Бағалау критерийлері:

- органикалық заттардың жану өнімдерінің белгілі массалары немесе массасы мен көлемі бойынша қосылыстың молекулалық формуласын табады.

(4-қосымша)

Презентация

Видеоресурс ұзақтығы - 6 мин

https://www.youtube.com/watch?v=KntNpn6X0-U

2-қосымша

3-қосымша

(4-қосымша)

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында оқушылар өздерінің білім деңгейін және зерделеген тақырыпты түсінуі бойынша рефлексия жүргізеді. «Шығу билеті» стратегиясы.

Рефлексия жүргізу техникасы: бір сөйлемді аяқтау.

Әрбір оқушы стикерге жазып, есікке жапсырады.

Мен түсіндім.................

Мен орындай аламын ................

Мен түсінбедім .................

Мен қиналамын ……………………

Үй тапсырмасы: Оқулықта параграф соңында берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмаларды орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін қабілетті оқушылардың потенциалын қолдану. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушының іс-әрекетін дұрыс бағытқа бағыттайды және оның мотивациясын ұсыныстар беру арқылы қолдайды.

Сабақ барысында сыныппен жаппай әңгімелесу, сондай-ақ тапсырмаларды орындау және топтық жұмысты орындау кезінде оқушылардың жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын табуға арналған есептерді шығаруға арналған оқу мақсаты қаншалықты меңгергендіктері анықталады. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың жауаптары ауызша және жазбаша бағаланады.

Сабақтың өң бойында оқушылар мен мұғалім арасында, өзара оқушылардың арасында пікірталастар орын алады, бұл қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және өзге пікірді құрметтеуді үйренуге мүмкіндік береді.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1-қосымша

Оқушыларды топқа бөлу. «Мағыналық карточкалар»

Оттегінің көлемі (қ.ж.) 11,2л

Зат мөлшері =

0,5 моль

n= V/Vm

Vm = 22,4 л/моль

Метанның массасы 24г

Зат мөлшері =

1,5 моль

n=m/M

16 г/моль

Судың массасы 45 г

Зат мөлшері =

2,5 моль

M =m/n

18 г/моль

Көмірқышқыл газының көлемі (бөлме температурасы) 6л

Зат мөлшері =

0,25 моль

V=Vm∙ n

Vm = 24 л/моль

2-қосымша

Жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау алгоритмі

  • Массасы немесе көлемі бойынша көмірқышқыл газының зат мөлшерін есептеу;
  • Органикалық қосылыстың құрамындағы көміртектің массасын есептеу

n(C) = n(CO2) m(C) = n(C)∙M(C)

  • Массасы немесе көлемі бойынша судың зат мөлшерін есептеу, ρ(Н2О) = 1г/см3;
  • Органикалық қосылыстың құрамындағы сутектің массасын есептеу

n(Н) = 2∙ n(Н2О) => m(Н) = n(Н)∙M(Н)

  • Көміртек пен сутектің массаларының қосындысын есептің шартында берілген органикалық қосылыстың массасымен салыстыру.

а) егер m(C) + m(Н) = m(орг. қосылыс), онда органикалық қосылыс молекуласының құрамы тек көміртек пен сутек атомдарынан тұрады, яғни СхНу;

b) егер m(C) + m(Н) < m(орг. қосылыс), онда органикалық қосылыс молекуласының құрамына көміртек пен сутек атомдарымен бірге оттек атомдары да кіреді, яғни СхНуОz;

с) Органикалық қосылыстың құрамындағы оттектің зат мөлшерін есептеу,

n(О) = =

  • Органикалық қосылыстың құрамына кіретін атомдардың зат мөлшерлерінің қатынасының ең кіші бүтін сан қатынасына келтіру; 
  • Эмпирикалық формуланы жазу;
  • Формуласы анықталуы керек заттың молярлық массасын табу және оны эмпирикалық формуланың молярлық массасымен салыстыру;
  • Молекулалық формуланы жазу;

1.

Зейін қойып оқып, есептің мазмұнын дұрыс түсініп алу

Есеп: Белгісіз органикалық қосылыстың 11г жаққанда (қ.ж.) 11,2 л көмірқышқыл газы және 9 г су түзілді. Қосылыстың Мr = 88. Қосылыстың молекулалық формуласын анықтаңыз.

2.

Есептің шартын қысқаша жазу.

Берілгені:

m(орг.зат) = 11г

V(CO2)= 11,2

m(Н2О) = 13 г

_____________

Табу керек:

орг.заттың формуласы – ?

3.

Көмірқышқыл газының зат мөлшерін есептеу.

n(CO2) = V/V m = 11,2л / 22,4л∙моль-1 = 0,5 моль

4.

Көміртектің массасын есептеу.

n(C) = n(CO2) = 0,5 моль

m(C) = n(C)∙M(C) = 0,5моль ∙ 12 г∙моль-1 = 6г

5.

Судың зат мөлшерін есептеу.

n(Н2О) = m/М =9 г/ 18 г∙моль-1= 0,5 моль

6.

Көміртектің массасын есептеу.

n(Н) = 2∙ n(Н2О) = 2 ∙ 0,5моль = 1 моль

m(Н) = n(Н)∙M(Н) = 1моль ∙ 1 г∙моль-1 = 1г

7.

Зат формуласында оттегінің болуын анықтау

m(C) + m(Н) = 6г + 1г = 7г

m(орг. қосылыс) = 11г

m(C) + m(Н) < m(орг. қосылыс)

7г < 11г

8.

Оттектің зат мөлшерін есептеу

n(О) = =

m(О) = 11г – 7г = 4 г

n(О) = 4г / 16г∙моль-1= 0,25 моль

9.

Органикалық қосылыстың құрамына кіретін атомдардың зат мөлшерлерінің қатынасының ең кіші бүтін сан қатынасына келтіру;

СхНуОz

х : у : z n(C) : n(Н) : n(О) = 0,5 : 1 : 0,25

х : у : z = 2 : 4 : 1

10.

Эмпирикалық формуланы жазу

С2Н4О

Mr2Н4О) = 12∙2 + 4∙1 + 1∙16 = 44

11.

Mr(орг.зат) : Mr(эмп.формула)

88 : 44 = 2

12.

Молекулалық формуланы жазу

С4Н8О2

3-қосымша

  • Органикалық заттың 10,5 г жанған кезде 16,8 л көмірқышқыл газы (қ.ж.) және 13,5 г су түзілді. Бұл заттың (қ.ж.) тығыздығы 1,875 г / л-ге тең. Заттың молекулалық формуласын анықтаңыз.

Жауабы: С3Н6

  • Молярлық массасы 46 г/моль органикалық заттың 9,2 г жаққанда 17,6 г көмірқышқыл газы және 10,8 г су түзілді. Осы заттың молекулалық формуласын анықтаңыз.

Жауабы: С2Н6О

  • Азот бойынша органикалық қосылыс буының салыстырмалы тығыздығы 2-ге тең. Осы қосылыстың 9,8 г жаққанда 15,68 л көмірқышқыл газы (қ.ж.) және 12,6 г су түзілді. Заттың молекулалық формуласын анықтаңыз.

Жауабы: С4Н8

4-қосымша

Оқушының аты-жөні: Сынып: Күні:

Бөлім:

11.1В Көмірсутектер және олардың көздері

Оқу мақсаты:

11.4.2.15 берілген жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формулаларын анықтау.

Бағалау критерийі

- жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын анықтауда химиялық есептерді шешу дағдысын қолданады.

- эмпирикалық және молекулалық формулаларды ажыратады;

Ойлау дағдысының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Тапсырма. Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 36-ға тең, көмірсутектің 3,6 г жаққанда 11 г көмірқышқыл газы және 5,4 г су түзілді. Көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыз.

Жауабы:__________________

Дескрипторлар

  • көмірқышқыл газының/көміртектің зат мөлшерін есептейді;
  • судың/сутектің зат мөлшерін есептейді;
  • көмірсутектің эмпирикалық формуласын табады;
  • көмірсутектің молярлық массасын есептейді;
  • көмірсутектің молекулалық формуласын анықтайды;


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу