Алкандар. Элементтердің масссалық үлестері бойынша органикалық заттардың молекулалық формуласын анықтау. Химия, 11 сынып, презентация.


Алкандар. Элементтердің масссалық үлестері бойынша органикалық заттардың молекулалық формуласын анықтау.

Оқу мақсаты

11.4.2.16 элементтердің массалық үлестері және органикалық заттардың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша олардың қарапайым және молекулалық формулаларын анықтау.

Сабақ мақсаты

элементтердің массалық үлестері және органикалық заттардың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша олардың қарапайым және молекулалық формулаларын анықтау.

Күтілетін нәтиже

элементтердің массалық үлестері мен салыстырмалы тығыздықтарын қолданып органикалық қосылыстардың молекулалық формуласын анықтайды.

Элементтің массалық үлесін қалай есептеуге болады?

Метан молекуласындағы әрбір элементтің массалық үлесін есептеңіздер.

Салыстырмалы тығыздықты қолданып газдың молярлық массасын қалай анықтауға болады?

Төмендегі кестені толтырыңыздар.

Заттың эмпирикалық формуласы нені көрсетеді?

Заттың молекулалық формуласы нені көрсетеді?

Заттың құрылымдық формуласы нені көрсетеді?

Төмендегі кестені толтырыңыздар.

1. Молекула құрамындағы атомдар қатынасы ең кіші бүтін санмен берілген формуланы қарапайым немесе эмпирикалық формула деп атайды.

2. Молекула құрамында әрбір элементтен неше атом бар екенін дәл көрсететін формуланы нақты немесе молекулалық формула деп атайды.

3. Молекуладағы атомдардың байланысу ретін көрсететін формуланы құрылымдық формула деп атайды.

Есепті шығару жолының

алгоритмін құру

Тапсырма. Элементтердің масссалық үлестері мен салыстырмалы тығыздықтарын қолданып органикалық заттардың молекулалық формуласын анықтаңыздар

Бағалау критерийлері:

элементтердің массалық үлестері бойынша органикалық қосылыстардың қарапайым формуласын анықтайды;

органикалық қосылыстардың молекулалық формулаларын анықтау үшін олардың буының салыстырмалы тығыздығын қолданады.

Дескрипторлар:

Атомдардың зат мөлшерлерінің қатынасы бойынша заттың эмпирикалық формуласын табады;

Заттың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша оның молярлық массасын есептейді;

Заттың молекулалық формуласын анықтайды.

1. Көміртегінің массалық үлесі – 92,3%, гелий бойынша буының салыстырмалы тығыздығы 6,5-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласы қандай?

Жауабы: С2Н2

2. Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің массалық үлесі 14, 3% болатын, оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,3125 - ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.

Жауабы: С3Н6

3. Құрамында көміртек – 85,7%, сутек – 14,3% болатын көмірсутектің 0,5 молінің массасы 14 г. Көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыз.

Жауабы: С2Н4

Қосылыстағы көміртегінің массалық үлесі – 39,97%, сутек массалық үлесі – 6,73%, оттегінің массалық үлесі – 53,30%. Қалыпты жағдайда осы газдың 300 мл – нің массасы 2,41 г. Қосылыстың молекулалық формуласын анықтаңыз.

Жауабы: С6Н12О6

5. Қанықпаған екі көмірсутектің массасы бойынша элементтің құрамы бірдей 85,714% С және 14,286% Н. Ал неон бойынша салыстырмалы тығыздықтары – 2,1 және 3,5. Көмірсутектердің молекулалық формулаларын анықтаңыз.

Жауабы: С3Н6 және С5Н10

6. Құрамында 7,7% сутегі бар, 17 г алкин (қ.ж) 5,6 л көлем алады. Алкиннің молекулалық формуласын анықтаңыз.

Жауабы: С5Н8



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу