Органикалық қосылыстардың табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы. Органикалық химияның дамуындағы Қазақстандық ғалымдардың ролі. Химия, 11 сынып, презентация.


Органикалық қосылыстардың табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы.

Органикалық химияның дамуындағы Қазақстандық ғалымдардың ролі

Сабақ мақсаттары:

11.4.2.11 органикалық қосылыстардың адам өміріндегі маңызын түсіну

11.4.2.12 Қазақстандық ғалымдардың органикалық химияны дамуындағы үлесін түсіну

Жетістік критерийлері:

- табиғаттағы және адам ағзасындағы органикалық қосылыстардың маңызын талдау;

- әрбір класқа тән 3-4 органикалық қосылыстарды сипаттайды;

- көп кездесетін 3-4 қоректік заттарды атайды;

- Органикалық химияның дамуына үлес қосқан ғалымдарды атайды және олардың еңбектерініне мысал келтіреді;

Органикалық қосылыстардың тіршілік үшін маңызы

Амин қышқылы

Полипептид

Аралық филаменттер

Нуклеотид

ДНҚ тізбегі

Хромосома

Органикалық қосылыстардың тіршілік үшін маңызы

Май қышқылдары

Май молекулалары

Май жасушалары

Моносахарид

Крахмал

Хлоропласттағы крахмал түйіршіктері

1 - айдау;

2 - крекинг;

3 - бензин;

4 – керосин, газойль;

5 - хош иісті заттар;

6 - этилен;

7 – крекинг газы пропилен;

8 - бутан;

9 - бутилен;

10 – Дизель отыны, мазут;

11 – нафтенды көмірсутектер;

12 – этил спирті;

13 – Сірке қышқылы

14 – синтетикалық каучук;

15 - фотокиноплёнка;

16 - капрон;

17 – ароматты көмірсутектер

18 - хлороформ;

19 - парафин;

20 - әтір; иіссу;

21 - дәрілер;

22 - азық-түлік өнімдері;

23 - пластмасса;

24 – қопарылғыш заттар;

25 - ацетон;

26 - глицерин;

27 - майлар

Табиғи газ

СО + Н2 қоспасы

Отын

Галогентуындылар

Тыңайтқыштар

Поливинилхлорид

Бояғыш заттар алу

Резина

Топтық жұмыс

Оқу мақсаты:

- органикалық қосылыстардың адам өміріндегі маңызын түсіну

Жетістік критерийлері:

- табиғаттағы және адам ағзасындағы органикалық қосылыстардың маңызын талдау;

- әрбір класқа тән 3-4 органикалық қосылыстарды сипаттайды;

- көп кездесетін 3-4 қоректік заттарды атайды;

Тапсырма

Интернет желісін, әдебиеттер мен ақпараттық парақтарды пайдаланып, берілген тақырыптар бойынша постер жасау.

Орындалу уақыты: 15 минут

 

1-топ – дәрумендер;

2-топ – консерванттар;

3-топ – антиоксиданттар;

4-топ – антибиотиктер;

5-топ – дәрілер.

Қазақстанда химия ғылымының дамуына аянбай еңбек сіңіріп, аттары әйгілі болған ғалымдар көп.

Солардың ішінен:

Қазақстандық химик ғалымдар

Әбікен Бектұрұлы Бектұров

Қазақстанда химия ғылы мының негізін салушы, Республика Ғылым академиясын алғаш ұйымдастырушылардың бірі, техника ғылымдары ның докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, профессор, минералды тыңайткыштар  өндіру жөніндегі әйгілі ғалым Әбікен Бектұрұлы Бектұров болды.

Бектұров Әбікен Бектұрұлы (25.12.1901, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 22.12.1985, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1945), профессор (1946),Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945).

Омбы ауыл шаруашылық институтынтын (1931), Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1935) бітірген. 1935—1960 ж. ҚазМУ-де оқытушы, декан, 1946—1968 ж. Химия ғылымдары институтының директоры, 1968—1985 ж. сол институттың бейорганикалық синтез зертханасын және бейорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлімінің академия-хатшысы болды (1968—1985). Негізгі ғылыми еңбектері минералдық тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгіздіҚаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. Ленин, “Октябрь революциясы”, “Құрмет белгісіордендерімен және медальдермен

марапатталған. 1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады.

Дмитрий Владимирович Сокольский

Сокольский Дмитрий Владимирович (4.4.1910, Пехлеви қаласы (Иран) – 1.3.1987, Алматы] - ғалым, профессор (1949). Қазақстан ҒА-ның академигі (1951), Қазақ КСР-інің ғылым қайраткері (1960). Социалистік Еңбек Ері (1969). Қазақстандағы катализдік химия ғылымы мектебін ұйымдастырған (1945 – 1971). 1969 – 1987 жылдары Органикалық катализ және электрохимия институтының директоры болды.

Негізгі ғылыми еңбектері каталитикалық гидрогендеу теориясы мен тиімділігі жоғары гидрлеу катализаторларын жасауға,гидратациялау, тотықтыру және кіші молекулалар негізінде синтездеу процестеріне, іргелі және қолданбалы ғылымды ұштастыруға арналған. Оның басқаруымен күрделі органикалық заттарды (майлар, хош иісті заттарвитаминдер, т.б.) талғамдап гидрлейтін, автокөліктер мен көптеген өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын өндірістік катализаторлар жасалды. 1800-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 20 шетелдік патенті, 500-дей авторлық куәлігі және 18 монографиясы бар.

Болат Ахметұлы Жұбанов

Болат Ахметұлы Жұбанов - Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстандағы тұңғыш үлкен молекулалы химия кафедрасын ұйымдастырушы, сол салада жаңа полимерлер синтездеген дүние жүзіне әйгілі ғалым. Оның алған жаңа заттары медицинада дәрі-дәрмек ретінде өр түрлі ауруларды (туберкулез, жүрек ауруыісік, т. б.) емдеуге қолданылуда.

Сабақ мақсаттары:

11.4.2.11 органикалық қосылыстардың адам өміріндегі маңызын түсіну

11.4.2.12 Қазақстандық ғалымдардың органикалық химияны дамуындағы үлесін түсіну

Жетістік критерийлері:

- табиғаттағы және адам ағзасындағы органикалық қосылыстардың маңызын талдау;

- әрбір класқа тән 3-4 органикалық қосылыстарды сипаттайды;

- көп кездесетін 3-4 қоректік заттарды атайды;

- Органикалық химияның дамуына үлес қосқан ғалымдарды атайды және олардың еңбектерініне мысал келтіреді;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу