Органикалық заттардың номенклатурасы мен жіктелуі. Зертханалық тәжірибе №1 «Метан, этан, этилен, ацетилен, бензол, метанол, этанол, сірке қышқылы молекулаларының модельдері». Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1A Органикалық химияға кіріспе Орагникалық қосылыстардың құрылыс теориясы | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Рысбекова Ақбота Маратқызы | ||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Органикалық заттардың номенклатурасы мен жіктелуі. Зертханалық тәжірибе №1 «Метан, этан, этилен, ацетилен, бензол, метанол, этанол, сірке қышқылы молекулаларының модельдері» | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 11.4.2.8 гомологтық қатарлардың қалай түзілетіндігін түсіну; 11.4.2.9 гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіру; | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - СН 2 айырымы бар қосылыстардан гомологтық қатарлар түзілетіндігін түсіну; - гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіру; | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | - СН 2 айырымы бар қосылыстардан гомологтық қатарлар түзілетіндігін дәлелдей алса; - гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын ажырата алса; | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: -басқаларға түсіндіре отырып, көміртек атомының элекрондық құрылысы, изомерия мен гомология құбылыстары сұрақтарына жауап бере алады, IUPAC номенклатурасына сәйкес органикалық қосылыстардың атауларын жазып алады Электрондық құрылыс, көміртек, коваленттік байланыс, органикалық қосылыс, гибридтену, кеңістіктік құрылым, изомерия, IUPAC номенклатурасы, жалпы формула, гомологтар, құрылыстың гомологиялық айырмашылығы | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Мәңгілік ел Жалпы әлемдік және аймақтық маселелерді шешудегі ұлттық қауіпсіздік пен біздің еліміздің жаһандык катысуы құндылығы тұрғысында
құндылықтарын дарыту ынтымақтастыру атмосферасын құру, әңгіме-сұхбатжасау арқылы, топтық жеке сыныппен бірлесе отырып тапсырмаларды орындау барысындағы нақты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | биология | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||
Бастапқы білім | Органикалық химияға кіріспе | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы | Ынтымақтастыру атмосферасын құру. - Оқушылардың зейінін шоғырландыруға - «Өзіңе тілек» Алдыңғы тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар беріледі.
-сабақтың тақырыбы хабарланған соң оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу - Бағалау критерийімен таныстыру, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау | Презентация | |||||||||||
Сабақтың ортасы | Жаңа сабақ Видео-көрсетілім: «Гомологтық қатар» Ең алғаш ұқсас топ ретінде бір атомды қаныққан спирттер қатары белгілі болды. 1842 ж. Я.Шиль химик спирттердің бір мүшесінен келесіне өткен сайын қайнау температурасының біртіндеп артатындығын анықтаса, бір жылдан соң фрацуз химигі Ж.Дюма бір-бірінен СН2 тобына айырмашылығы бар қаныққан қышқылдар қатарын анықтады. Ал 1844 жылы Шарль Жерар бұл құбылыстар органикалық құбылыстарға тән жалпы заңдылықтардың бір көріністері екендігін атап көрсетіп,« гомология » терминін енгізді. Құрылысы және соған байланысты қасиеттері ұқсас, бір-бірінен бір немесе бірнеше СН2 - тобына айырмашылығы бар қатарды гомологтық қатар деп атайды. («Гомос» - бірдей, «логос» - орын ). Ал СН2 тобын гомологтық айырымы деп атайды. Гомологтық қатар дегеніміз біртұтас ұғым. Бұл қатардағы заттардың құрылыстары ұқсас болуы мен бірге молекула құрамдары жақын, қасиеттері ұқсас болады.
Видеокөрсетілімдегі ақпаратты бекіту үшін оқушыларға сұрақтар : Гомологтық қатар дегеніміз не? Гомологтық айырым деген не? Жұптық жұмыс
№1 «Метан, этан, этилен, ацетилен, бензол, метанол, этанол, сірке қышқылы молекулаларының модельдері» Оқушылар жұпта: 1-топ – метан, этан 2-топ – этилен, пропилен 3-топ – ацетилен, пропин 4-топ – метанол, этанол 5-топ – құмырсқа қышқылы мен сірке қышқылының шаростерженді модельдерін құрастырады. Оқушылар осы молекулаларға сәйкес келетін құрылымдық формулаларды арнайы қатарларға жазып, оған сол қосылыстың 3-4 өкілін толықтырады. Оқушылар жұпта гомологтық қатардағы көміртек пен сутек атомдарын санап, сол қатардың жалпы формуласын қорытып шығарулары қажет. Қатарды зерттей отырып, гомологтардың анықтамасын тұжырымдайды. Топ өкілдері өз ұсыныстарын білдіреді, ал мұғалім олардың жауаптарын түзетіп отырады.
| Презентация https://bilimland.kz/ru/courses/chemistry-ru/organicheskaya-ximiya/obshie-temy-v-organicheskoi-ximii/lesson/klassifikacziya-organicheskix-soedinenii | |||||||||||
Сабақтың соңы | Венн диаграммасы Оқушылар алкандардың гомологтарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазады. | ||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдарымен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке алаотырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылаалады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?