Органикалық заттардың номенклатурасы мен жіктелуі. Химия, 11 сынып, қосымша материал 2.


Органикалық заттардың номенклатурасы

 Жүйелік номенклатура – IUPAC (International Union of Pure and Applied Chemistry) номенклатурасы – теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы. Жүйелік номенклатура органикалық заттар құрылысы мен классификациясының заманауи теориясына негізделеді. Әр органикалық қосылыстың атауы функциялардың (орынбасушылардың) және көмірсутек қаңқасын дұрыс атауларынан құрылу қажет. Сонымен қатар, атауына сәйкес тек қана бір дұрыс құрылымдық формуланы жазылу қажет.

 Жоғарыда берілген қосылысты IUPAC номенклатурасы бойынша атауын қарастырайық.

Органикалық қосылыстарды атауда ИЮПАК ережелерін қолдануға арналған нұсқаулық

1. Негізгі көміртек тізбегін табу

а. Егер органикалық қосылыста ешқандай функцияналдық топ болмаса, негізгі тізбек ең ұзын тізбек болып табылады:

b. Егер органикалық қосылыста бір немесе бірнеше фунцияналдық топ болса, онда олардың барлығы міндетті түрде негізгі тізбекке кіруі шарт. Бұл жағдайда негізгі тізбек ең ұзын тізбек болуы міндетті емес, ең бастысы барлық фунцияналдық топты қамтыса жеткілікті:

2. Негізгі тізбекте немесе сақинада орналасқан көміртек атомдарын нөмірлеу.

а. Егер органикалық қосылыста ешқандай функцияналдық топ болмаса, негізгі тізбектегі көміртек атомын нөмірлеуді тармақталу қай жаққа жақын, сол жақтан бастау қажет:

b. Егер органикалық қосылыста бір немесе бірнеше фунцияналдық топ болса, негізгі тізбектегі көміртек атомын нөмірлеуді функцияналдық топ қай жаққа жақын, сол жақтан бастау қажет:

3. Негізгі тізбекпен байланысқан радикалдарды атау. Атау кезінде алдымен бірінші әріпі алфавиттің бас жағында орналасқан радикал аталады.

Радикалдарды атау

1. Негізгі тізбектегі қандай көміртек атомымен байланысқаны араб сандары арқылы көрсетіледі (Егер негізгі тізбекпен байланысқан бірдей бірнеше радикал болатын болса, барлығының орны араб сандарымен көрсетіледі);

2. Радикал аталады (Егер негізгі тізбекпен байланысқан бірдей бірнеше радикал болатын болса, олардың саны грек сандарымен көрсетіледі);

3. Сандар бір-бірінен үтірмен, ал сан мен сөз дефис арқылы ажыратылады;

а. Негізгі тізбекпен үш метил радикалымен байланысқан.

2,3,4-триметил

b. Негізгі тізбекпен үш радикал байланысқан: метил, этил және пропил. Алфавитте м бірінші, екінші п орналасқандықтан радикалдарды атау осы ретпен жүзеге асады:

3-метил-2-пропил-4-этил

4. Негізгі тізбекті атау. Сөздер бірге жазылады.

а. Негізгі тізбекте қанша көміртегі атомы болса соған сәйкес алканды атаймыз.

2,3,4-триметилгептан

b. Негізгі тізбекте қанша көміртегі атомы болса соған сәйкес алканнның атауына фунцияналдық топтың жұрнағын жалғаймыз және содан кейін барып, орнын көрсетеміз. Біздің жағдайымызда екі бірдей функцияналдық топ болғандықтан, олардың санын грек әдісімен көрсетеміз.

3-метил-2-пропил-4-этилгексадиен-1,4

Органикалық қосылыстың атауы арқылы құрылымдық формуласын құрастыру

а. 2,2,3-триметил-4-этилгексан

b. 3,5-диметил-4-этилгексанол-2

1. Негізгі тізбекті салу.

Формуланы құрастыру қосылыстың атауының соңынан басталады.

Екі қосылыста да негізгі тізбек гексан болғандықтан алты көміртек атомын саламыз:

2. Негізгі тізбектегі көміртек атомын нөмірлеу.

Нөмірлеу кез-келген жақтан басталады.

3. Негізгі тізбекке фунцияналдық топты орналастыру.

а. Функцияналдық топ жоқ.

b. Функцияналдық топты көрсетеміз.

4. Негізгі тізбекке радикалдарды орналастыру.

а. 2,2,3-триметил-4-этилгексан

b. 3,5-диметил-4-этилгексанол-2

Кең таралған функцияналдық топтар

Қосылыстар класы

Жалпы формуласы

Жұрнақ

Функцияналдық топ

Формуласы

Мысалдар

Атауы

Алкендер

СnH2n

-ен

=

қос байланыс

Бутен-2

Алкадиендер

СnH2n-2

-диен

=,=

екі қос байланыс

Бутадиен-1,3

Алкиндер

СnH2n-2

-ин

үш байланыс

Бутин-1

Арендер

СnH2n-6

бензол

бензол сақинасы

Метилбензол

Спирттер

СnH2n-m(ОН)m

-ол

-ОН

гидроксил тобы

Бутанол-2

Альдегидтер

СnH2nО

-аль

альдегид

Бутаналь

Кетондар

СnH2nО

-он

карбонил

Бутанон-2 немесе Метилэтилкетон

Карбон қышқылдары

R-COOH

қышқылы

-COOH

карбоксил

бутан қышқылы

Жай эфирлер

R1 – O – R2

эфирі

- O -

алкоксил

C2H5-O-C2H5

диэтил эфирі

Күрделі эфирлер

алкокси-карбонил

пропан қышқылының этил эфирі

Нитроқосылыстар

R-NO2

нитро-

-NO2

нитротоп

C4H9NO2

нитробутан

Аминдер

R-NH2

-амин

-NH2

амин тобы

C4H9NH2

бутиламин



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу