Изомерия. Химия, 11 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Изомерия

Сабақтың мақсаты:

-изомерия құбылысын түсіну;

-изомерлердің түрлерін атау және көміртек қаңқасы, еселі байланыстың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құру

Жетістік критерийлері

- изомерлердің түзілу мүмкіндігін түсінсе

-изомерлердің түрлерін атаса

-көміртек қаңқасы, еселі байланыстың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын ажырата алса

Берілген екі құрылымдық формулада

қандай ұқсастық пен өзгешелік бар деп ойлайсыздар?

- 0.5°C

- 11.7°C

Қайнау нүктелері

Құрылымдық изомерлер- құрамы бірдей, бірақ тізбектің

немесе сақинаның қүрылысы, қос немесе үш

байланыстың болуы, функционалдық топтар мен

радикалдар құрылысының өзгешелігіне байланысты

болатын изомерлер.

Стереоизомерлер- құрамы мен құрылысы бірдей, бірақ

атомдардың кеңістіктегі орналасу айырмашылығы бар

изомерлер.

 

Изомерлену түрлері

Құрылымдық изомерлену

Стереоизомерлену

Изомерлер молекулаларының құрамы (яғни молекулалық формулалары) бірдей, бірақ химиялық құрылыстары әр түрлі болғандықтан, қасиеттері де өзгеше заттар.

Изомерлену түрлері

Құрылымдық изомерлену

Стереоизомерлену

1 . Көміртек қаңқасы

2. Еселі байланыс орны

3. Орынбасушы немесе функционалдық топтың орны

4. Классаралық изомер

1. Геометриялық изомерлену

2. Оптикалық изомерлену

Изомерлену түрлері

Тапсырма: Берілген формулалардың ұқсастығы және айырмашылығы бар ма?

Жауабы: Кеңістікте әртүрлі орналасқан сияқты, бірақ хлор атомы екі жағдайда да бірінші көміртекпен байланысқан. Сондықтан екі формуламен берілген бір ғана заттың формуласы.

Құрылымдық изомер

Көміртек қаңқасының изомериясы молекуладағы атомдардың байланысу ретінің өзгеруі.

Көміртегі атомдары тізбектеле және тармақтала байланысқан

Химиялық қасиеттері ұқсас, ал физикалық қасиеттерінде өзгешелік

бар

Молекула құрылысы тармақталған сайын қайнау температурасы

төмендейді

1 2 3 4 1 2 3

а) CH3CH2 - CH2CH2 б) CH3 CH CH3

|

CH3

н-бутан изобутан

t қайнау =-0,50 C t қайнау = - 11.70 C

Орналасу жағдайының изомериясы – еселі байланыстың, орын басушының, функционалдық

топтың молекулада орналасу ретіне байланысты.

Еселі байланыстың орнына тәуелді изомерия

Көміртектік тізбектегі орын басушылардың, функционалдық топтың орнына тәуелді изомерия

                                                                       

Бутанон – 2

                                                                             

Бутаналь

Класаралық изомерия

Еселі байланыс орны және класаралық изомериясы

Изомерлердің саны

Молекуладағы көміртек атомы көп болған сайын изомерлерінің саны артады

Тапсырма. Мына берілген құрылымдық формулалары

бойынша заттардың қай изомер түріне жататынын анықтап аттарын атаңдар.

1.

2.

Тапсырма. Мына берілген құрылымдық формулалары

бойынша заттардың қай изомер түріне жататынын анықтап, аттарын атаңдар.

3.

4.

Тапсырма. Мына берілген құрылымдық формулалары

бойынша заттардың қай изомер түріне жататынын анықтап аттарын атаңдар.

еселі байланыстың орны

бойынша изомерлену

Пентен – 1 Пентен -2

көміртегі қаңқасы

бойынша изомерлену

2.

н-бутан 2-метилпропан

Тапсырма. Мына берілген құрылымдық формулалары

бойынша заттардың қай изомер түріне жататынын анықтап, аттарын атаңдар.

орынбасушы бойынша

изомерлену

1-хлорбутан 2-хлорбутан

класаралық изомерлену

этанол диметил эфирі

Геометриялық изомер

C=C қос байланыспен байланысқан көміртек атомдарының өз осі бойынша айналуы шектеулі .

дихлорэтен

ЦИС- және ТРАНС- изомерлер

Геометриялық изомер

Мына қосылыстардың қайсыларында

геометриялық изомерлері бола алады?

Әр түрлі атомдар /топтар байланысқан

Бірдей атомдар/топтар байланысқан

Бірдей атомдар/топтар байланысқ

Әр түрлі атомдар /топтар байланысқан

Геометриялық изомер

Мына қосылыстардың қайсыларында

геометриялық изомерлері бола алады?

Әр түрлі атомдар /топтар байланысқан

Бірдей атомдар

/топтар байланысқан

Бірдей атомдар

/топтар байланысқан

Әр түрлі атомдар /топтар байланысқан

Геометриялық изомері бола алады

Геометриялық изомері бола алады

C=C бір көміртегі атомына бірдей атомдар немесе топтар байланысса оның геометриялық изомері бола алмайды

Стереохимияның органикалық химиядағы орны

Қазіргі кезеңде стереохимия органикалық химияны оқыту барысында қажетті де ең маңызды бөлімі болып есептеледі.

Стереохимия термині (гректің stereos-кеңістік деген сөзінен шыққан) молекуланың кеңістіктік құрылысына тікелей қатысты. Ол кеңістіктегі молекулалар құрылысын (статикалық стереохимия),сондай-ақ осы молекула құрылысына зат қасиетінің әсерін (динамикалық стереохимия) зерттейтін сала болып табылады.Стереохимия органикалық қосылыстардың кеңістіктік құрылысын, олардың физикалық және химиялық қасиеттері мен байланыстарын зерттейді.Органикалық молекулалардың кеңістіктік құрылысы органикалық заттарды көрсететін биологиялық активтілігіне де қатты әсерін тигізеді.

Тіршіліктің жоғары дәрежесіндегі түрлерінің пайда болуы және дамуы, табиғаттағы оптикалық активті заттардың таралуына байланысты.

Оқушылар өздерінің тақырыпты түсінгендігін смайлдар арқылы көрсетеді

Ары қарай жылжуға дайынмын

Түсінем, бірақ барлығын емес

Түсінбеймін, тақырыпты қайта оқу керек



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?