Изомерия. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1A Органикалық химияға кіріспе. Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Изомерия | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.2.5 изомерлердің түрлерін атау және көміртек қаңқасы, еселі байланыстың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құру | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | -изомерлердің түрлерін атау және көміртек қаңқасы, еселі байланыстың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құру | ||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер: - изомерлердің түзілу мүмкіндігін түсінсе - қарапайым қосылыстар изомерлерінің құрылысын ажырата білсе, - қосылыстардың изомерлерін жаза алса, -изомерлердің түрлерін ажырата алса | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз - басқаларға түсіндіре отырып, көміртек атомының элекрондық құрылысы, изомерия құбылыстары сұрақтарына жауап бере алады, IUPAC номенклатурасына сәйкес органикалық қосылыстардың атауларын жазып алады Пәнге тән лексика мен терминология: изомерия, IUPAC номенклатурасы Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Изомерлер молекуланың бірдей санына ие, бірақ әртүрлі …. құрылымға ие. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| – Өзара сыйластық (Бір-бірінің ойын айту кезінде) – Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында) – Ашықтық (cұрақ қою және жауап беру кезінде өзін еркін ұстау) | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, геометрия | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, видеоматериал | ||||||||||
Бастапқы білім | 9.4А Органикалық химияға кіріспе 10.1A Атом құрылысы 10.1C Химиялық байланыс және зат құрылысы 10.4А Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-3 минут | Сабақ басында: - оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында «Өзіңе тілегенде досыңа тіле!» ойынын өткізу Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу Жетістік критериймен таныстыру арқылы сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтап алу | ||||||||||
Сабақтың ортасы 4-10 минут 11-21 минут 22-25минут 26-34 минут 35-43минут | (М) (Т) Тапсырма: Бутанның шарстержінді моделін құрастырыңыздар. Төмендегі үш құрылымдық формулада бутан болып табылады. Бұл бутанның тізбекті түрі, тек көміртек атомдарының байланыс аясында айналуы болып табылады. Бутанның тармақты түрін құрастырыныздар. Тізбекті түрімен тармақты түрлерін салыстырыңыздар: ұқсастық пен айырмашылығын табыңыздар. Қалай ойлайсыздар, бұл затардың қасиеттерінде айырмашылық болады ма? Бұндай заттар қалай аталады? (М) Оқушыларға «Изомерия», «изомер» түсініктерін және изомерияның әртүрлі түрлерін презентация арқылы түсіндіру. «Bilim Land» арқылы видеокөрсетілім көру: (Ж) Оқушылар көміртек тізбегінің изомериясының табиғатын түсініп, басқа қосылыстардың мысалы, пентанды көрсетуі керек. Қорытындылаңыздар. (Жж) Оқушыларға молекулалардың шарстерженді модельдерін тарату (мысалы, сутек молекулаларынан 8 дана, көміртек-3, оттек-1) және молекула моделін жасауды тапсыру. Тапсырма:С3Н8О – изомерлерін құрастыру Оқушылар әртүрлі молекулалар – пропил спиртін немесе метилэтилэфирін құрастырулары мүмкін. Неліктен бұлай шыққан талдау. «Құрылымы мен қасиеттері» арасындағы байланысқа назар аудару. Бұл мысалда функционалдық топтар және класаралық изомерия түрлері қарастырылады. Қалыптастырушы бағалау
| Шарөзекті модельдер Презентация https://bilimland.kz/ru/courses/chemistry-ru/organicheskaya-ximiya/obshie-temy-v-organicheskoi-ximii/lesson/strukturnaya-i-geometricheskaya-izomeriya | |||||||||
Сабақтың соңы 43-45 минут | Сабақ мақсатына, жетістік критерийлеріне қайта оралу. - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Үйге тапсырма: Гесканның С6Н14 мүмкін болатын барлық құрылымдық изомерлерін салыңыз | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Барлық оқушылар: құрылымдық формула құра біледі. Кейбір оқушылар: функционалдық топтар және класаралық изомерия түрлеріне басқа мысалдар келтіре алады. | Ой талқылар кезінде жауап беруіне; Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы. | Партада дұрыс отыруын, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуын қадағалау Топтық және жұптық жұмыс кезінде белсенді іс-әрекет түрлері | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?