А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі. Химия, 11 сынып, қосымша материал.
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы
(А.М. Бутлеров теориясы)
- Органикалық зат молекуласындағы атомдар ретсіз орналаспайды, олар өздерінің валенттіліктеріне сай белгілі бір ретпен байланысады.
Органикалық қосылыстарда әр элемент атомы өзінің валенттілігіне сәйкес белігілі бір тәртіппен қосылады. Органикалық қосылыстарда көміртегі атомы тек төрт валенттілікке ие, бірақ қосылыстарда -4 ÷ +4 аралығындағы барлық тотығу дәрежесін көрсетеді. Көміртек атомдары бір – бірімен және басқа атомдармен ортақ электрон жұптарын түзеді. Молекуладағы атомдардың өзара байланысу тәртібін көрсететін формуланы құрылымдық формула деп атайды.
Этил спиртінің құрылымдық формуласын салу
- Заттың қасиеті оның молекуласының құрамына қандай атомдардың қанша мөлшерде кіретіндігіне тәуелді болумен қатар молекуладағы атомдардың өзара байланысу ретіне (яғни, химиялық құрылысына) және атомдар мен атом топтарының өзара әсеріне де тәуелді болады.
Сандық және сапалық құрамы бірдей, бірақ қасиеттері әртүрлі заттардың болуын химиялық құрылыс теориясы түсіндіреді. Молекулалық формуласы бірдей С2Н6О болатын екі заттың құрылысы мен қасиеттерін салыстырайық. Диметил эфиріндегі оттегі атомы екі жағынан көміртегі атомдарымен байланысқан, ал сутек атомдарының барлығы сутек атомдарымен байланысқан:
көмтек және бір сутек атомдарымен байланысқан, ал сутек атомдарының бесеуі көміртек, ал біреуі оттек атомымен байланысқан. Бұл екі қосылыстың қасеттері әр түрлі. Диметилэфирі бөлме температурасында газ тәрізді, ал этил спирті сұйық зат. Екеуінің химиялық қасиеттері де өзгеше болады. Қосылыстардың құрамына кіретін атом және атом топтарының өзара әсері жеке тақырып ретінде қарастырылады.
- Заттың қасиеті арқылы оның молекулалық құрлысын анықтауға және керісінше оның молекуласының химиялық құрылысы бойынша заттың қасиетін болжауға болады.
Жоғарыда мысалда келтірілген молекулалық формуласы С2Н6О болатын қосылыс активтілігі жоғары металмен реакцияға түсіп сутегі газы бөлінген жағдайда, қосылыста бір сутегі атомының оттегімен байланысқанын білуге болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?