А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі. Химия, 11 сынып, презентация.
11.1 А А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі
Сабақ мақсаттары:
11.4.2.3 А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидаларын білу;
11.4.2.4 көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажырату;
Жетістік критерийлері:
- қалыпты және қозған күйдегі көміртегінің электрондық және графикалық формуласын дұрыс жазады;
- органикалық қосылыстарда көміртектің қанша валенттілік көрсететінін біледі;
- органикалық қосылыстардың молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формуласын ажыратады;
- органикалық қосылыстардың молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формуласын жазады;
Бақылау сұрақтары
1. Көміртектің электрондық конфигурациясын жазыңыз. Графикалық формуласын көрсетіңіз.
2. Қозған күйдегі көміртек атомының құрылысын көрсетіңіз.
3. Кез-келген органикалық қосылыс құрамындағы көміртек атомы қанша байланыс санын түзеді?
4. Органикалық қосылыстар құрамындағы көміртек атомы қандай байланыстар түзеді?
Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидалары
Органикалық зат молекуласындағы атомдар ретсіз орналаспайды, олар өздерінің валенттіліктеріне сай белгілі бір ретпен байланысады.
Органикалық қосылыстардағы төмендегі берілген элементтердің валенттілігін атаңыз:
Көміртек
Оттек
Сутек
Күкірт
Азот
Хлор
Вазопрессин
Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидалары
2. Заттың қасиеті оның молекуласының құрамына қандай атомдардың қанша мөлшерде кіретіндігіне тәуелді болумен қатар молекуладағы атомдардың өзара байланысу ретіне (яғни, химиялық құрылысына) және атомдар мен атом топтарының өзара әсеріне де тәуелді болады.
Жоғарыда берілген екі қосылыстың физикалық қасиеттерін құрылысына қарап болжаңыздар.
диметил эфирі
этанол
Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидалары
3. Заттың қасиеті арқылы оның молекулалық құрлысын анықтауға және керісінше оның молекуласының химиялық құрылысы бойынша заттың қасиетін болжауға болады.
Жоғарыда берілген екі қосылыстың қайсысы сілтілік металмен әрекеттеседі? Өз жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?