А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.1A Органикалық химияға кіріспе Орагникалық қосылыстардың құрылыс теориясы

Мектеп:

Қостанай қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

11 А, В, С, D

Қатысқандар саны:

А (...), В (…), С (…), D (...)

Қатыспағандар саны:

А (...), В (…), С (…), D (...)

Сабақ тақырыбы

11.1 А А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.4.2.3 А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидаларын білу;

11.4.2.4 көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажырату;

 Жетістік

 критерийлері

- қалыпты және қозған күйдегі көміртегінің электрондық және графикалық формуласын дұрыс жазады;

- органикалық қосылыстарда көміртектің қанша валенттілік көрсететінін біледі;

- органикалық қосылыстардың молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формуласын ажыратады;

- органикалық қосылыстардың молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формуласын жазады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Жазбаша және ауызша түрде шикі органикалық қосылыстардың құрылымын сипаттау

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық формула, функционалдық топ, гомологтық, алкил, изомерия, изомер, сигма-байланыс, пи-байланыс, қаныққан, алкан, алкен

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Эмпирикалық формула …білдіреді

Молекулалық формула … болып табылады

Жағылатын көмірсутекті отын… себебі болып табылады

Шикі мұнайды пайдалы химиялық заттарға ыдырату үшін

 Құндылықтарды

 дарыту

– Сыйластық (Бір-бірінің ойын айту кезінде)

– Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында)

– Ашықтық (сұрақтарды ұялматсан қою және оларға жауап беру)

Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу

Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу

АҚТ қолдану дағдылары

Сабақ презентациясы, бейнебаяндар,

Өмірмен байланыс

Органикалық қосылыстар және өмір (тірі ағзалар)

Пәнаралық байланыстар

Биология (тірі ағзалар), геометрия (3D модель салу)

Бастапқы білім

«Атомдардағы электрондардың қозғалысы», «көміртегі және оның қосылыстары», «қосылыстардың құрылымдары»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Ұйымдастыру сәті. Амандасу. Ынтымақтастыру атмосферасын құру.

Өткен тақырыпты қайталауға арналған бақылау сұрақтары.

1. Көміртектің электрондық конфигурациясын жазыңыз. Графикалық формуласын көрсетіңіз.

2. Қозған күйдегі көміртек атомының құрылысын көрсетіңіз.

3. Кез-келген органикалық қосылыс құрамындағы көміртек атомы қанша байланыс санын түзеді?

4. Органикалық қосылыстар құрамындағы көміртек атомы қандай байланыстар түзеді?

Алғашқы екі сұрақты тақтаға орындайды.

Презентация

1-3 слайд

Сабақтың ортасы

5-15 мин

16-25 мин

26-38 мин

 Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және жетістік критерийлерін анықтау.

 Қарастырылатын мақсат:

 11.4.2.3 А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидаларын білу;

 Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидаларымен танысу үшін оқушыларға ақпараттық парақты таратылып беріледі. Теориялық материялмен танысу үшін оқушыларға 6 минут уақыт беріңіз.

 Материалды оқып болғаннан кейін құрылыс теориясының негізгі қағидаларын тақтада оқушылармен бірге талқылап, сұрақтарға жауап беру.

 Қарастырылатын мақсат:

 11.4.2.4 көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажырату;

 Бейнебаян: Эмпирикалық, молекулалық және жалпы формула (2:12 мин)

 Сілтеме: https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/organikalyq-ximiya/komirsutekterding-funkczionaldyq-tuyndylary/lesson/organikalyq-qosylystardyng-ximiyalyq-qurylys-teoriyasy

 Көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын этан қышқылының мысалында тақтаға түсіндіру. Егер оқушылар тақырыпты жеңіл түсініп, қосымша уақыт қалған жағдайда электрондық, графикалық және кеңістіктік формулаларын түсіндіруге болады.

 Органикалық заттардың химиялық формулалары

 Химиялық формула — химиялық жеке заттар молекуласының құрамын химиялық таңба және сан арқылы белгілеу. Химиялық формула молекуланың сапалық және сандық құрамын көрсетеді. Органикалық заттардың химиялық формулаларын жазудың бірнеше түрі бар:

  •  Органикалық заттың қарапайым формуласы (эмпирикалық формула) – сол органикалық заттың құрамындағы атомдар қатынасы ең кіші бүтін санмен берілген формула. Мысалы, органикалық зат 2 көміртегі, 4 сутегі және 2 оттегі атомдарынан тұрады десек, онда оның қарапайым формуласы төмендегідей анықталады:
  •  Органикалық заттың құрамына кіретін (AxByCz) элементтердің индекстері (x,y,z) анықталады. Мысалыға алған органикалық заттың құрамына 2 көміртегі, 4 сутегі және 2 оттегі атомдары бар, сәйкесінше индекстері С2Н4О2
  •  Органикалық заттың құрамына кіретін (AxByCz) элементтердің индекстерінің (x,y,z) ең кіші қатынасы анықталады. Құрамына хА, уВ және zС атомы кіретін органикалық затта, ең аз С элементі болсын делік, онда индекстердің қатынасы төмендегідей анықталады:

x:y:z =

 Мысалы, С2Н4О2 қарапайым формуласы: CH2O (x:y:z = =1:2:1)

  •  Молекулалық формула (брутто формула) – молекула құрамында әрбір элементтен неше атом бар екенін дәл көрсететін формула, бірақ молекуланың құрлысын көрсетпейді. Мысалы, органикалық зат 2 көміртегі, 4 сутегі және 2 оттегі атомдарынан тұрады десек, онда оның молекулалық формуласы (брутто формуласы) - С2Н4О2;
  •  Роционалды формула – молекуланың құрамына кіретін, белгілі бір классқа жататындығын көрсететін, функционалдық топтың көрсетілуі арқылы жазылған формула. Мысалы, молекулалық формуласы - С2Н4О2 болатын органикалық зат карбон қышқылдары классына жатады делік, онда карбон қышқылдары классының функционалдық тобы –СООН, онда молекулалық формуласы - С2Н4О2 болатын органикалық заттың роционалды формуласы СН3СООН.
  •  Құрылымдық формула – молекуланың құрамына кіретін элементтердің жазықтықа қалай орналасатындығын көрсететін формула. Мысалы, роционалды формуласы СН3СООН болатын органикалық заттың құрылымдық формуласы төмендегідей жазылады:

 Мұнда барлық элементтер өздерінің валенттілігін сақтап, органикалық заттардың құрлыс теориясына бағыныпорналасқан.

 Тақырып бойынша толық мәлімет Қосымша 2 берілген. Бұл ақпаратты оқушыларға оқуға үй тапсырмасы ретінде беруге болады.

Оқушылардың алған білімін бекіту үшін қосымша 3 берілген қалған тапсырмаларды орындайды.

Қосымша 1

4-6 слайд

Бейнебаян 1

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

39-40 мин

Кері байланыс. Қойылған мақсаттар мен критерийлерге оралу.

Үй жұмысы

Теориялық ақпаратты қайталау.

Қосымша 1,2

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы: - көміртектің электрондық құрылысын, көміртек түзе алатын байланыстар саны мен бұл байланыстардың коваленттік қасиеттерін қайталайды

- көптеген органикалық қосылыстар тірі ағзаларға маңызды болатынын біледі

Көбісі: - органикалық қосылыстардың құрылымдық, электрондық формулаларын құрастырады

- оқушылар білетін бейорганикалық қосылыстардың органикалық қосылыстардан айырмашылықтарын біледі

Кейбіреулері: - органикалық қосылыстардың қаңқалық формулаларын үшөлшемді сурет ретінде құрастырады

Бекітуге арналған тапсырмаларды тексере отырып, оқушылардың қаншалықты жаңа ақпаратты игергенін қадағалайды.

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережелер

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?