Изомерия және гомологтық қатар. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 11.1A Органикалық химияға кіріспе Орагникалық қосылыстардың құрылыс теориясы | Мектеп: | Қостанай қ. ФМБ НЗМ | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: | 11 А, В, С, D | Қатысқандар саны: А (...), В (…), С (…), D (...) | Қатыспағандар саны: А (...), В (…), С (…), D (...) | ||||
Сабақ тақырыбы | Изомерия және гомологтық қатар | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 11.4.2.5 изомерлердің түрлерін атау және көміртек қаңқасы, еселі байланыстың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құру | ||||||
Жетістік критерийлері | - гомологтың қатардың әрбір мүшесі алдыңғыдан қалай өзгешеленетінін дұрыс анықтай алады; - берілген гомолоктық қатар үшін жалпы формуланы дұрыс құрастыра алады; - қосылыстардың изомерлерін құрастыра алады; - изомерлердің гомологтардан айырмашылығын біледі; | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Жазбаша және ауызша түрде шикі органикалық қосылыстардың құрылымын сипаттау Пәнге қатысты лексика мен терминология Эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық формула, функционалдық топ, гомологтық, алкил, изомерия, изомер, сигма-байланыс, пи-байланыс, қаныққан, алкан, алкен Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Эмпирикалық формула …білдіреді Молекулалық формула … болып табылады Жағылатын көмірсутекті отын… себебі болып табылады Шикі мұнайды пайдалы химиялық заттарға ыдырату үшін … | ||||||
Құндылықтарды дарыту | – Сыйластық (Бір-бірінің ойын айту кезінде) – Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында) – Ашықтық (сұрақтарды ұялматсан қою және оларға жауап беру) | ||||||
Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу | Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу | ||||||
АҚТ қолдану дағдылары | Сабақ презентациясы, бейнебаяндар, | ||||||
Өмірмен байланыс | Органикалық қосылыстар және өмір (тірі ағзалар) | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология (тірі ағзалар), геометрия (3D модель салу) | ||||||
Бастапқы білім | «Атомдардағы электрондардың қозғалысы», «көміртегі және оның қосылыстары», «қосылыстардың құрылымдары» | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-2 мин | Ұйымдастыру сәті. Амандасу. Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және жетістік критерийлерін анықтау. | Презентация | |||||
Сабақтың ортасы 3-20 мин 21-38 мин | Гомологтық қатардың түзілуі Оқу мақсаты: - гомологтық қатардың түзілуін түсіну Бейнебаян: Алкандардың гомологтық қатары (35 сек) – 3 бет Бейнебаянды көріп болғаннан кейін оқушылар жаңа сабақты түсіну үшін, ақпараттық парақтан «Гомологтық қатар» тақырыбын оқиды (немесе мұғалім жаңа тақырыпты қысқаша түсіндіріп кетуі қажет). Теориялық ақпартпен танысып болғаннан кейін оқушылар қалыптастырушы бағалауды орындайды. Бейнебаян: Изомерия (1,22 мин) Сілтеме:https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/organikalyq-ximiya/organikalyq-ximiyanyng-negizgi-taraulary/lesson/alkandardyng-izomeriyasy Бейнебаянды көріп болғаннан кейін оқушылар жаңа тақырыпты түсіну үшін «Изомерлер» тақырыбын оқиды. Теориямен танысып болғаннан кейін, оқушылармен бірге тақтаға гептаның, С7Н16 мүмкін болатын барлық изомерлерін құрастырыңыз. Изомерлер тақырыбын қарастырып болғаннан кейін осы тақырып бойынша презентацияда берілген тапсырманы дәптерге орындайды. Оқу мақсаттары: 11.4.2.5 изомерлердің түрлерін атау және көміртек қаңқасы, еселі байланыстың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құру Жетістік критерийлері: - Қосылыстардың изомерлерін құрастыра алады; - Изомерлердің гомологтардан айырмашылығын біледі; 1. Құрамы С5Н12, С5Н11Сl және С5Н11ОН болатын үш қосылыстың мүмкін болатын барлық изомерлерінің құрылымдық формуласын салыңыз. | Қосымша 1 Қосымша 2 Бейнебаян 1 3 слайд | |||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | Сабақ қорытындысы. Кері байланыс. Рефлексия. Пирамида «Пирамида» Оқушыларға үш бөліктен тұратын пирамидаларды үлестіру (сұрақтарын кірістіруге болады немесе сұрақтарды тақтаға шығарып ұсынуға болады). Өтілген сабақ бойынша оқушылар келесі тұжырымдарды аяқтауы қажет:
| ||||||
Үй жұмысы | Теориялық ақпаратты қайталау. | Қосымша 1,2 | |||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Барлығы: - гомология құбылысын түсіну Көбісі: - изомерия құбылысын түсіну Кейбіреулері: - изомерлердің формулаларын дұрыс құрастыра алу | Бекітуге арналған тапсырмаларды тексере отырып, оқушылардың қаншалықты жаңа ақпаратты игергенін қадағалайды. | Химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережелер | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?