Озон қабатының бұзылуы. Химия, 11 сынып, презентация.


Бұл суретте қандай өзгерістер байқалып тұр?

Озон қабатының бұзылуы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

2020

Оқу мақсаты:

11.4.1.3 озон қабатының бұзылу себебін оқу

СТАРТЕР

Озон қабаты қайда орналасқан?

Озонды оқу неліктен маңызды?

Озон қабаты қайда орналасқан?

Озон қабаты — 22—25 км биіктіктегі үш атомдық оттегі шоғырланған атмосфера қабаты. Мұнда озон аз мөлшерде кездессе де, жердегі тіршілік үшін оның маңызы өте зор. Үйткені барлық организмдерді өлтіріп жіберетін Күн көзінің ультракүлгін сәулесін озон өзіне сіңіріп алады.

Озон элементтің өзара байланысқан үш атомынан тұратын оттегінің ерекше формасыO3. Озон қабаты УК-B ретінде танымал зиянды, әрі жоғары жиіліктегі ультракүлгін сәулелердің 97-99% жұтады.

Озон атмосферадағы газдың аз мөлшерін құрағанымен, адамдарды және басқа да тіршілікті УК-B сәулелерден қорғап, өмірлік маңызы бар рөл атқарады. УК-B сәулелердің әсері адамдарда тері ісігі ауруын туғызады, ал ауыл шаруашылығында дақылдарды зақымдайды және мұхит экожүйесінде фитопланктондар санын азайтады.

Definition

CFC дегеніміз не?

Озон қабатын бұзатын қосылыстарға хлорфторкөміртегілер (ХФК), көміртегі тетрахлориді, метилхлороформ, галондар, гидрохлорфторкөміртегілер (ГХФК), гидробромфторкөміртегілер (ГБФУ) және метилбромид жатады. Озон қабаты полярлық аймақтарда, әсіресе Антарктикада өте жұқа болып келеді және бұл "тесік" қыста үлкейеді.

Олар аэрозоль спрейлерін жасауда, тоңазытқыштар мен кондиционерлерді іске қосуда, пенопласт өндірісінде және кейбір еріткіш тазалаушы сұйықтықтарда қолданылады. Антарктика үстіндегі озон тесігін 1985 жылы ағылшын ғалымдары Джозеф Фарман, Брайан Гардинер және Джонатан Шанклин анықтаған. Аустралия секілді елдерде халықты УК сәулелерден қорғау шаралары жүргізілген.

CFCs

Топтық жұмыс

Оқушылар флипчарттарға келесі сұрақтарға жауап беру арқылы озон қабатының бұзылу диаграммасын салады:

- Озон қабаты дегеніміз не?

- Оның бұзылуына не әсер етеді?

- Озон қабатының бұзылуы не себептен туындап отыр?

Келесі суреттер мен кілт сөздерді қолдану арқылы сөйлемдер құрыңыздар : озон, озон қабаты, ФХК (фторхлорлы көміртек), хлор радикалы, сатылы реакция, күн күйегі, ультракүлгін сәуле



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?