Жердің озон қабатының бұзылуы. Химия, 11 сынып, қосымша материал 4.


ОзонO3 – молекуласы оттектің үш атомынан тұратын, көгілдір түсті, өзіне тән өткір иісі бар газ.

Озон молекуласы ультракүлгін сәулелерінің әсерінен ыдыраған оттек атомдарының басқа оттек молекулаларына қосылуынан түзіледі.

 Сонымен қатар озон электр разрядтар салдарынан найзағай ойнаған кезде және қарағай мен балдырларда шайырдың тотығуы кезінде түзіледі.

O2

УКсәуле

2OO2 + O O3

3O2  2O3

 Тропосфералық озон метан және көміртек диоксиді сияқты зиянды химиялық қосылыстарды қоршаған ортаға зияны жоқ қосылыстарға айналдырады. Озонның химиялық белсенділігі су мен ауаны әртүрлі бактериялардан тазалауда кеңінен қолданылады.

Озон қабаты — 22—25 км биіктіктегі үш атомдық оттегі шоғырланған атмосфера қабаты. Мұнда озон аз мөлшерде кездессе де, жердегі тіршілік үшін оның маңызы өте зор. Үйткені барлық организмдерді өлтіріп жіберетін Күн көзінің ультракүлгін сәулесін озон өзіне сіңіріп алады.

 Озон – элементтің өзара байланысқан үш атомынан тұратын оттегінің ерекше формасыO3. Озон қабаты УК-B ретінде танымал зиянды, әрі жоғары жиіліктегі ультракүлгін сәулелердің 97-99% жұтады.

 Озон атмосферадағы газдың аз мөлшерін құрағанымен, адамдарды және басқа да тіршілікті УК-B сәулелерден қорғап, өмірлік маңызы бар рөл атқарады. УК-B сәулелердің әсері адамдарда тері ісігі ауруын туғызады, ал ауыл шаруашылығында дақылдарды зақымдайды және мұхит экожүйесінде фитопланктондар санын азайтады.

 CFC дегеніміз не?

 

 Озон қабатын бұзатын қосылыстарға хлорфторкөміртегілер (ХФК), көміртегі тетрахлориді, метилхлороформ, галондар, гидрохлорфторкөміртегілер(ГХФК), гидробромфторкөміртегілер (ГБФУ) және метилбромид жатады. Озон қабаты полярлық аймақтарда, әсіресе Антарктикада өте жұқа болып келеді және бұл "тесік" қыста үлкейеді.

 Олар аэрозоль спрейлерін жасауда, тоңазытқыштар мен кондиционерлерді іске қосуда, пенопласт өндірісінде және кейбір еріткіш тазалаушы сұйықтықтарда қолданылады. Антарктика үстіндегі озон тесігін 1985 жылы ағылшын ғалымдары Джозеф Фарман, Брайан Гардинер және Джонатан Шанклин анықтаған. Аустралия секілді елдерде халықты УК сәулелерден қорғау шаралары жүргізілген.

Озон қабатының жұқаруының себептері мен зардабы

Адамдар шашқа арналған лак, дезодорант және күнделікті тұрмыста тоңазытқыш пен ауа салқындатқыштарды пайдаланады. Ал дәл осы заттар озон қабатының жұқаруының негізгі себептері болып саналады. Осы заттардың құрамында болатын фреон күн радиациясының әсерінен озонды ыдырататын хлорды бөледі. Нәтижесінде ультракүлгін сәулелердің деңгейі көтеріліп, терінің қатерлі ісік аурулары артады, тірі ағзалардың иммундық жүйесі мен өсімдік жасушалары бұзылады. Озон қабатының жұқаруы климаттың өзгеруіне әкеледі. Климат өзгеруі салдарынан құрғақшылық, азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?